Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жармухамедов Елжан Шермухамедұлы 1992 жылы 22 мамырда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары.  2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мәдени тынығу жұмыстары» факультетін режиссер, актер мамандығы бойынша бітірген.

2014 жылдың мамыр айыннан бері  Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актерлық қызмет атқарып келеді.  

Ол, осы уақыт аралығында театр репертуарындағы бірқатар қойылымдар мен балаларға арналған ертегілерде бекітілген басты рольдерді сомдап, актерлық шеберлігімен танылды.

Олардың ішінде, В.Шекспирдің «Отеллосында» - Родриго, Б.Жандарбековтің «Томирисінде» - Спаргапис,  А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - Шахрух сұлтан, Д.Исабековтің  «Кішкентай ауыл» драмасында – Мүтән, Н.Оразалиннің «Қилы заманында» - Урядник,  С.Балғабаевтың «Қыз 20-ға тоғанында» - Ғайыпберген, Б.Ұзақовтың «Жан дауасында» - нашақор ұл,  Ә.Әмзеұлының «Қор болған Қодар-айында!» - инспектор,  Б.Айдарбековтің  «Тағдыр тәлкегінде» - режиссердің ассистенті және Ержан ролі, Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында» - көпшілік сахнасында, А.Володиннің «Қос жебесінде» - көпшілік сахнасында, Ә.Файзуллаұлының «Алтын адамында» - Азат, М.Ақүрпековтің «Жақсы шәкіртінде» - Құмырсқа, М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досында» - Теке, С.Пірмановтің «Алтын жұмыртқасында» - Әтеш, және басқа да рольдерді  сомдап,  өз кейіпкерлерін жанды бейнелей алатын, актерлік шеберлігі толысып келе жатқан өнер иесі екендігін танытты.  

Ол 2017 жылы 27 наурызда Халықаралық театр күні мерекесіне орай, С.Пірмановтің «Алтын жұмыртқасындағы» - Әтеш бейнесін асқан шеберлікпен бейнелеп шығарғаны үшін «Ең үздік ертегі кейіпкері» номинациясының жүлдегері дипломымен марапатталды.

Елжан Жармухамедов соңғы жылдары жас кинорежиссер ретінде де танылып, көрермендер назарына бірнеше фильмдер түсіріп ұсынды.

Олардың ішінде,  Елжан Жармухамедовтің 2017 жылы түсірген «Ізбасар» атты  қысқаметражды фильмі өнертанушылар  тарапынан лайықты бағасын алып, облыстың мәдениет және өнер саласы басшылары  оған толықметражды фильмдер түсіруге сенім артты.

Е.Жармухамедов 2018 жылы түсірген «Сағым» фильмі көрермендер мен кинотанушылар тарапынан лайықты бағасын алып, жас кинорежиссер Е.Жармухамедов осы еңбегі үшін облыстық кино орталығының арнайы сыйлығына ие болды.

 Үстіміздегі 2019 жылы Е.Жармухамедов көрермендер назарына өзінің «Ақша» атты тағы бір кинотуындысын ұсынды.

Елжан Жармухамедов, бұлардан бөлек, он шақты қысқаметражды фильмдер, 40-қа жуық әлеуметтік тақырыптағы роликтер түсіріп, осы салада да ерекше еңбектерімен танылды.

Ол, сондай-ақ, киноактер ретінде режиссер  Д.Еркебаевтың «Үміт» атты фильмінде басты рольдердің бірін сомдады, оннан аса әлеуметтік роликтерге актер ретінде түсіп, тақырыпқа сай өнер көрсетті.