Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Алимбетова Майра Жалмұханбетқызы 1952 жылы 16 шілдеде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 1978 жылы Москва қаласындағы Щепкин атындағы Жоғары театр училищесін бітірген соң, Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің жолдамасымен 1978-1981 жылдары Торғай облыстық драма театрында актриса қызметін атқарған.

1981 жылдан бастап Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актриса қызметін үзіліссіз атқарып келеді. М.Алимбетова кәсіби тұрғыда мейлінше толысып, шыңдалған, өзі сомдаған рольдерді аса сәтті де тартымды шығарып, театртанушылар мен көрермендер тарапынан лайықты бағасын алып, талай биіктерден көрінген дарынды актриса.

М.Алимбетованың соңғы жылдары:

- С.Сматаев пен Т.Теменовтің «Көгілдір таксиіндегі» - Мариям;

- И.Содиковтың «Әпендінің бес қатынындағы» - Фатима;

- Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында» - Ана;

- Б.Соқпақбаевтың «Қожанасыр келе жатырындағы» – Ана;

- М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досындағы» - Ешкі;

- Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегіндегі» - Алима;

- С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркегіндегі» - Розабану;

- Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарындағы» - Ана;

- Б.Бекжановтың «Айша бибісінде» - Гүлханның тәлімгері – Шербет;

- Б.Жакиевтің «Жүрейікші, жүрек ауыртпай!» трагикомедиясында - Сыпайы кемпір және тағы басқа бірқатар шығырмаларда негізгі рольдерді сомдап келеді.

М.Алимбетова, сондай-ақ, тағы басқа бірқатар шығармаларға көпшілік сахнасындағы рольдерді орындауға қатысты.

М.Алимбетова 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин уақытында бірқатар онлайн іс-шараларға белсенді ат салысты.

М.Алимбетова ұзақ жылдардан бері Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының мүшесі, әрі Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті ретінде, актрисалық өнерімен және шығармашылық жұмыстарымен қатар, оқытушылық қызметпен де айналысып, театр өнері саласына шәкірт тәрбиелеуді негізгі қызметімен ұштастыра атқарып келе жатқан ұлағатты ұстаз.

М.Алимбетова Қазақстан Театр қайраткерлері одағының және театрдың Ардагерлер кеңесінің белді мүшесі ретінде кейінгі буын жас артистерге үлгі-өнеге көрсетіп, тәжірибесімен бөлісуге, сондай-ақ, театрдың жаңа қойылымдарын талдап, талқылауға, қоғамдық жұмыстарға аса белсенді ат салысады.

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Жамбыл облысы әкімінің «Тараз рухы» сыйлығының лауреаты, М.Алимбетова 2019 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, олармен қатар, облыс және басқарма басшылығының Құрмет Грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталды.

Отбасылы, балалары мен немерелерінің өнегелі анасы.