Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Райымбек  Аружан  Серікқызы  2001 жылы  28 тамызында  Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.

Білімі – арнаулы орта. 2016 жылы Тараз қаласындағы Абай  атындағы Жамбыл  гуманитарлық  жоғарғы  колледжін актер өнері (сөйлеу жанрының әртісі)  мамандығы бойынша бітірген.

АсқарТоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2020 жылдан бері актерлік қызмет атқарып келеді.

Аружан  Райымбек осы уақыт аралығында бірқатар кейіпкерлер бейнесін сомдап,  өзін сахна өнеріне берік қалыптасқан  актриса ретінде танытты.

Аружан Райымбектің соңғы уақыттарда театр  репертуарындағы қойылымдарда ойнаған рольдері:

  -У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясындағы  Офелия;

-Б.Жакиевтің  «Жүрейікші жүрек ауыртпай» трагикомедиясындағы немере қыз;

-Қ.Мұраттың «Мұғалім» драмасындағы Зарина;

-С.Құдайбергеннің  «Періште қонған үй» драмасындағы Айнұр Жүзімбек образы;

-С.Пірмановтың «Ұлт ұстазы» символикалық композициясындағы шәкірттер;

-Б.Бекжановтың «Айболит пен қарақшы» ертегісіндегі Қоян бейнесі.       

Аружан Райымбек - актерлік шеберлігін шыңдау үшін тұрақты  ізденіс жасап жүретін еңбекқор  актриса. Әріптестерінің ортасында  өзіндік ерекше  орны бар ұқыпты, тиянақты, көпшіл өнер иесі.

Ол өз міндетіндегі барлық  тапсырмалар мен жүктемелерді және берілген рольдерді орындауға үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Аружан Райымбектің көрермендерін мейлінше сүйсіндіре білген, сахна әлеміне ең алғаш жарқ етіп шыққан сәтті ролі - У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясындағы  Офелия образы. Осы рольді аса шебер сомдағаны үшін 2021жылы Халықаралық театр  күніне орай, «Ең үздік дебют – қыз бейнесі» номинациясы дипломымен  марапатталды.

2022 жылы Халықаралық театр  күніне орай театр өнері саласындағы талантты жастар қатарында облыс әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

А.Райымбек сомдаған рольдері және мәдени-көпшілік шараларға тұрақты қатысқаны үшін 2020-2021 жылдары Қазақстан Театр қайраткерлері одағының және театр басшылығының  Грамоталарына  ие болған.