Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Ильясбеков  Жандос Іргебайұлы 1988 жылдың 03 желтоқсанында  Жамбыл облысы,  Сарысу ауданы,  Жайлаукөл  ауылында туылған.

Білімі жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне  2009 жылы оқуға түсіп, оны 2012 жылы «Мәдени – тынығу жұмысы» мамандығы бойынша  бітірген.

Ж.Ильясбеков  Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2011-2015 жылдар  аралығында  артист болып қызмет атқарып, отбасы жағдайына байланысты бұл жұмысын уақытша тоқтатқан.

2021 жылдың 08 ақпанынан бастап Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрына  қайтадан жұмысқа орналасып, актерлік қызметін жалғастырып келеді.

Жандос Ильясбеков өзіне тапсырылған рольдерді байыпты, шебер орындайды.

Бірқатар  негізгі кейіпкерлер  образдарын сәтті шығарып, көрермендер ықыласына бөленіп келеді. Сахнадағы қарапайым қимыл-әрекеттерді нанымды суреттейді. Еңбекқор, тиянақты.

Театр репертуарындағы драматург Е.Әлімжанның «Абылай»  тарихи  драмасында  Қытай  елшісінің ролін, 2022 жылы жаңадан  сахналанған жас драматург Қ.Мұраттың «Мұғалім» драмасындағы негізгі кейіпкер Орал  Заманбековичті, Қ.Қасымовтың «Шер-Хан» драма-элегиясындағы  интернат Директоры образын, С.Пірмановтың «Ұлт Ұстазы» символикалық композициясындағы  Ерғазы бейнесін шебер  сомдап келеді. Бұдан өзге  М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі дос» ертегісіндегі - Қойшы шал, М.Ақүрпековтің «Жақсы шәкірт» ертегісіндегі - Ойшыл ата рольдерін  де шебер ойнап, жұртшылық жүрегіне жол тауып, көрермен көзайымына айналды.

Сомдаған рольдері және мәдени-көпшілік шараларға тұрақты қатысқаны үшін театр басшылығы тарапынан Алғыс хаттармен,  Грамоталармен марапатталған.