Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Құлтаева Жадра  Қазбекқызы 1985 жылы 27 қазанда  Жамбыл облысы Жамбыл ауданы  Пригородное ауылында дүниеге келген.

2006 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлектеттік университеті жанындағы  көпсалалы  колледждің  актерлік өнер бөлімін, 2016 жылы Бішкек қаласындағы Бишеналиев атындағы өнер университетін сырттай оқып бітірген.

 Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2006 жылдан бері  актриса болып қызмет атқарады.

Ж.Құлтаева  –  өзіне   тапсырылған   рольдерді сомдау үшін үнемі зор ізденімпаздықпен жұмыс жасап,   актрисалық   шеберлігін  жылдан-жылға арттырып, жетілдіру үстіндегі  талантты өнер иесі.

Ж.Құлтаева соңғы жылдары театр репертуарында:

- А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» – Нүрилә;

-  И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» – Сағыныш;

-  С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркегінде» – Сылқым әйел;

- Қ.Қасымовтың «Қыз Жібегінде» - Жеңге;

- Б.Бекжановтың «Айша бибі»махаббат  дастанында Бабаджа хатунды;

- Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері -Ақтоқтысында» Мәрзия;

- Ш.Мұртазаның «Тұрар. Сталинге хатында» Түйметай;

- Қ.Қасымовтың «Желсіз түнде жарық ай» композициялық қойылымында Татьяна;

- Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу,қыздар-ай» комедиясында Күнсұлу;

- Иран Ғайыптың «Жамбылдың қызыл жолбарысында»Ұлдан;

- С.Құдайбергеннің «Періште қонған үй»драмасында Жұмагүл;

- С.Құдайбергеннің «Періште қонған үй» драмасында Ларраның  шешесі;

- Қ.Қасымовтың «Шер-Хан»  драма-элегиясында Айша;

-С.Пірмановтың «Ұлт ұстазы» символикалық композициясында А.Байтұрсыновтың анасы образдарын жоғары деңгейде  сомдап келе жатқан  талантты сахна  саңлағы.

Ж.Құлтаева, сондай-ақ, театр репертуарындағы көптеген қойылымдарда көпшілік сахнасында өнер көрсетеді, балаларға арналған ертегі қойылымдарында негізгі рольдерде ойнайды.

Театрдың қоғамдық жұмыстарына және облыстық, қалалық мәдени-көпшілік іс-шараларға тұрақты түрде белсенді ат салысады.

Сахна өнеріндегі жоғары шеберліктері үшін «Ең үздік әйел бейнесін  жасағаны үшін» ҚР Еңбек сіңірген артисі Г.Батырғалиева атындағы номинация бойынша үздік танылып, арнайы дипломмен және ескерткіш сыйлықпен,  Мұхтар Шахановтың  «Танакөз» драмасындағы Танакөз ролін  жоғары шеберлікпен ойнағаны үшін  «Актерлық шеберлік» номинациясы бойынша үздік танылып,  арнайы дипломмен  және ескерткіш сыйлықпен марапатталған.

2022 жылы Халықаралық театр күніне орай «Періште қонған үй» драмасындағы  Жұмагүл  образын  аса шебер сомдағаны үшін «Ең үздік эпизодтағы әйел адам бейнесі»    номинациясы дипломымен және арнайы сыйлықпен марапатталды.

Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Мәдениет басқармасының, театр басшылығының Құрмет грамоталарымен марапатталған.