Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны уақытша болмаған қызметкердің орнына бос тұрған 1 (бірлік) менеджер администратор лауазымына конкурс жариялайды

 Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Тел. (87262) 45-29-68,         45-53-25.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: сахналық өнер көрсету арқылы халықтың рухани, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру және қалыптастыру болып табылады.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:   гастрольдерді және көшпелі өнер көрсетуді ұйымдастыру бойынша келісім шарттардың дайындалуын қамтамасыз етеді, тұрақты орындардағы, сапарлардағы және гастрольдердегі қойылымдарды (спектакльдерді) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді,  көшпелі қойылымдарды (спектакльдерді) көрсету үшін алаңдарды дайындауды ұйымдастырады,   іс-шаралар туралы ақпараттардың бұқаралық ақпарат құралдарында уақтылы жариялануын қамтамасыз етеді,  көрермендерге қызмет көрсету бойынша жоғары мәдениетті қамтамасыз етеді,   өнер саласындағы қызметтерге тұтынушы сұранысын зерделеуді, концерттік және театрлық              ойын-сауық ұйымдарға келушілер көлемінің болжамы мен уәждемесін қамтамсыз етеді, концерттік және театрлық ойын-сауық ұйымдардың тиімді қызметін талдауды жүзеге асырады,  алыс және жақын шет елдердің театрлық ойын-сауық ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды орындайды.

      Білуі тиіс: Конституцияны, Еңбек кодексін,      "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, ұйымның шығармашылық-өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметін реттейтін әдістемелік материалдарды.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:  біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

      біліктілігі орта деңгейлі маман: 1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі        І санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында            2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында               2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

     4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

      Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы,       115 үй, кадр бөлімі, тел. 45-53-25.

         Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2022 жыл 22- желтоқсан

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.