Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 83-ші маусымы 2019 жылға жоспарланған жаңа қойылымдарының бірі – Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» атты трагикомедиясының премьерасымен жабылды. Бұл қойылымды сахнаға дайындаған - белгілі режиссер Рүстем Жаныаманов. Қоюшы – суретшісі - Рахат Сапаралиева. Музыкамен көркемдеуші - Мөлдір Барақбаева. Балетмейстері – Лаура Дүйсен.

Аталған жаңа қойылым - оның авторы, белгілі өнер майталманы, актер, «Құрмет» орденінің иегері, біздің Жамбыл облыстық қазақ драма театрында ұзық жылдар бойы актерлік қызмет атқарған марқұм Спандиярбек Мұқышевтің 65 жылдығына орай, Көркемдік кеңестің шешімімен сахналауға ұсынылды.

Жанры да айтып тұрғандай, бұл драмалық шығарма оқиғасында ақиқат өмір мысалдарынан алынған трагедия да, комедия да қатар жүріп, өрбиді.

Трагедиясы, ол – қарапайым еңбек адамдарының қаншалықты қиын-қыстау жағдайға тап болса да, табиғаттың тосын оқиғаларымен де, тағы жыртқыштармен де, солар мінездес қатыгез адамдармен де, тоңмойын жандармен де қайыспай күресіп, өз міндеттерін жанкештілікпен атқарып жатқандығы.

Ал, комедиясы – еңбекші адамдар басындағы сол ауыр трагедиялық жағдайды көріп, біле отырып, олардың басшыларының сауық-сайран салып, бақталастыққа, тақталастыққа түсіп, арзан күлкіге айналуы.

Бұл жаңа қойылымдағы Зілзала Қуықбаев атты сауық-сайраншыл ауыл басшысының ролін артист Жандар Қырықбаев бар шеберлігін сала ойнап шықты. Оның көмекшісі, өте жылтыр, жағымпаз қызметкер Киікбай образын артист Азамат Шакенбаев мейлінше сенімді де шынайы шығарды. Биліктен дәмесі бар Ақбалтыр атты (арт. Назым Ақылова) сұлу бикеш сауық-сайраншыл басшы Зілзала Қуықбаевтың көңілін аулай жүріп, «билік үшін» арпалысты. Билікке таласып жүргендердің бірі - бұрынғы ескі заманды аңсаушы «опозиционер», компартия өкілі Қоянбай Жырықбаевты ҚР еңбек сіңірген артисі Асқарбек Сейілхан сомдады. Бір қауым зорлықшыл топ бұл «оппозиционер-компартияшылды» апанға тастап, құрдымға жіберді.

Ауыл үшін жанталасып еңбек етіп жүрген бірнеше адал еңбеккерлер жыртқыштарға жем болды, апанға тасталды.

Ең соңында жоғары жақтың нұсқауымен бұл ауылдың басшысы қызметінің креслосына қалтылдап әрең жүрген тоқсан жасқа таяған шал Киізқазық Шудабаев (орындаған артист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбиірбек Тінәлі) отырды.

Қойылымда сондай-ақ, Бәку ролін - арт. Мәмбет Қожалиев, Әбдин ролін – арт. Нұрсұлтан Маханов, Тышқанбай Қаптесеров ролін - арт. Абзал Дәулетбақов, Қасқабас ролін – арт. ҚР Мәдениет қайраткері Жүніс Әлімбеков, Айым ролін – арт. Индира Мұстафаева, Кейқуат ролін – арт. Әбу Шонбаев, Қатира ролін – арт. Сымбат Нұрсейітова, хатшылар рольдерін – артистер: Азамат Исаев, Медеу Ердалиев, Ақнұр Елемесова, Әсем Қондыбаевалар, космонавтар рольдерін: артистер Мейірбек Есімбекұлы, Ризат Қылышбаевалар сомдап шықты.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 83-ші маусымы 2019 жылға жоспарланған жаңа қойылымдарының бірі –  Спандияр Мұқышевтің  «Апандағы адамдар» атты трагикомедиясының премьерасымен жабылды. Бұл қойылымды сахнаға дайындаған - белгілі режиссер  Рүстем Жаныаманов. Қоюшы – суретшісі - Рахат Сапаралиева. Музыкамен көркемдеуші  - Мөлдір Барақбаева. Балетмейстері – Лаура Дүйсен.

Аталған жаңа қойылым - оның авторы, белгілі өнер майталманы, актер, «Құрмет» орденінің иегері, біздің Жамбыл облыстық қазақ драма театрында ұзық жылдар бойы актерлік қызмет атқарған марқұм Спандиярбек Мұқышевтің 65 жылдығына орай, Көркемдік кеңестің шешімімен сахналауға ұсынылды. 

