Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Маханов Нұрсұлтан Қуанышұлы 1992 жылы 10 қаңтарда Жамбыл облысы  Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін  «Мәдени-тынығу» мамандығы бойынша бітірген.

2014 жылдан Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актер болып қызмет атқарады.

Ол, осы уақыт аралығында өзі сомдаған кейіпкерлерді жанды бейнелей алатын, актерлік шеберлігі толысқан талантты  өнер иесі екендігін танытты.  

Ол, соңғы жылдары театр репертуарындағы:

- А.Володиннің «Қос жебесінде» - көпшілік сахнасында;

- Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббатында» - Жасболат;

- Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегінде» - Мұрат;

- А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - Бәйдібектің алты ұлы және Шахрух сұлтан;

- Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында» - Мойынсыз;

- Н.Оразалиннің «Қилы заманында» - Нүке;

- И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» - көпшілік сахнасында;

- М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досында» - Ақсақ қасқыр;

- Ә.Файзуллаұлының «Алтын адамында» - Азат;

- М.Ақүрпековтің «Жақсы шәкіртінде» - Құмырсқалар;

- Б.Соқпақбаевтың «Қожанасыр келе жатырында» - Қоңырбай бай;

- Ж.Омаровтың «Құлыншағында» - Бөрлен;

- А.Атымтаеваның «Кім патшасында» - Аю;

- Б.Бекжановтың «Жеті лағында» - Әтеш;

- А.Атымтаеваның «Жаңғырған Жаңа күнінде» - Торпақ;

- С.Пірмановтың «Алтын жұмыртқасында» - Төбет ит;

- Е.Әбдірешовтің «Алтын мүйізді киігінде» - Домалақ;

- Б.Есеналиевтің «Таң сырында» - Жігіт;

- М.Байғұттың «Асқаровтың ақ қайыңдарында» - Жендет;

- Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов. «Беу, қыздар-ай!» - Электрик;

- С.Мұқышевтің «Апандағы адамдарында» - Әбдин;

- Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» - Жігіт;

- У.Шекспирдің «Гамлетінде» - Бернардо;

- Баққожа Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» - Жанислам;

- Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» - Жігіт;

- Ш.Мұртазаның «Тұрар. Сталинге хатында» - Ескендір және тағы басқа қойылымдар мен  ертегілерде бекітілген рольдерді сомдап, жоғары актерлік  шеберлігімен танылды.

Н.Маханов, сонымен қатар, көптеген қойылымдарда көпшілік сахнасы рольдерін орындады.

Н.Маханов соңғы жылдары облыс әкімінің Алғыс хатымен, Мәдениет басқармасы мен театр басшылығының Алғыс хаты, Грамоталарымен марапатталды.