Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Қылышбаева Ризат Жамбылқызы 1988 жылы 14 қаңтарда  Қызылорда  қаласында  дүниеге келген.  Ұлты – қазақ, білімі  - жоғары.

Орта мектепті бітірген соң,  2006 жылы Қазақ Ұлттық Өнер университетіне  оқуға түсіп,  оны «Актерлық өнер, драма театр  және  кино актері» мамандығы бойынша бітірген.

2010-2014 жылдары  Ш.Құсайынов  атындағы  Ақмола облыстық  қазақ музыкалық драма театрында  актриса болып қызмет  істеген.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2014 жылдың қыркүйек айынан бері актриса қызметін атқарып келеді. Жамбыл театрында сахнаға шығарған алғашқы рөлі - Ж.Омаровтың «Құлыншақ» ертегісіндегі Ақ азу бейнесі.

Р.Қылышбаева соңғы жылдары театр репертуарында:

- Б.Мұқайдың  «Сергелдең болған серілерінде» Айжан  ролін;

- Қ.Қасымовтың «Қыз  жібек» саунд драмасында 2-ші қызды;

- Қ.Байсейітов  пен  Қ.Шаңғытбаевтың «Беу,қыздар-ай» комедиясында Нұрсұлу  ролін;

- И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» сазды драмасында – екінші кезектегі Изольда ролін;

- Г.Хугаевтің  «Шекпен» әпсанасында Қой ролінде;

- Иран Ғайыптың «Жамбылдың қызыл жолбарысында» Қызыл Жолбарысты;

- Е.Әлімжанның  «Абылай» тарихи  драмасында Қарабасты;

- С.Құдайбергеннің  «Періште  қонған үй» драмасында медбике  Раушанды;

- С.Пірмановтың «Ұлт ұстазы» символикалық композициясында шәкірттер  бейнелерін  сахналайды.

Р.Қылышбаева, сондай-ақ, балаларға арналған Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» комедиясында  - Сайра, М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досы» ертегісінде - Саңырау қасқыр, С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда» лирикалық драмасында – Гауһар, М.Ақүрпековтің «Жақсы шәкірт» ертегісінде – Шегіртке бейнелерін барынша шебер жасап жүр. 

Актерлік шеберлігін шыңдау үшін тұрақты  ізденіс жасап жүретін ізденімпаз, еңбекқор  актриса.

Ризат  Қылышбаева сомдаған рольдері және мәдени-көпшілік шараларға тұрақты қатысқаны үшін жергілікті басқару органдары және театр басшылығы тарапынан бірнеше рет Алғыс хаттарға,  Грамоталарға ие болды.Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының Грамотасымен мараппатталған.