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында ұзақ жылдар бойы актерлық қызмет атқарып, 2009 жылы 55 жасында дүниеден озған,  Халықаралық және республикалық театр фестивальдарының бірнеше дүркін   жүлдегері, «Құрмет»   орденінің иегері,  марқұм  Спандиярбек  Мұқышев  аса дарынды артист, шоқ тілді сықақшы қаламгер,  аяулы асыл азамат  еді. Ол 1954 жылы 4 ақпанда  Жамбыл облысы  Талас ауданының  Амангелді ауылында  дүниеге келген.

Спандияр  Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 1976 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, табан аудармай 33 жыл еңбек етті.

1989 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша сырттай оқып бітірген ол, ел арасында қаламгерлік талантымен де танымал болатын. Оның қаламынан туындаған сатиралық әңгімелері мен өлеңдері, публицистикалық шығармалары баспасөзде тұрақты жарияланып тұратын. Спандияр драматургия саласына да қалам тартып, бірнеше пьесалар жазып қалдырды.
    Соның бірі – марқұмның  65 жылдығына орай Жамбыл облыстық қазақ драма театры сахналап, тұсаукесер қойылымын өткізген – осы «АПАНДАҒЫ  АДАМДАР»  трагикомедиясы.
     Жанры да айтып тұрғандай, бұл драмалық шығарма оқиғасында ақиқат өмір мысалдарынан  алынған трагедия да, комедия да қатар жүріп, өрбиді.
    Трагедиясы, ол – қарапайым еңбек адамдарының қаншалықты қиын-қыстау жағдайға тап болса да, табиғаттың тосын оқиғаларымен де, тағы жыртқыштармен де, солар  мінездес қатыгез  адамдармен де, тоңмойын жандармен де қайыспай күресіп, өз міндеттерін жанкештілікпен атқарып жатқандығы.
    Ал, комедиясы – еңбекші адамдар басындағы сол ауыр трагедиялық жағдайды көріп, біле отырып, олардың басшыларының сауық-сайран салып, бақталастыққа, тақталастыққа түсіп, арзан күлкіге айналуы.
    Спандияр бүгін тірі болғанда, бәлкім, осы шығармасындағы бір басты кейіпкерін өз сомдайтын ба еді?! 
    ... Ал, Спандиярдың сахнадағы ойындары қандай келісті еді десеңізші?!
    Ол әр жылдары «Еңлік - Кебекте» - Кебек, «Қозы Көрпеш – Баян сұлуда» - Қодар, «Қобыландыда» - Қазан батыр, «Айша бибіде» - Арыстан, «Гамлетте» - Горацио,  «Отеллода» - Кассио, Шерхан Мұртазаның «Сталинге хатында» - Сталин, Бақтияр Әбілдаевтің «Төле биінде» - Абылай хан, Елен Әлімжанның «Жанталасында» - Қасым, Арғынбай Бекбосынның «Ньюрнбергтен бұрынында» - Қосы батыр, Бақтияр Әбілдаевтың «Төле биінде» - Қойгелді батыр, Иран Оразбаевтың «Мен ішпеген у бармасында?» - Абай және т.б. ондаған  рольдерін өзіне тән қайталанбас шеберлікпен сомдадап, есте қалды. 
Бұл жаңа қойылымдағы  Зілзала Қуықбаев  атты сауық-сайраншыл ауыл басшысының  ролін  артист  Жандар Қырықбаев бар шеберлігін сала ойнап шықты.  Оның көмекшісі, өте жылтыр, жағымпаз қызметкер  Киікбай образын артист  Азамат Шакенбаев мейлінше сенімді де  шынайы шығарды.  Биліктен дәмесі бар Ақбалтыр атты (арт. Назым Ақылова) сұлу  бикеш сауық-сайраншыл басшы Зілзала Қуықбаевтың көңілін аулай жүріп, «билік үшін» арпалысты. Билікке таласып жүргендердің бірі  -  бұрынғы ескі заманды аңсаушы «опозиционер», компартия өкілі Қоянбай Жырықбаевты ҚР еңбек сіңірген артисі Асқарбек Сейілхан сомдады. Бір қауым зорлықшыл топ бұл «оппозиционерді»  апанға тастап, құрдымға жіберді.  
Ауыл  үшін  жанталасып  еңбек етіп жүрген бірнеше адал еңбеккерлер жыртқыштарға жем болды,  апанға  тасталды.
Ең соңында жоғары жақтың нұсқауымен  бұл ауылдың басшысы қызметінің креслосына  қалтылдап әрең жүрген  тоқсан жасқа таяған шал Киізқазық Шудабаев (орындаған артист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Әбиірбек Тінәлі)  отырды. 
Қойылымда сондай-ақ,  Бәку ролін  -  арт. Мәмбет Қожалиев, Әбдин ролін – арт. Нұрсұлтан Маханов,  Тышқанбай Қаптесеров ролін  - арт. Абзал Дәулетбақов,  Қасқабас ролін – арт. ҚР Мәдениет қайраткері  Жүніс Әлімбеков,  Айым ролін – арт. Индира Мұстафаева, Кейқуат ролін – арт. Әбу Шонбаев,  Қатира ролін – арт. Сымбат Нұрсейітова,  хатшылар рольдерін – артистер: Азамат Исаев, Медеу Ердалиев, Ақнұр Елемесова, Әсем Қондыбаевалар, космонавтар рольдерін: артистер Мейірбек Есімбекұлы, Ризат Қылышбаевалар сомдап шықты.
Премьера соңында театр директоры Б.Бекжанов ұжымды және көрермендер қауымын театрдың 83 маусымының салтанатты жабылуымен құттықтады.   Одан соң,  бүгінгі болған  премьера - «АПАНДАҒЫ  АДАМДАР»  трагикомедиясының авторы, белгілі өнер майталманы,  марқұм Спандияр Мұқышевті еске алып, оның  өнердегі жетістіктерін тоқталып өтті.  Спандиярдың жұбайы, театр актрисасы Галина Қойшыбаеваға театр ұжымы атынан  сый-сияпат көрсетті.  Театрдың  осы қойылымда өнер көрсеткен бір топ артистері  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың  Грамоталарымен марапатталды.
Одан соң, театр ұжымы мен кеш қонақтары  Спандиярдың жұбайы, театр актрисасы Галина Қойшыбаева жайған дастарханнан дәм татып, марқұм Спандияр Мұқышевтің аруағына Құран бағыштады.

