Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бір) қоюшы режиссер лауазымына конкурс жариялайды

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.Тоқпанов Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

 Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Тел. (87262) 45-29-68,         45-53-25.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: сахналық өнер көрсету арқылы халықтың рухани, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру және қалыптастыру болып табылады.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:өзіне тапсырылған қойылымдардың жоғары идеялық және көркемдік деңгейін, олардың шығарылымын қамтамасыз етеді, дайындық үдерісін жоспарлайды;  Ұйым басшылығына қойылым топтары мен орындаушылар құрамдарын қалыптастыру бойынша ұсыныстарын ұсынады;көркемдік-қойылымдық бөлімнің жұмысына басшылық жасайды және қамтамасыз етеді; партиялар мен рөлдердің жаңа орындаушыларын енгізуді ұйымдастырады, қойылған және жаңартылған бұрынғы қойылымдардың сапасын қамтамасыз етеді;шығармашылық қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін арттыруға арналған шараларға тікелей қатысады; шығармашылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметркерлерді ынталандыру және тәртіптік жазаға тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (режиссура) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман режиссер лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (режиссура) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман режиссер лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (режиссура) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман режиссер лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар (режиссура) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

      Біліктілігі орта деңгейлі маман:

1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша орта кәсіби және техникалық (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі І санатты маман режиссер лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

    2) І санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі ІІ санатты маман режиссер лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

     3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша орта кәсіби және техникалық (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман режиссер лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

    4)санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша орта кәсіби және техникалық (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

      Білуі тиіс: ҚР Конституцияны, ҚР Еңбек кодексін және"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын; режиссура және актерлік шеберлік теориясын, сахналық және музыкалық безендіру негіздерін, классикалық және заманауи драматургияны, вокалдық, хор және хореографиялық өнер негіздерін, партитурамен және музыкалық-сахналық шығармалармен жұмыс істеуді.

      КонкурсҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығынасәйкес өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы,       115 үй, кадр бөлімі, тел. 45-53-25.

         Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • Кадрлардыесепкеалужөніндегітолтырылғанжекепарақты (нақтытұратынмекенжайы мен байланыстелефондарыкөрсетілген);
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актлердімемлекеттік тіркеу тізілімінде№6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

 

Конкурс өтетін күні: 2023 жыл 8-қыркүек

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.