Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) бас суретші лауазымына конкурс жариялайды

 Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.Тоқпанов Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Тел. (87262) 45-29-68,         45-53-25.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: сахналық өнер көрсету арқылы халықтың рухани, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру және қалыптастыру болып табылады.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қойылымдардың (спектакльдер, концерттер, көрсетілімдер) көркемдік-қойылымдық шешімдерінің қағидаларын әзірлейді, жаңа және жаңартылатын қойылымдардың, театр интерьерінің көркемдік безендірілуі мен сахна безендірілуінің, жарнамалар мен тақырыптық көрмелердің сапасын қамтамасыз етеді, қоюшылардың пайымына сәйкес жаңа және бұрын дайындалған қойылымдарды безендіруді жасайды,    негізгі қойылымдарды безендіруге (декорациялар, костюмдер) қатысады, жаңа және жаңартылатын қойылымдарға безендіру макеттері мен эскиздерінің, костюмдердің уақтылы ұсынылуын, қойылымдарды дайындау мен шығарудың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді,  көркемдік-қойылым жөніндегі мамандардың жұмысын қамтамасыз етеді және оларға қажетті шығармашылық көмек көрсетеді, көркемдік-қойылым жөніндегі кадрларды іріктеуге қатысады, олардың кәсіби өсуіне ықпал етеді, театр-қойылымдық техникалар, технологиялар, жаңа материалдар саласындағы ең жаңа жетістіктерді зерделеуді және енгізуді ұйымдастырады.

       Біліктілікке қойылатын талаптар:   Өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

      Білуі тиіс: ҚР Конституциясын; ҚР Еңбек Кодексін, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы (бұдан әрі – "Жарнама туралы"), "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, қойылымдарды сахналық безендірудің барлық компоненттерін жасау және әзірлеу қағидаларын, декорация өнерінің тарихын, театр тарихын.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығынасәйкес өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы,       115 үй, кадр бөлімі, тел. 45-53-25.

         Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • Кадрлардыесепкеалужөніндегітолтырылғанжекепарақты (нақтытұратынмекенжайы мен байланыстелефондарыкөрсетілген);
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актлердімемлекеттік тіркеу тізілімінде№6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2023 жыл 17-қараша

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.