Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының ұжымы «Көне Тараз» тарихи – этномәдени кешеніне саяхатқа шығып, осында орналасқан «Тарихи-өлкетану музейінің» жәдігерлері мен «Көркемсурет галереясына» қойылған қылқалам шеберлерінің туындыларын тамашалады.

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Асқарбек Сейілхан – Ұлы Абай бейнесінде ақын өлеңдерін жатқа оқуда...

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының жігіттер қауымы ұжымдағы апа-аналар мен қыз-келіншектерді 8 наурыз мерекелерімен құттықтап, ыстық тілектерін ән-жырмен, жалынды мадақ сөздермен жеткізді. Құттықтау соңы ойын-сауық кешке ұласты.

Сондай-ақ, театр басшылығы мен ұжым мүшелері, облыстық Ардагерлер кеңесімен және облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподағымен бірлесе отырып, осы күні 75 жасқа толған әріптестері, белгілі сахна саңлағы Мәкен Райсханованы да құттықтады.

Сізді туған жеріңіз - Жамбыл өңірінің белгілі өнер қайраткерлері мен Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы атынан М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театрының басшысы болып тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Осы киелі қарашаңырақта еңбек еткен кешегі қазақ өнерінің негізін қалаушы алыптардың  ісін талмай жалғастырып, Әкем-театр ұжымының шығармашылық жұмысын ел абыройын асқақтататын биіктерге жеткізе беруіңізге тілектеспіз.

Бүгін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының актрисасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Несіпкүл Әлімқұлқызын мерейлі 70 жасымен құттықтады. Сондай-ақ, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі, танымал «Тараз» триосының мүшесі Асылхан Шүңірековті де 60 жас мерейтойымен құттықтап, шапан жапты.
Туған күн иелеріне мықты денсаулық, қажымас қайрат, істеріңізге табыс тілейміз. Ел алдында осылай сыйлы болып жүре берулеріңізге тілектеспіз.

АҚЖОЛ газетінің 2020 жылдың 6 наурызында «Берекенің бастауы - бауырмалдық» атты төмендегі мақала жарық көрді.

8 mart

Сіздерді қыздар әлемінің төл мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге көгілдір көктемнің сәулелі де, шуақты күндеріндей шат-шадыман көңіл-күй, мол қуаныш, зор денсаулық, қызметтеріңізге сәттілік, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға құт-береке, ырыс, баянды бақыт тілейміз!

Жамбыл-Тараз газетінің 2020 жылдың 4 наурызында «Хакім аты ұлықталды», Әулиеата газетінде «Жүзі басқа, жүрегі бір» және «Желсіз түнде жарық ай» атты төмендегі мақалалар жарық көрді.

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында Шер-ағаң – Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» реквиемін белгілі актер, көрнекті режиссер, Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов сахнаға дайындап жатыр. Өткен жылдың соңынан бері дайындалып жатқан қойылымның тұсаукесері (премьерасы) наурыз айының 5 күні сағат 18.30-да болады.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры Қордай ауданының Масаншы ауылындағы №12 орта мектебінде "Алғашқы махаббат" комедиясын сахналады. Қойылымға 200-ден аса тұрғын келді. Шара соңында көрермендер өз алғыстарын айтып, комедияның көңілдерінен шыққанын жеткізді.

Ақ жол газетінің 2020 жылдың 27 ақпанында «Абай нұры – Алаш аспанында... Желсіз түнде жарық ай», Арай газетінде «Өсиеті ой салып өнегелі, Абай әні Таразда әуеледі» және «Театр мәдениеті толғандырады», сондай-ақ Знамя труда газетінде «Великому поэту посвящается» атты төмендегі мақалалар жарық көрді.

26 ақпан күні Тараз қаласындағы «Баласағұн» ОКЗ-да Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен халқының ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Желсіз түнде жарық ай" концерт-композициясы өтті.

