АРАЙ газетінің 2020 жылдың 26 наурызында «Жан-дүниең жұтанданса, рухани кемтарлыққа әкеледі», АҚЖОЛ газетінің 30 наурызында «Көрермендер онлайн режимге де үйренеді» атты төмендегі мақалалар жарық көрді.
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры бүкіл әлемде орын алған коронавирус пандемиясына байланысты оқшауланып, үйде отырған өз көрермендері үшін әлеуметтік желіде орындау шартымен «Театр таланттарды іздейді» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын жариялайды.
С.Пірмановтың "Наурыз айы келгенде" атты ертегі-қойылымы онлайн режимде тамашалаңыздар!!!
И.Сапарбайдың "Сыған серенадасы" сазды драмасын онлайн режимде тамашалаңыздар!!!
Бүгін халықаралық театр күні. Сахна саңлақтарының төл мерекесі. Елбасына күн туған сын сағатта өнер адамдары да ешуақытта қалыс қалған емес. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Роза апаларымыз майдан даласындағы жауынгерлердің рухын көтеріп алғы шептерде тамағынан қан кеткенше концерт бергенін тарихтан білеміз. Ал мынадай алма ғайып қиын шақта Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының жастары өз қарыжыларына маска тігіп, қала халқына тегін таратуды қолға алып отыр. Өнерімен де, өнегелі ісімен де алда келе жатқан Тоқпанов театрының жастарына "мерекелерің құтты болсын дей отырып, қайырымды істерің Алланың шапағатына бөленсін дейміз.
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының директоры - Болат Бекжановтың мерекелік құттықтауы.
Біздің сүйікті көрермен!
Елімізде болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты театрымыздың қойылымдарынан қол үзіп қалғандарыңызды білеміз. Алайда біз сіздерден еш алыстамаймыз! Алдағы уақытта біздің спектакльдерімізді Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының YouTube арнасынан тамашалай аласыздар. ⠀
#БІЗ БІРГЕМІЗ!
Қадірменді сахна шеберлері!
Ардақты өнер майталмандары - ардагер ағалар мен апайлар! Құрметті барша театр қызметкерлері!
Бүгін 27 НАУРЫЗ - Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының музыка бөлімінің меңгерушісі МӨЛДІР БАРАҚБАЕВАНЫҢ туған күні.
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан АЛМАЗДЫ туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!
Біз эстефетаны облыстық халық шығармашылық орталығына жолдаймыз!
Амангелді Иманов рөлінде – «Серпер» жастар одағы сыйлығының лауреаты, арт. Кенен Ақүрпеков.
Міржақып Дулатов рөлінде – арт.Мәмбет Қожалиев.
Он алты бөлімнен тұратын хикаяны түсіруге қолдау көрсеткен ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі болса, ғылыми кеңес¬шісі – тарихшы-ғалым Берік Әбдіғали. Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында төрт ай түсірілген көркем туындыда Амангелді Иманов, Әбдіғапар хан, Әліби Жангелдин, Міржақып Дулатұлы және Ахмет Бірімжанов секілді тұлғалардың да образдары бар.
Шәмшінің әкесі Қалдаяқ рөлінде – «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты, арт. Кенен Ақүрпеков.
Сериал "қазақ вальсінің королі" туралы тың деректер мен қызықты оқиғаларды баяндамақшы. Шәмші мектеп жасында әкесінің домбырасын ұстап, сырнайын тартып жүреді. Ауылға келген сыған жігітінен мандолина сатып алады. Бала кезінен ата-анасымен бірге Ақан серінің "Балқадишасын" мандолинамен орындап, ауылдастарының алдында мерейі өсті. Шәмші бірден өнер жолына түскен жоқ. Әлдебір себептермен диплом ала алмай қалғандықтан, өмірінің соңына дейін әуесқой сазгерлер қатарында жүрді...
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры ғимаратының барлық бөлмелері мен көрермендер залының, цехтарының, әжетханаларының ішіне, барлық есік тұтқаларына санитарлық - дезинфекциялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.