Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Қырықбаев Жандар Мұратұлы 1988 жылы 13 қаңтарда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында туған. Білімі жоғары. ТарМУ-дің «Мәдени-тынығу жұмысы» факультетін  және ТарМУ жанындағы көп салалы колледждің «Актерлік өнер» бөлімін бітірген.

Ж.Қырықбаев театрда 2009 жылдың 5 қаңтарынан бері актер болып қызмет етеді. Осы театрда еңбек еткен  жылдар ішінде, ол өзін болашағынан зор үміт күттіретін нағыз талантты актер екенін танытып үлгірді.

Ол өзінің алғашқы актерлік қадамында театр репертуарындағы А.Бекбосынның «Домалақ ене» спектаклінде қуғыншы, Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-ана» символикалық драмасында Майсалбек, А.Линдгреннің «Карлсон  мен балақайында» Рулле ұры, К.Сәттібайұлының «Күнге ғашық өлкеде» ертегі-хикаятында Ақпарақ, М.Ахманов пен С.Пірмановтың «Алдар Көсе Наурызда» қойылымында Алдар Көсе рольдерін ойнап, болашағынан зор үміт күтттіретін талантты актер екендігін танытты.

Ж.Қырықбаев соңғы жылдары театр репертуарында:

 -С.Мұқышевтың «Апандағы  адамдарында» Зілзала Қуықбаевты;

- Қ.Қасымовтың  «Желсіз түнде жарық ай....» Онегинді;

-У.Шекспирдің  «Гамлетінде» Луцианды;

-Б.Бекжановтың «Айша бибісінде» Әбіл-Хасанды;

- Б.Мұқайдың «Сергелдең  болған серілерінде» Байболды;

- Ш.Мұртазаның  «Тұрар.Сталинге хатында» Уәкілді;

- Ғ.Мүсіреповтің  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлуында» Қодарды;

- У.Шекспирдің  «Гамлетінде» Луцианді;

- Е.Әлімжанның  «Абылай» тарихи  драмасында Қалдан  Серенді;

- Қ.Мұраттың «Мұғалім» драмасында Орал  Заманбековичті;

- Қ.Қасымовтың  «Шер-Хан»драма- элегиясында Мұртаза рольдерін  сомдап, көрермен  ықыласына  бөленіп жүрген еңбекқор, ізденімпаз артист.

Бұдан  өзге  Жандар Қырықбаев  М.Томанов пен  М.Ахмановтың «Екі дос» ертегісіндегі Соқыр қасқыр ролін, М.Ақүрпековтің «Жақсы шәкірт» ертегісінде Сарбаз құмырсқа рольдерінде  жоғары деңгейде ойнап, көрермендерін тәнті етіп келеді.

Театр сыншылары тарапынан  сан мәрте жоғары бағасын алып, лайықты марапаттаулар мен жүлделерге ұсынылған.

Театрдың қоғамдық жұмыстарына, облыс және қала көлеміндегі мәдени-көпшілік іс-шараларға белсенді түрде ат салысады.

Жандар Қырықбаев  театрдың абыройын асқақтатып, мәртебелері биік болған көптеген алдыңғы толқын ағаларының өнердегі асқақ жолдарын жалғастыруға талпынып келе жатқан дарын иесі.Өзінен кейінгі жас толқын актерларға кәсіби тәжірибесін үйретуден жалықпайды.

Театрдың мәртебесін биікке көтеріп, көптеген театр фестивальдері мен байқауларда биіктен көрінген. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, мәдениет басқармасының және облыстық кәсіподақтың марапаттауларына ие болған.