77TV телеарнасы жаңалықтар топтамасы 27.02.2020 жыл

«ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ»
ПОЭТИКАЛЫҚ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДЫ ТАМАШАЛАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!!!

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 6 наурыз күні сағат 18:30-да Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Желсіз түнде жарық ай» поэтикалық композициясының тұсаукесер қойылымы болады.

Шығармада Ұлы Абайдың жас кезі, жігіт шағы, кемел жасқа толған кезеңі, ақын достары, алғашқы махаббаты Тоқжан қызға, екінші ғашығы Әйгерімге деген жыр болып ақтарылған сүйіспеншілік сезімі, ол жырлаған Онегин мен Татьянаның бейнесі, ұлағат пен тағлымға толы қара сөздерінің күші мен шындығы, жырларының рухы, солар арқылы көрініс табатын ақынның ішкі арпалыс пен халқының болашағы үшін күресі суреттеледі.

Инсценировкасы – белгілі режиссер, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымовтікі.

Режиссері – ҚР Мәдениет саласының үздігі Анар Сағымбекова.
Суретшісі – Айгерім Разаман.

26 ақпан күні Тараз қаласындағы «Баласағұн» ОКЗ-да Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен халқының ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Желсіз түнде жарық ай" концерт-композициясы өтті.

"Баласағұн" ОКЗ-да өткен шарада Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртістері Абайдың, Тоғжанның, Әйгерімнің, Е.Онегиннің, Татьянаның бейнелерін сомдап, "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы", "Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат", "Қажымас дос халықта жоқ", "Сегіз аяқ", "Есіңде бар ма жас күнің?", "Ғашықтың тілі тілсіз тіл" өлеңдерінің мазмұнын поэтикалық көріністермен ашты.

К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының Қазақ ұлт аспаптарының оркестрінің сүйемелдеуімен "Торжорға" күйі, "Көзімнің қарасы", "Айттым сәлем,Қаламқас" және дәстүрлі әншілердің орындауында "Желсіз түнде жарық ай", "Сегіз аяқ" әндері орындалды.

Мерекелік іс-шара соңында филармония әртістері Мұхамеджан Тазабековтың өлеңінде жазылған Құрмаш Махановтың "Дархан дала" әнін орындады.

Концерт-композиция аяғында облыс әкімінің ықылас гүлі тарту етілді.

2020 жылдың 18 наурыз күні сағат: 16.00-де: С.Сматаев пен Т.Теменовтың «Көгілдір такси» мелодрамасының қойылымы болады.

Драма оқиғасында әкесіз өскен Нұрбақыт атты жас бозбала жігіттің науқас анасына көмектесу жолында бастан өткерген қиын тағдыры, тіпті күн көріс, ақша табу мақсатымен қылмыстық жолға баруға оқталғаны сөйтіп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің құрығына түсуі баяндалады.

Оны тұтқындаған ішкі істер органының басшысы Қайыржан Ахатович деген полковник әлгі тұтқындалған жігітті анасының құрсағында жатқан кезінде тастап кеткен әкесі болып шығады.

Тұтқындалған жігіттің науқас анасы Мәриям баласымен кездесуге милицияға келгенде, өзін жас қыз кезінде ішінде сәбиі бола тұра, алмай тастап кеткен бұрынғы жігітімен (әлгі полковникпен) бетпе-бет кездесіп, бұдан 19 жыл бұрын өзіне опасыздық жасап, тастап кеткен «жігітіне» бар шындықты айтады. Полковник өзінің жас кезде жіберген қателігін мойындап, ана мен баладан кешірім сұрайды. Сөйтіп, тағдыр тауқыметімен жолдан тая жаздаған жас жігіт ішкі істер органында істейтін өз әкесін тауып, қатты абыржып, күйзелген әкесін кешіреді.

ПРЕМЬЕРА!!!
«ТҰРАР.СТАЛИНГЕ ХАТ»
(реквием)

5 НАУРЫЗ КҮНІ САҒАТ 18:30-ДА

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 5 наурыз күні, сағат 18:30-да халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Тұрар.Сталинге хат» реквиемінің тұсаукесер қойылымы болады.

