Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Төлеген Жорабек Әнапияұлы 1997 жылы 4 желтоқсанда Тараз қаласында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2019 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін  «Мәдени-тынығу» мамандығы бойынша бітірген.

2019 жылдан бері Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актер болып еңбек етеді.

Жорабек Төлеген осы аз уақыт аралығында өзін талабы мен жауапкершілігі жоғары маман ретінде таныта білді.

Ол осы уақыт аралығында театр репертуарындағы:

- Иран Ғайыптың «Жамбылдың қызыл  жолбарысы» тарихи- драмасында жас Жамбыл ролі;

- Б.Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанында Жаршыны;

- У.Шекспирдің «Гамлетінде» - Қабіршіні;

- Ш.Мұртазаның «Тұрар. Сталинге хатында» - жас бала – Рашидті;

- Г.Хугаевтің  «Шекпен» әпсанасында- Тұзарды;

- А.Бекбосынұлының «Домалақ ене» символикалық драмасында Бәйдібек бидің ұлы;

-Қ.Мұраттың «Мұғалім» драмасында -Ерболды;

-Қ.Қасымовтың «Шер-Хан» драма-элегиясында -Барысханды;

-С.Пірмановтың  «Ұлт Ұстазы» символикалық композициясында – шәкірттер ролін;

-Б.Бекжановтың «Айболит пен қарақшы» ертегісінде – Қасқырды;

 - С.Пірмановтың «Ақ күшігінде» - Ақ күшік рольдерін сомдап, өзінің  дарынды өнер  иесі  екендігін көрсете білген жас актер.

 Бұдан  бөлек, театр тарапынан  өткізіліп  жатқан  барлық  іс-шаралардың  бел  ортасында  жүреді.Тарқатып айтар  болсақ:

 - Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай түсірілген «Ерлікке тағзым» атты бейнероликте – Қазақ солдатын;

-Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай түсірілген «Ленинградтық өренім»  бейнеролигінде – қоршауда қалған Ленинградтың қорғаушы жауынгері;

 -Жамбыл облысының Түркістан қаласындағы мәдени күндері аясында ұйымдастырылған  «Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан – түркілер бесігіне» атты керуен құрамында Түркістан қаласында өткен «Киелі Түркістанға - Таразилер тартуы» сахнасында оқымысты, ғұлама әл-Таразилер шәкірті бейнесінде;

 - «Қазақстанның Халық Қаһарманы», партизан отрядының командирі болған ержүрек батыр Қасым Қайсеновтің 100 жылдығына орай қойылған қойылымда – Қасым Қайсеновтің  ролінде өнер көрсетіп, жоғары актерлік шеберлігімен  танылды.

Төлеген Жорабек басқа да бірқатар қойылымдарда көпшілік  сахнасы рольдерінде  ойнайды.

Жорабектің әкесі Әнапия Ахмет те  - Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының ардагер актері.  Яғни, Жорабек те   әкесінің  өнердегі жолын қуып,  актерлар династиясын жалғастырып келе жатқан жас дарын иесі. Жары Нұрай Қаражанова да  театрдың дарынды актрисасы.        

Театр мәртебесін биікке көтеріп, көптеген театральді фестивальдер мен байқауларда өнер көрсетіп келеді. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, облыстық мәдениет басқармасының және облыстық кәсіподақтың дипломдары мен Алғыс хаттарын алған.Төлеген Жорабек 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Әулиеата үміті» жастар сыйлығының лауреаты марапатының иегері.