Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған дыбыс режиссеры 1 (бірлік) лауазымына конкурс жариялайды

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.Тоқпанов Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Тел. (87262) 45-29-68,         45-53-25.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: сахналық өнер көрсету арқылы халықтың рухани, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру және қалыптастыру болып табылады.

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жаңа және жаңғыртылған қойылымдарды (спектакльдерді, көрсетілімдерді) дайындауға қатысады, техникалық құралдарды пайдалана отырып, қойылымдардың дыбыстық безендірілуін жасайды.

      Қойылымдарды жасаудың дайындық кезеңіне қатысады, қажетті фонограммалар таңдайды және (немесе) оларды жаздыруды ұйымдастырады, дайындық үдерісін фонограммалармен қамтамасыз етуге қатысады, ағымдағы репертуар қойылымдарында фонограммалардың дыбысталу сапасын қамтамасыз етеді, ұйымның радиоцехы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша шаралар әзірлеуге, көрермендер аудиториясын ұлғайтуға бағытталған орындаушылық өнерді насихаттау жұмысына тікелей қатысады, дыбыс жазушы және дыбыс үдетуші жабдықтарды алдын ала тексеру және ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарын жүзеге асырады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:  Біліктілігі жоғары деңгейлі маман:  

санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар (режиссура) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

     Біліктілігі орта деңгейлі маман: санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша орта кәсіби және техникалық (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының     Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын,режиссура және актерлік шеберлік негіздерін, қойылымдарды музыкалық және дыбыстық безендірудің теориясы мен практикасын, заманауи дыбыс жазушы және дыбыс шығарушы аппаратуралардың параметрлері мен техникалық сипаттамаларын, дыбыс жазу және дыбыс шығару технологиясын, акустика негіздерін, театр және концерттік залдардың, цирктердің акустикалық мүмкіндіктерін, отандық және әлемдік театр, музыка, цирк өнері мен әдебиеті тарихын.    

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй, кадр бөлімі, тел. 45-53-25.

         Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  3. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  4. Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  5. Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  6. Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  7. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2021 жыл 1-қазан

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді