Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) режиссердің көмекшісі лауазымына конкурс жариялайды

 

 

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.Тоқпанов Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Тел. (87262) 45-29-68,         45-53-25.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: сахналық өнер көрсету арқылы халықтың рухани, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру және қалыптастыру болып табылады.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жаңа қойылымдарды әзірлеуді және бұрын жасалған қойылымдарды жаңғыртуды жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысады,қойылымдардың (спектакльдердің,) шығармашылық үдерісін ұйымдастырады, қойылымдар кезінде әртістердің сахнаға шығуын қамтамасыз етеді,жаңа және жаңғыртылатын қойылымдарды жүзеге асыруға дайындық кезеңінде қоюшы-режиссердің тапсырмаларын орындайды, дайындықтарды қажетті әдеби материалдармен (пьесалардың, рөлдердің мәтіндері) қамтамасыз етеді, дайындықтар мен қойылымдарды жарық, дыбыс әсерлерімен қамтамасыз етеді, қойылым құрамы қызметкерлерінің жұмыс уақытының, сондай-ақ әртістік персоналдың нормаларды орындау есебін жүзеге асырады,  көркемдік жетекшінің шығармашылық қызметті жоспарлауға, ұйымдастыруға және есепке алуға байланысты тапсырмаларын орындайды.

       Біліктілікке қойылатын талаптар: 1) ІІ санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

      Білуі тиіс: Конституцияны; Еңбек кодексін;"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      Режиссура және актерлік шеберліктің теориясы мен тәжірибесін, спектакльдерді сахналық және музыкалық безендіру негіздерін.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығынасәйкес өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы,       115 үй, кадр бөлімі, тел. 45-53-25.

         Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • Кадрлардыесепкеалужөніндегітолтырылғанжекепарақты (нақтытұратынмекенжайы мен байланыстелефондарыкөрсетілген);
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актлердімемлекеттік тіркеу тізілімінде№6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2024 жыл 27-ақпан

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.