Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115
Қош келдіңіздер!
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шымылдығы 1936 жылы наурыздың 16 жұлдызында Бейімбет Майлиннің «Келін мен шешей» және театрдың тұңғыш директоры Қ.Қырқымбаевтың «Келіншек» атты бір бөлімді комедиясымен ашылды. Театрдың алғашқы ұйымдастыру құрамы тоғыз адамнан құралды. Олардың ішінде Шәріпбай Сәкиев, Сәти Үмбетбаев,Сатылған Атамқұлов, Омарбай Тұрымқұлов, Тұраш Әбуов, Рәміш Әбдірахманов, Тәжімет Әлмұхамедов, Молдаш Сәкиев, Жомарт Абызбаев және Қ.Қырқымбаев, А.Майтанов, Сара Абызбаева, Нұргүл Майтанова, Гүлсара Тұрұмқұлова, 1937 жылдан бастап Мұхаметқали Табановтар болды.
 
 
Директор: Ақүрпеков Мәлік Дүйсебайұлы