Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Мұстафаева Индира Абсаматқызы  1986 жылы 28 қазанда  Тараз қаласында дүниеге келген.

Білімі -жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мәдени тынығу» және ТарГУ жанындағы көпсалалы колледжді «Актер өнері» мамандығы бойынша бітірген.  

2016 жылдың 4 сәуірінен бері Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актриса болып қызмет етеді. 

Индира Мустафаева театрдағы  актрисалық жолында көптеген қойылымдарда басты және негізгі  рольдерді сомдап, жоғары актрисалық шеберлігімен танылып келе жатқан өнер иесі.

И.Мұстафаева соңғы жылдары бірқатар қойылымдарда басты, негізгі және көпшілік сахна рольдерін орындады:

-И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» - Сыған әйел;

-Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірігінде» - Жас  бие, Ана бие;

-М.Ақүрпековтің «Жақсы шәкіртінде» - Құмырсқа,

-М.Томанов пен Ахмановтың «Екі досында» -  Қой;

-С.Пірмановтің «Алтын жұмыртқасында»  - Бақ құсы;

-С.Пірмановтің «Ақ күшіктің туған күнінде» - Тауық;

-Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов. «Беу, қыздар-ай!» - Жансұлу;

-М.Байғұттың «Асқаровтың ақ қайыңдарында» - Фатима;

-С.Мұқышевтің «Апандағы адамдарында» - Айым;

-Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтыда» - Мәрзия;

-Б.Есеналиевтің «Таң сырында» - Қыз;

-Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» - Сайра;

-Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» - 2қыз;

-Ш.Мұртазаның «Тұрар. Сталинге хатында» - Әзиза;

-Б.Бекжановтың «Айша бибісінде» - Бедре  ханымды;

-Иран  Ғайыптың «Жамбылдың  қызыл  жолбарысында»-Айкүмісті;

-Қ.Мұраттың «Мұғалімде»  Айдана Айдарбекқызы;

-С.Құдайбергеннің «Періште  қонған үйде» Айман Бахытовна;

-Қ.Қасымовтың «Шер-Хан» драма-элегиясында Айша ана ролін

және тағы басқа көптеген қойылымдарда көпшілік сахнасы рольдерін орындады.

Ол 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин кезінде онлайн форматтағы бірқатар іс-шараларға белсенді ат салысты. Аға буын өнер иелерін ұстаз тұтып, олардан актерлік техниканың әр алуан элементтерін үйренуден жалықпайды.

Индира Мустафаеваның актрисалық  шеберлігін  арттыруда  ынта- қабілеті зор.Тапсырмалар мен жүктемелерді және берілген рольдерді орындауда біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мол өнер иесі. Үнемі ізденісте жүретін еңбекқор  актриса. Әріптестерінің ортасында  өзіндік орны бар дарынды  актриса. Отбасында балаларына  өнегелі тәлім-тәрбие беріп отырған ұлағатты ана.

Актриса  И.Мұстафаева  Қазақстан Театр қайраткерлері одағының және театрдың кәсіподақ ұйымының  белді мүшесі ретінде барлық қоғамдық жұмыстардың бел ортасында  жүреді.

2021 жылы театр актрисасы Мұстафаева Индира Абсаматқызы театр репертуарындағы қойылымдарда негізгі және басты рольдерді шебер сомдағаны үшін «Жыл  актрисасы» номинациясы дипломымен марапатталды.

Мәдениет пен өнер саласын дамытудағы  белсенді  еңбектері үшін  театр және Басқарма тарапынан Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарына ие  болған.