Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Атымтаева Айжан Байырбекқызы 1963 жылы 18 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Көмешбұлақ ауылында дүниеге келген. 

Білімі – арнайы орта. 1986 Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театры жанындағы театр студиясында оқып, «Драма және кино актері» мамандығы бойынша бітірді.

1986 жылдан Жамбыл облыстық қазақ драма театрына актриса болып қабылданып, осы күнге дейін қызмет етіп келеді.

А.Атымтаеваның  үлкен ізденіс пен  талпыныс  үстінде жасаған образдары мен актерлық  шеберлігі өнертанушылар мен  театр сыншылары тарапынан сан мәрте    мойындалып, лайықты бағасын алған.

Ол, соңғы жылдары театр репертуарындағы:

М.Байжиевтің «Тіл табысқандарында» Сүйімхан;

И.Содиковтің «Әпендінің бес қатынында» Зүбайра;

И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» сыған әйел;

Ш.Айтматовтың «Ана-Жер анасында» төзімді әйел;

М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досында» - Қой;

Ә.Файзуллаұлының «Алтын адамында» - Құс;

Н.Оразалиннің «Қилы заманында» - Әйел;

А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - Ана;

Ә.Әмзеұлының «Қор болған Қодар-айында!» Ана және тағы басқа қойылымдарда бекітілген рольдерді сомдады.

А.Атымтаева, сондай-ақ, тағы басқа да қойылымдарда көпшілік сахнасы бейнелерін шебер сомдап, көрермендер көзайымына айналып келе жатқан актриса.

А.Атымтаева өзінің драматургтік қырынан да танылған өнер иесі. Оның қаламгерлік қабілетінен туған  «Қыз қасқыр» ертегі-аңызы,  балаларға арналған «Кім патша», «Жаңғырған жаңа күн» ертегілері  жас көрермендерге ерекше әсер беріп, сахнада ұзақ уақыт қойылған қойылымдар.  

А.Атымтаева 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин уақытында бірқатар онлайн іс-шараларға белсенді ат салысты.

Театрдың Ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға белсенді ат салысады. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының белді мүшесі.

Айжан Атымтаева көп балала ана. Мемлекет басшысының Жарлығымен «Алтын алқа» белгісімен марпатталған.

А.Атымтаеваның  театр өнеріне сіңірген еңбегі бағаланып, соңғы жылдары  «Мәдениет саласының үздігі» белгісімен, сондай-ақ, бірнеше Құрмет грамоталармен, Алғыс хаттармен марапатталды.