Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Алтыбаева Анар Анатолийқызы 1975 жылы 1 қарашада  Алматы  қаласында  дүниеге келген.  Ұлты – қазақ, білімі  - жоғары.

2000 жылы Т.Жүргенов атындағы Ұлттық  Өнер Академиясын «Актер өнері» мамандығы бойынша бітірген.

Өнер Академиясын бітірген соң, 2015 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық С.Мұқанов атындағы драма театрда актриса болып еңбек еткен.            Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2015 жылдың басынан бері актриса қызметін атқарып келеді.

Жамбыл театрында сахнаға шығарған алғашқы рөлі – Д.Исабековтің  «Тыныштық күзетшісі» драмасындағы ауылдық кеңес төрайымы Ардақ  бейнесі.

А.Алтыбаева соңғы жылдары театр репертуарында:

Атап айтқанда, ол 2020 жылдан бері:

- А.Бекбосынұлының «Домалақ ене» символикалық драмасында Рухия ролінде;

- Б.Айдарбековтың «Тағдыр тәлкегі» драмасында Алима ролінде;

- Ә.Әмзеұлының «Қор болған Қодар-ай!» фантасмогориясында Баян-Валентина Қисыновна  ролінде;

 - М.Байғұттың «Асқаровтың аққайындары» драмасында Ана  ролінде;

 - Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Гүлшара (полиция)  ролінде;

- Б.Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанында  Бедре ханым  ролінде;

- Ш.Мұртазаның «Тұрар. Сталинге хат» реквиемінде – Арифа;

- У.Шекспирдің «Гамлетінде»  – Актриса;

- И.Ғайыптың  «Жамбылдың қызыл жолбарысында»Ұлдан;

- Г.Хугаевтің  «Қара шекпенінде»  – Қоян;

- С.Құдайбергеннің  «Періште қонған үйінде»  – Хадиша апай;

- Қ.Мұраттың  «Мұғалімінде»  – Райса Заманбековна;

- М.Ақүрпековтің «Жақсы шәкірт» ертегісінде Жұмысшы құмырсқа ролінде өнер көретіп келеді.

 А.Алтыбаева - актерлік шеберлігін шыңдау үшін тұрақты  ізденіс жасап жүретін еңбекқор  актриса. Әріптестерінің ортасында  өзіндік лайықты  орны бар өнер иесі. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады.  Отбасында 1 қыз тәрбиелеуде.

Әр жылдары сомдаған рольдері және мәдени-көпшілік шараларға тұрақты қатысқаны үшін жергілікті басқару органдары мен  театр басшылығы тарапынан бірнеше рет Алғыс хаттарға,  Грамоталарға ие болған. Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет департаментінің «Дарын» сыйлығымен және арнайы дипломымен марапатталған. ІХ-Республикалық театр фестивалінде «Фестиваль аруы» аталымына ие болған. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.

2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыс әкімінің Алғыс хатымен  және Қ.Байсейітов  пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» комедиясындағы  Гүлшара образын  аса  шебер  орындағаны үшін  «Ең үздік әйел адам бейнесі» номинациясымен марапатталған.