"БАЛШЫҚ БАЛА" ертегісі

Авторы: М. Абайділдә, С. Пірманов
Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова, Кенен Ақүрпеков
Рөлдерде: Балшық бала - (Медеу Ердалиев)
Анасы - (Галина Қойшыбаева)
Әкесі - (Ахмет Әнапия)
Ақтөс - (Мейірбек Есімбекұлы)
Аю - (Әбу Шоңбаев)
Қасқыр - (Нұрсұлтан Маханов)
Түлкі - (Ризат Қылышбаева )

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының кіші залында балалар назарына "АЛТЫН ЖҰМЫРТҚА" ертегісі ұсынылды.

Авторы: С. Пірманов
Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова
Рөлдерде: Қаптесер - (Әсем Қондыбаева)
Күшік - (Әбу Шоңбаев)
Сауысқан - (Ризат Қылышбаева)
Әтеш - (Елжан Жармұхамедов)
1 қарға - (Жандар Қырықбаев)
2 қарға - (Азамат Шәкенбаев)
3 қарға - (Мейірбек Есімбекұлы)
Бақ құсы - (Сымбат Нұсейітова)

15 маусым Жамбыл облыстық қазақ драма театры, Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының қолдауымен "Ортағасырлық Төрткүл керуен сарайында" Табиғаттағы Театр қойылымы өтті. Аталған қойылымда Ғабит Мүсіреповтің пьесасы желісі бойынша "ҚЫЗ ЖІБЕК" драмасы сахналанды. Қоюшы-режиссері Қуандық Қасымов.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры көшпелі қойылыммен "Бөбек" сауықтыру орталығының бүлдіршіндеріне "Жаңғырған жаңа күн" ертегісін ұсынды.

Авторы: А. Атымтаева
Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова
Рөлдерде: Алдар көсе - (Бексұлтан Әлекешов)
Қожанасыр - (Азамат Шәкенбаев)
Құлыншақ - (Альмира Ділда)
Бұзау - (Нұрсұлтан Маханов)
Теке - (Елжан Жармұхамедов)
Жез тырнақ - (Ризат Қылышбаева)
Дию - (Абзал Дәулетбақов)
Жер ана - (Гауһар Сұлтанбекова)

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театрының кіші залында балалар назарына "Ақ күшіктің туылған күні" ертегісі ұсынылды.

Авторы: С. Пірманов
Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова
Рөлдерде: Ақ күшік - (Азамат Шәкенбаев)
Тентек бала - (Бексұлтан Әлекешов)
Қарт ит - (Әбу Шоңбаев)
Күн Шөже - (Альмира Ділда)
Бал шөже - (Әсем Қондыбаева)
Гүл шөже - (Сымбат Нұсейітова)
Әжесі - (Индира Мұстафаева)

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының кіші залында балалар назарына ұсынылды.

