Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Сұлтанбекова  Гаухар Орынқызы  1984 жылы  13 желтоқсанда  Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында  дүниеге келген. 

Білімі – жоғары. 2013 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін актер өнері мамандығы бойынша бітірген.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2009 жылдан бастап актриса болып қызмет атқарады. Режиссердің көмекшісі ретінде де үлкен жұмыстар атқарып отыр. Осы мекемедегі жұмыс өтілі – 12 жыл.

Гаухар Султанбекова  тұрақты ізденіс үстінде жүретін  талабы зор,  актерлік шеберлігі жоғары  өнер иесі.

Ол көптеген қойылымдарда басты және негізгі рольдерді сомдап, театртанушылар мен көрермен тарапынан лайықты бағасын алып жүрген талантты актриса.

Г.Сұлтанбекованың соңғы жылдары сомдаған рольдерінің бірқатарын атап өтсек, олар:  

- Ә.Әмзеұлының «Қор болған Қодар-айында» - Баян – Варя;

- А.Бекбосынұлының «Домалақ ене»  драмасында - келін;

- Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» - қыз;   

- Б.Есеналиевтің«Таң сыры» драма-элегиясында қыз;

- Е.Әлімжанның «Әйелдер бір іс бастады» комедиясында-Еңлікгүл;

- И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы»  сазды драмасында - сыған әйелі;

- Ш.Айтматовтың  «Ана – Жер - ана» символикалық драмасында - қырғыз қызы;

- С.Сматаев пен  Т.Теменовтің «Көгілдір такси» мелодрамасында - Клара;

-  Ә.Жұмабаевтың «Гүлмира» драмасында - Гүлмира,

- К.Касеновтің «Рахмет, Сізге!» мультимедиясында - Әйел;

- Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» мелодрамасында - Ләйла;

- Б.Ұзақовтың «Жан дауа»  трагедиясында- Қыз; 

- Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» комедиясында - директор;

- Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» драмасында - Гүлжамал;

- С.Ахмадтың  «Келіндер көтерілісі» комедиясында - Мехри; 

- А.Атымтаеваның «Кім патша» ертегісінде - Түлкі;

- Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен Бөлтірік» ертегісінде - Боз бие;

- С.Прмановтің «Қоңыр қозы хикаясында» - Тиін; 

- О.Әубәкіров пен  А.Наймантаевтың «Ңөң» комедиясында - Зымзия;

- М.Байджиевтің «Қалыңдық пен күйеу» драмасында - Қалыңдық,

- Мәлік Ақүрпековтың «Жақсы шәкірт» ертегісінде Бәйшешек;

- Айжан Атымтаеваның «Жаңғырған Жаңа күн!» ертегісінде Ұмай Ана;

- А. Володиннің «Қос жебе» драмасында Жесір әйел;

- С.Пірмановтың «Алтын жұмыртқа» ертегісінде Бақ құсы;

- Б.Бекжановтың «Өмір» драмасында көпшілік сахнасында;

- Қ.Қасымовтың «Қыз жібек» саунд драмасында Қыз;

- С.Пірмановтің «Ертегілер еліне саяхат» ертегісінде – Малефисента;

- У.Шекспирдің «Гамлетінде» - екінші құрамда және басқа да бірқатар қойылымдарда басты, негізгі және көпшілік сахна кейіпкерлері ролін сомдап келеді.

Гаухар Султанбекова - «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» атты халықаралық театр фестиваліне қатысқан К.Касеновтің  «Рахмет,сізге!» мультимедиялық спектаклінде басты рольді сомдап,  «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы жүлдесіне ие болып, аталған фестивальдің дипломанты атанды.

Ол, 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин кезінде онлайн форматтағы барлық іс-шараларға белсенді ат салысты.

Г.Султанбекова - актерлік шеберлігін шыңдау мақсатында тұрақты  ізденісте жүретін еңбекқор  актриса. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады.  Актерлік шеберлігін  арттыруға  ынта, қабілеті  зор, жүктелген барлық  тапсырмалар мен жүктемелерді және берілген рольдерді орындауда біліктілігі жоғары, жауапкершілігі  мол өнер иесі.

Ол, сондай-ақ, мәдениет қызметкерлері арасында жыл сайын өткізілетін спорттық жарыстарға белсенді түрде ат салысады.

Гауһар Сұлтанбекова кейінгі жылдары облыс әкімдігінің, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, мәдениет басқармасының, театр басшылығының  және облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет Грамоталарымен,  Алғыс хаттарымен марапатталған.