Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Ахмет Әнәпия Төлегенұлы 1954 жылы 20 қаңтарда Қызылорда облысы Жаңақазалы ауылында дүниеге келген.  Білімі орта арнаулы. 1976  жылы Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы Академиялық драма театры жанындағы 2 жылдық театр студиясын «Актерлық өнер»   мамандығы бойынша бітірген.

1979-1990 жылдары аралығында Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы драма театрында актерлық қызмет атқарды. 1990 жылдан бері Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актер.

Ол  өзінің актерлық ізденісі мен талабының  жемісі ретінде көптеген режиссерлердің  назарына ілігіп,  әр жанрдағы спектакльдерде басты ролдерде ойнау мәртебесіне  ие болып келеді

Соңғы жылдары театр репертуарындағы

- М.Шахановтың «Танакөзінде» Қоғамбай;

- М.Байджиевтің«Тіл табысқандарда» Мухамбет;

- И.Содиковтің «Әпендінің бес қатынында» Гулям;

- О.Әубәкіров пен А.Наймантаевтың «Ңөңінде» Шал;

- У.Шекспирдің«Отеллосында» - 2-ші сенатор;

- Н.Оразалиннің «Қилы заманында» - дәрігер Фонов;

- А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - ауыл қариясы;

- Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында»  және т.б. бірқатар қойылымдарда көпшілік сахнасы рольдерінде ойнады.

М.Шахановтың «Танакөзінде» Қоғамбай, М.Байджиевтің «Тіл табысқандарда» Мухамбет, И.Содиковтің «Әпендінің бес қатынында» Гулям, О.Әубәкіров пен А.Наймантаевтың «Ңөңінде» Шал, У.Шекспирдің «Отеллосында» - 2-ші сенатор,  Н.Оразалиннің «Қилы заманында» - дәрігер Фонов, А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - ауыл қариясы, «Жаңа жыл-2018» Шырша мерекесінде – Аяз ата,  Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында»  және т.б. бірқатар қойылымдарда көпшілік сахнасы  рольдерінде ойнап көрермендердің  ыстық ықыласына  бөленді.

Ә.Ахметтің  ұлттық театр өнеріне сіңірген еңбегі бағаланып, бірқатар спектакльдерде сомдаған рольдері үшін республикалық және халықаралық театр фестивальдерінде жүлделі орындарға ие болды. 

Әр жылдары  Жамбыл облысы әкімдігінің, өзінің туған жері - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің, Жамбыл облыстық кәсіподақ комитетінің, областық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, ҚР Театр қайраткерлері одағының,  театр басшылығының  Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды.

ҚР «Мәдениет саласының үздігі» белгісінің иегері. Қазақстан Республиткасы Театр қайраткерлері одағының мүшесі.