Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Елемесова Ақнұр Нұрқызы  1999 жылы  15 тамызда  Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.

Білімі – арнаулы орта. 2017 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясы жанындағы  колледжін актерлік өнер (музыкалық драма)  мамандығы бойынша бітірген.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2017 жылдан бері актерлік қызмет атқарып келеді.

Ақнұр Елемесова осы уақыт аралығында оннан аса басты және негізгі кейіпкерлер бейнесін сомдап,  өзін сахна өнеріне берік қалыптасқан талантты актриса ретінде танытты.

Ақнұр Елемесованың көрермендерін мейлінше сүйсіндіре, сахна әлеміне ең алғаш жарқ етіп шыққан сәтті ролі -  Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясындағы Айсұлу бейнесі болды.

Ол бұдан  өзге, Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанындағы Гүлхан ханшайым ролін де мейлінше тартымды етіп шығарып, театртанушылар мен көрермендер тарапынан әділ бағасын алды.

Ақнұр Елемесованың  соңғы кездері ойнаған рольдерінің бірқатарын атап өтсек, олар:

- Айжан Атымтаеваның «Жаңғырған Жаңа Күн!» ертегісінде - Қошақан;

- Болат Бекжановтың «Жеті лақ» ертегісінде  - Лақ;

- Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясында - Айткүл;

- Софы Сматаев пен Талғат Теменовтың «Көгілдір такси» мелодрамасында көпшілік сахнасы ролі;

- Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанында - Гүлхан ханшайым;

- Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» символикалық драмасында Қыз;

- Байғали Есеналиевтің «Таң сыры» драма-элегиясында - Ұл мен қыз;

- Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясында -  Хатшы қыз;

- Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясында - Айсұлу;

- Қолғанат Мұраттың  «Мұғалім» драмасында - Қорлан;

-Сұлтанбек Құдайбергеннің «Періште қонған үй» драмасында - Жанна Оспанова;

- Сантөре Пірмановтың «Ұлт ұстазы» символикалық  композициясында  көпшілік сахнада шәкірттер ролінде  өнер көрсетіп  келеді.

А.Елемесова сондай-ақ , балаларға арналған ертегі қойылымдарда да берілген рольдерді үлкен жауапкершілікпен сенімді сомдап келеді.

Актриса Е.Елемесова өзінің актерлік шеберлігін шыңдау үшін тұрақты  ізденіс жасап жүретін еңбекқор  актриса. Ол актерлік шеберлігін  арттыруға  ынта-қабілеті  зор, өз міндетіндегі барлық  тапсырмалар мен жүктемелерді және берілген рольдерді орындауда біліктілігі жоғары, жауапкершілігі  мол өнер иесі.

2022 жылы Халықаралық театр күніне орай Қазақстан Театр қайраткерлері одағының Грамотасымен марапатталды, сондай-ақ, театр басшылығы тарапынан бірнеше Алғыс хаттарға ие болған.