Драма оқиғасында Алаш ардақтысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 1930-шы жылдары кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға бел шеше, батыл кірісіп, сол уақытта Қазақстанда бірінші басшы болған Ф.И. Голощекиннің қазақ жерінде қасақана, қолдан ұйымдастырған «кіші қазан төңкерісіне» ашық түрде қарсы шығуы, Қазақстан халқын ашаршылық апатынан құтқару жөнінде Сталинге ашық хат жазуы, соңынан өзі тікелей нақты ұсыныстармен барып, бетбе-бет кездесуі баяндалады.

Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсан дүниеге келген. 1937 жылы «ұлтшыл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынып, репрессия құрбаны болды.

Авторы – халық жазушысы Шерхан Мұртаза.
Режиссері – Қазақстанның Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов.
Суретшісі - Айгерім Рамазан.

АСҚАР ТОҚПАНОВ АТЫНДАҒЫ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА!!!

ПРЕМЬЕРА
2020 жылдың 5 наурыз күні сағат: 18.30-да
Ш.Мұртаза «Тұрар.Сталинге хат» реквием

ПРЕМЬЕРА
2020 жылдың 6 наурыз күні сағат: 18.30-да
Қ.Қасымов «Желсіз түнде жарық ай» поэтикалық-композициялық қойылым

2020 жылдың 18 наурыз күні сағат: 12.00-де
М.Ақүрпековтің «Жақсы шәкірт» ертегісі

2020 жылдың 18 наурыз күні сағат: 16.00-де
Ә.Оразбековтің «Көгілдір такси» мелодрамасы

30 наурыз күні сағат 16.00-де
Жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасы

КІШІ САХНАДА
2020 жылдың 14 наурыз күні сағат: 11.00-де
Қ.Қасымов «Желсіз түнде жарық ай» поэтикалық-композициялық қойылым

Ахмет Байтұрсынов рөлінде – «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты, арт. КЕНЕН АҚҮРПЕКОВ.

Міржақып Дулатов рөлінде – арт. МӘМБЕТ ҚОЖАЛИЕВ.

Фильм рулық қоғамнан Ұлттық мемлекет құрамыз деп, өз уақытынан оза шапқан тұлғаларға арналады.

Оқиға желісі Алашорда үкіметін құру жолындағы ортақ мұратқа топтасқан алаш зиялыларының өмірінен құрылады. Басты кейіпкердің бірі Әлихан Бөкейхановтың тартысқа толы драмалық кезеңі суреттеледі. Оның ел үшін күрескен еңбегі, айналасына топталған тарихқа белгілі тұлғалармен байланысы, көзқарасы мен ұстанымы, махаббаты мен тағдыры көркемдік шешімдермен өріледі.

Алашорда үкіметін құру жолында күрескен Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Смағұл Садуақасов сынды тұлғалардың да көркем образдары көрініс табады.

Алашорда үкіметін құру барысындағы тартысты пікірлер мен екі топқа бөлінген алаш зиялылары арасындағы саяси қарым-қатынас, сатқындық, мүделлер қақтығысы да көрсетіледі. Омбы мен Семейдегі оқиғалар, Алаш әскерінің құрылуы, Сталиннің Әлиханды Мәскеуге алдыруы, абақтыдағы тергеу істері қамтылады. Қазақ даласының Ақпан төңкерісін қалай қабылдап, Қазан төңкерісінен кейін неге екіге бөлінгені негізгі оқиғаға арқау болды. Әлиханның алаш жұрты ұстануға тиісті бес ұстанымы төңірегіндегі аманат ойларымен түйінделеді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 28 ақпан күні сағат 11:30, 14:30-да Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Махаббат, қызық мол жылдар» поэтикалық композициясы болады.

Инсценировка: Қуандық Қасымов

Режиссері: Анар Сағымбекова

"Желсіз түнде жарық ай" концерт-композициясы