Авторы: С. Пірманов
Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова
Рөлдерде: Қаптесер - (Әсем Қондыбаева)
Күшік - (Әбу Шоңбаев)
Сауысқан - (Ризат Қылышбаева)
Әтеш - (Елжан Жармұхамедов)
1 қарға - (Жандар Қырықбаев)
2 қарға - (Азамат Шәкенбаев)
3 қарға - (Мейірбек Есімбекұлы)

Авторы: М. Абайділдә, С. Пірманов
Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова, Кенен Ақүрпеков
Рөлдерде: Балшық бала - (Медеу Ердалиев)
Анасы - (Галина Қойшыбаева)
Әкесі - (Елжан Жармұхамедов)
Ақтөс - (Абзал Дәулетбақов)
Аю - (Әбу Шоңбаев)
Қасқыр - (Нұрсұлтан Маханов)
Түлкі - (Назым Ақылова)

Авторы: Еркін Абдрешов
Қоюшы-режиссері: Абдрешов
Рөлдерде: Ақнұр Елемесова
Бексұлтан Әлекешов
Асан Зарина
Перизат Рыспанбетова
Мейірбек Есімбекұлы

Сіздерді "Ұлы даланың жеті қыры" тақырыбына орай, Жамбыл облыстық қазақ драма театры ғимаратында орын алған, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған суретшілердің заманауи өнер туындыларының ашылу салтанаты өтті. Көрме маусымның 5-нен, шілденің 5-не дейін өтеді. Келіңіздер! Көріңіздер!

Авторы: С. Пірманов
Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова
Рөлдерде: Қаптесер - (Әсем Қондыбаева)
Күшік - (Әбу Шоңбаев)
Сауысқан - (Ризат Қылышбаева)
Әтеш - (Елжан Жармұхамедов)
1 қарға - (Жандар Қырықбаев)
2 қарға - (Азамат Шәкенбаев)
3 қарға - (Мейірбек Есімбекұлы)

Авторы: М. Абайділдә, С. Пірманов

Қоюшы-режиссері: Анар Сағымбекова, Кенен Ақүрпеков

Рөлдерде:

Балшық бала - (Бексұлтан Әлекешов)
Ақ күшік - (Мейірбек Есімбекұлы)
Анасы - (Галина Қойшыбаева)
Әкесі - (Ахмет Әнапия)
Қасқыр - (Нұрсұлтан Маханов)
Түлкі - (Назым Ақылова)
Аю - (Әбу Шоңбаев)

4 маусым сағат 9.30-да Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні мерекесі аталып өтілді. Қазақ театры мен орыс театрының ұжымы театрдың кіші залында Қазақстан Республикасының Мемлекетік Гимнін орындады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы 1-8 маусым күндері Татарстан Республикасының ҚАЗАН қаласында өткізілген «НАУРУЗ» Халықаралық театр фестиваліне Қ.Қасымовтың «ҚЫЗ ЖІБЕК» саунд-драмасымен сахналады.

Атаулы мереке күні Жамбыл облыстық қазақ драма театры көшпелі қойылыммен Тараз қаласындағы #4 арнаулы орталық балалар мен жасөспірімдер үйінің бүлдіршіндеріне А. АТЫМТАЕВАНЫҢ "ЖАҢҒЫРҒАН ЖАҢА КҮН" ертегісін ұсынып бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап қайтты.

Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі.

Осыған орай Жамбыл облыстық қазақ драма театры ұжымы бір кісідей атсалысып, қуғын-сүргінді бастан кешкен ата-бабаларымызды еске алды. Саяси қуғын сүргін мемориалы алдына гүл шоуюқтарын қойып, жалпы театр ұжымына деректі фильм көрсетілді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы 1-8 маусым күндері Татарстан Республикасының ҚАЗАН қаласында өткізілетін «НАУРУЗ» Халықаралық театр фестиваліне Қ.Қасымовтың «ҚЫЗ ЖІБЕК» саунд-драмасымен қатысуға шақыру алып, Татарстанға шығармашылық сапармен жол жүріп кетті.

Ақ жол, Сіздерге, Жамбылдық өнер қырандары!

Айта кетейік, осы сапар алдында ғана Жамбыл облыстық қазақ драма театрының ұжымы Ақтөбе қаласында өткен Халықаралық театр фестиваліне Б.Жандарбековтің «Томирис» атты экспериментальді драмасымен қатысып, тарихи қойылымдар бойынша арнайы номинацияға ие болып, қайтқан болатын.

Бүгін театрымызда орыс театрының ұжымымен бірге "діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған отырыста Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының мүшесі Джакипов Ерзат Джаскаебаевич сөз сөйледі. Қазақ және орыс театрларының директор орынбасарлары Қанат Агадилов пен Сон Валерия Михайловна театр іргесінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар, іс шаралар мен сахналық қойылымдарды баяндады. Әсіресе болашағымыз жастарға кеңінен түсіндіріліп, ақ пен қараны ажырата білсін деген мақсатта кеңінен айтылды. Дәл осы тақырыпта театр ұжымына белгілі уақыт ішінде осындай жиналыс, түсіндіру жұмыстары өтеді.