Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Есімбекұлы Мейірбек 1994 жылы 27 шілдеде Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Сәлімбай ауылында туылған. Білімі жоғары. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ды мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша бітірген.

М.Есімбекұлы Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2017 жылдан бері актерлық қызмет атқарып келеді.

Содан бергі уақытта  тұрақты ізденісі мен қажырлы еңбегі нәтижесінде  өзінің  актерлік шеберлігін арттыруға ынта-қабілеті зор, барлық  тапсырмалар мен жүктемелерді, сондай-ақ, берілген рольдерді орындауда біліктілігі мен  жауапкершілігі  жоғары өнер иесі ретінде көзге түсті.

Ол тек соңғы жылдары театр репертуарында:

- Ш.Мұртазаның «Тұрар. Сталинге хатында» - Қызыл фуражкелі;

- А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық айында» - шәкірттер;

- У.Шекспирдің «Гамлетінде» - Озрик;

- Б.Жандарбековтің «Томирисінде» - Хусрау;

- Н.Оразалиннің «Қилы заман» драмасында – Айтбай;

- С.Мұқышевтің «Апандағы адамдарында» - Космонавт;

- Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббатында» - Айбол;

- С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» комедиясында – жүргізуші;

- Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысында» - 2-ші құрамда;

- А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - ұлдар мен қуғыншылар рольдерінде;

- М.Байғұттың «Асқаровтың ақ қайыңдарында» - жендет;

- Б.Есеналиевтің «Таң сыры» драма-элегиясында – Жігіт;

- Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» - биші ұл;

- Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегінде» - ҰҚК бастығы;

-Е.Әбдірешовтің «Алтын мүйізді киік» ертегісінде – Месқарын;

- С.Пірмановтің «Алтын жұмыртқа» ертегісінде - Сұм қарға;

- М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досында» - Ақсақ қасқыр;

- С.Пірмановтың «Ертегілер еліне саяхатында» - Доңыз және тағы басқа  рольдерде ойнады.  

Ол, сондай-ақ, театр репертуарындағы бірқатар қойылымдарда көпшілік сахнадағы бейнелерді жасауға қатысты.

М.Есімбекұлы актерлік шеберлігін шыңдау үшін тұрақты  түрде ізденіс жасап жүретін ізденімпаз, еңбекқор актер. Аға буын өнер иелерін ұстаз тұтып, олардан актерлік техниканың әр алуан элементтерін үйренуден жалықпайды. Өзі де кейінгі буын жас актерлер қатарынан шәкірттер тәрбиелеп, өнегелі ісімен танылып келеді. 

Ол соңғы жылдары Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, мәдениет басқармасының, театр басшылығының  және облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет Грамоталарымен,  Алғыс хаттарымен марапатталған.