Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА!!!

20 - 30 ЖЕЛТОҚСАН АРАЛЫҒЫНДА!!!

КҮН САЙЫН: САҒАТ 9.00, 11.00, 13.00, 15.00, 17.00-ДЕ!!!

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН БАЛАЛАР ҮШІН!!!

2020-ШЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫ ҚАРСЫ АЛУҒА АРНАЛҒАН –

«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ...» АТТЫ ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕГІ

ЖӘНЕ ДУМАНДЫ ҚОЙЫЛЫМ БОЛАДЫ!!!

БИЛЕТТЕР ТЕАТР КАССАСЫНДА ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТАРАТУШЫЛАР АРҚЫЛЫ САТЫЛАДЫ!!!

ЕРТЕГІ ОҚИҒАСЫНДА: Аяз Ата мен Ақшақар бастаған балалар 2020-шы Жаңа жылды және Жыл иесі – Тышқан-Тимонды қарсы алуға дайындық жасап жатады.

Осы кезде Түнек патшайымы Малефисента бастаған құйын, дауыл, боран шақыратын қаскүнемдер тобы Аяз Ата мен Ақшақарды ұрлап әкетеді... Олар осылайша Жаңа жылдың қызықты өтуіне кедергі жасамақ болады. Алайда, Жаңа жылдың келуін асыға күтіп жүрген Аяз Ата мен Ақшақардың достары Түнек патшалығының озбырлықтарына қарсы күреске шығып, Аяз Ата мен Ақшақарды тұтқыннан босатып алады...

Сөйтіп, Аяз Ата мен Ақшақар достарымен бірге Шырша мерекесіне келіп, Жаңа жылды ойын-сауық, думанмен қарсы алады...

Ертегі мен думанды қойылымның авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова .

«Отелло» – сатқындық пен қызғаныш «майданы» туралы трагедиялық драма. Трагедия оқиғасы өмір-өзенде егіздің сыңарындай жүретін жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қайғы, адамгершілік пен әділетсіздік, өлім мен өмірдің ешқашан бітпейтін күрес екенін еске салады. Қоғамның осындай қарама-қайшылықтардан, сүйгенің үшін күрестен тұратынын көрерменіне жеткізе білген Шекспирдің «Отеллосы» бүгінгі күні де маңызын жоймаған. Қолбасшы Отелло осындай жалғандық пен сатқындық салдарынан опат болады.

29 қараша күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық құрамы Байзақ ауданы, Бұрыл ауылындағы «Бағлан» балабақшасы мен Қызыл жұлдыз ауылындағы «Медина» балабақшасына көшпелі қойылыммен барып, С.Пірмановтің «Ақ күшіктің туған күні» атты ертегі-қойылымын  сахналады. 

Қазіргі уақытта әр кішкентай бүлдіршін өз туған күнімен бірге ата-анасынан,  достарынан ерекше сыйлық күтетіні белгілі.

«Ақ күшіктің туған күні»  ертегі-қойылымында да кішкентай ақ күшік өзінің туған күні  ескерусіз қалып бара жатқанына іштей ренжулі болады. Алайда, оны құттықтауға достары келгенде, оның  төбесі көкке жетіп, қуанышында шек болмайды...

Кішкентай бүлдіршіндер үшін де, үлкендер үшін де тәрбиелік, танымдық маңызы зор осы қойылымды балабақша балалары  ғана емес бастауыш мектеп оқушылары да  ерекше қызығып көреді. 

Ертегі авторы – Сантөре Пірманов. Қойылым режиссері -  Анар Сағымбекова.

Бүгін, 28 қараша – Жамбыл облыстық қазақ драма театрының айтулы сахна шебері, талантты актриса ЗАРИНА АСАННЫҢ туған күні!

ЗАРИНА! Сенің туған күніңе арналған жүректен шыққан асыл тілектеріміз шексіз! Сенің өмірге, өнерге деген адалдығың мен махаббатың шексіз! Біз саған өмірдегі адамизат үшін керекті бар игі жақсылықтарды тілек қыламыз! Біз саған зор денсаулық, адами және отбасылық бақыт, өнеріңе шабыт-шалқар, мол шығармашылық табыс, жетістіктер тілейміз!

Зарина, сен кішкентай сәби кезіңнен бастап анаңмен бірге театрға жиі келіп жүріп, театр ұжымының баласындай болып өстің. Анаңның және театрдың шығармашылық ұжымының сахна өнеріне ерте баулып, бағыт-бағдар беруі нәтижесінде, СЕН, 2000 жылы 5 жасыңнан бастап, сахнаға шығып, түрлі ертегі қойылымдарда берілген рольдерде ойнай бастадың. СЕН, ең алғаш 5 жасыңда драматург Д.Исабековтің «Пері мен періште» пьесасы бойынша дайындалған қойылымда Әнел қыз рөлін өте әсерлі сомдап, бірден көрермен көзайымына айналдың.

Осылайша, 5 жасыңда сахнада басталған актрисалық жолың, СЕНІ, 2011 жылы орта мектепті бітірісіңмен бірден сахна еңбегіне алып келді.

СЕН, театр өнері мамандығы бойынша колледжде, университетте оқып жүрген студент шағыңда да үнемі берілген рольдерге өте жақсы дайындықпен келіп, студенттік жылдарыңда да сахнадағы еңбегіңді үзбей жалғастырдың.

СЕН, осы жылдар ішінде сахна төрінде 30-дан аса басты, негізгі рольдерді сомдап, кешегі жас бүлдіршін шәкірттен, шеберлігі артып, қалыптасқан айтулы актрисаға айналдың.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының тек қана соңғы жылдардағы көптеген республикалық және алыс-жақын шет елдерде өткен Халықаралық театр фестивальдеріне қатысып, зор табыстарға ие болуы – тікелей, СЕНІҢ сол сахналардағы шебер ойындарыңмен байланысты десек, еш артық айтқандық емес.

Жамбыл театрының әлемнің түкпір-түкпірін аралаған қойылымдарының бірі – Қуандық Қасымовтың «Қыз Жібек» саунд-драмасы болса, сен солардың бәрінде басты кейіпкер Қыз Жібек бейнесін сомдап, әлем жұртшылығын шынайы актерлік шеберлігіңмен мойындаттың.

Сен сомдаған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» - Еңлік сұлу, Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегіндегі» - Нұргүл қыз, Б.Бекжановтың «Айша бибісіндегі» - Гүлхан ханшайым және басқа да рольдерің сенің театрдай саф та таза, сұлу өнерге қосқан зор үлесің деп білеміз.

ЗАРИНА, туған күнің құтты болсын! Біз сені жақсы көреміз!

ІЗГІ НИЕТПЕН: Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің...

Бүгін, 28 қараша – Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, талантты актер РУСЛАН ОРАЗАЛИЕВТІҢ туған күні!

РУСЛАН!

Туған күнгі басты тілек – денсаулық,

Денсаулық болса – сол байлық!

Қалған байлықтың бәрі-бәрі, сенде – бар!

Жоғың болса, табылар, оны табар – күшің бар,

Өнер деген – ешқашанда өлмейтұғын ісің бар!

Өнеріңді бағалайтын – көрермен деген елің бар,

Қасиетті сахнаға күнде тамған адал-еңбек, терің бар!

Ең бастысы өзіңде – өнерге деген Махаббат пен Сенім бар!

Сахнада сен:

Бірде – Оғұлшақ ханның Яхудидей кәнігі уәзірісің,

Бірде – комедиялардың көзірісің!

Бірде – Қызыл Ыбырайдай батырсың,

Бірде – Атаман боп, бір өзің он актерға татырсың!

Бірде – «Ақан серідегі» Сердәлісің,

Бірде – Томиристің Бахтиярдай сарбазысың!

Бірде – Айтматовтың кейіпкерісің,

Бірде – «Қос жебедегі» жүргіш, еліктегішсің!

«Қазақтар» мен «Апандағы адамдарда» - молда болып шығасың,

Енді бірде – Шәмшіден Изольданы қызғанған Алекодай сығансың!

Ертегінің бәрінде – Алдар көсе мен Қожанасырсың,

Одан да бөлек ойындарың – бірде әнші, бірде жыршы, бірде ақынсың!

Осыншама кейіпкердің бейнесі мен жүріс-тұрыс, мінездерін ойнатқан,

РУСЛАНДАЙ МЫҚТЫ АКТЕРГЕ,

ДЕНСАУЛЫҚ БЕР,

АТАҚ-АБЫРОЙ,

ЗОР БАЙЛЫҚ БЕР, ЖАРАТҚАН!

ТУҒАН КҮНІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, РУСЛАН!

Ізгі ниетпен:

Асқар Тоқпанов атындағы

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің...

27 қараша күні Жамбыл облыстық қазақ драма театры көшпелі қойылыммен Сарыкемер ауылындағы «Мұрагер» балабақшасына М.Абайділда мен С.Пірмановтың балаларға арналған «Балшық бала» атты ертегісін сахналады. Ертегіні сахнаға дайындаған қоюшы-режиссер – Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, белгілі актер Кенен Ақүрпеков.

«Балшық бала» ертегісінің оқиғасы бір балаға зар боп, өмірлері өксікпен өтіп келе жатқан бір кемпір мен шалдың отбасында болады.

Кемпір мен шалдың мекен-жайына сол маңдағы орманды мекен ететін Аю, Қасқыр және Түлкі қайта-қайта «шабуыл» жасап, қорадағы қой-ешкісі мен тауықтарын ұрлап әкетеді.

Өмірлері бір балаға зар боп өтіп жатқан кемпір мен шал Құдай бермеген баланы қолдан, балшықтан жасап алуды ойлайды. Сөйтіп, шал қолдан бала жасауға кіріседі. Баланы жасап бітіп, оған Балшық бала деп ат қояды.

Құдайдың құдіретімен Балшық балаға жан бітіп, ол алып, батыр бала болып, өмірге келеді.

Батыр кейпіне енген Балшық бала енді Ақтөс итпен бірге зорлықшыл аңдардан кек алып, атасы мен апасының малдарын қайтарып әкелуге аттанады. Сөйтіп, батыр Балшық бала мен Ақтөс зорлықшыл аңдар Аю, Қасқыр, Түлкілерді қолға түсіріп, олардан ұрлаған малдарын қайтарып алады. Аю, Қасқыр, Түлкі үшеуі атасы мен апасынан кешірім сұрап, енді Балшық баламен, Ақтөспен дос болатындарын айтып, уәделерін береді.

Соңында, бәрі достасып, достасу мерекесін тойлайды...

АСҚАР ТОҚПАНОВ атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы – Оңтүстік Қазақстан облыстық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында үздіксіз 65 жыл бойы актрисалық қызмет атқарған белгілі өнер майталманы, Қазақстанның халық артисі АЙША АБДУЛЛИНАНЫҢ өмірден өтуіне байланысты, марқұмның отбасына, туған-туыстарына, өнердегі достары мен әріптестеріне, қайғыларын бөлісіп, көңіл айтады.

Айша Абдуллина қазақ театр өнерінің дамуына сіңірген зор еңбегі үшін әр жылдары «Қазақстанның халық артисі» мемлекеттік атағына, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» белгісіне, «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» мәртебелі атағына ие болды, сондай-ақ, «Құрмет белгісі», «ІІ-дәрежелі Отан соғысы», «Парасат» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы президенттік степендиясымен, «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Театр өнерін дамытуға қосқан орасан зореңбегі үшін» номинациясы жүлдесімен, Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Қазақ театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін» арнайы сыйлығымен марапатталған. Сондай-ақ, ол бірнеше рет Халықаралық және Республикалық театр фестивальдерінің лауреаты атанды.

Қазақстың театр өнеріне 65 жылдан аса үздіксіз қызмет еткен белгілі өнер майталманы, Қазақстанның халық артисі АЙША АБДУЛЛИНАНЫҢ бейнесі біздің жүрегімізде әрдайым сақталады.

АСҚАР ТОҚПАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЖЫМЫ

Тараз қаласында өткен екі күндік семинар жұмысына қатысқан Республикалық Орталық және Қазақстанның басқа да өңірлерінен келген облыстық сайлау комиссиясының өкілдері Жамбыл облыстық қазақ драма театрыныңда қонақта болып, Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасын тамашалады.

Драманы сахнаға дайындаған қоюшы-режиссері – белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Сценографиясын жасаған қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.

Қойылымды тамашалаған қонақтар Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да киелі махабаттың символдары саналатын - Айша бибі мен Қарахан тағдырына қатысты тарихи шындықты осы драма арқылы көріп, білулеріне мүмкіндік туғызған театрдың өнер ұжымына алғыстарын жеткізіп, ықылас гүлін табыс етті.

Қонақтар мен басқа да көрермендер драма оқиғасы арқылы автор суреттеген айдай сұлу Айша бибі қыздың ақылына көркі сай нәзік те өр бейнесіне, Қарахан батырдың нағыз ержүрек жауынгерге, кемелденіп, толысқан батырлық келбеті мен елге тұтқа бола алатын тұлғасына ерекше сүйсінді.

Сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы сол дәуірді, сол кезең мәдениетін, өнерін, өмір сүру қағидаларын, жалпы Қараханидтер дәуірінің тылсым тіршілігін көргендей әсер алды.

Көрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысады.

Өнерсүйер қауым, сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тылсым тыныс-тіршілігімен, Әулиеата жерінің сакральды географиясымен танысуға да мүмкіндік алады.

Барша халық жақсы біледі. Тараз десе, көз алдымызға – Айша бибі мен Қарахан келеді. Ал, кейінгі жас ұрпақ, өкінішке орай, Айша бибі мен Қараханның махабаттағы тағдырлары – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек, Ақан сері-Ақтоқты, Қыз Жібек пен Төлеген сияқты өмірде шын болған тарихи, әдеби тұлғалармен көп ұқсас екендігін терең біле бермейді.

Шығарма оқиғасында Қараханның және ол басқарып отырған мемлекеттің жаулары Айшаны өлтіру арқылы Қараханды мұқатпақ болған жаулық ой-пиғылдарын, ақыры орындап тынады. Айша бибі жау пиғылды сатқындар қолынан қаза табады.

21 қараша күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық құрамы Тараз қаласындағы «Еркеназ» балабақшасына көшпелі қойылыммен барып, С.Пірмановтің «Ақ күшіктің туған күні» атты ертегі-қойылымын  сахналады. 

Қазіргі уақытта әр кішкентай бүлдіршін өз туған күнімен бірге ата-анасынан,  достарынан ерекше сыйлық күтетіні белгілі.

«Ақ күшіктің туған күні»  ертегі-қойылымында да кішкентай ақ күшік өзінің туған күні  ескерусіз қалып бара жатқанына іштей ренжулі болады. Алайда, оны құттықтауға достары келгенде, оның  төбесі көкке жетіп, қуанышында шек болмайды...

Кішкентай бүлдіршіндер үшін де, үлкендер үшін де тәрбиелік, танымдық маңызы зор осы қойылымды балабақша балалары  ғана емес бастауыш мектеп оқушылары да  ерекше қызығып көреді. 

Ертегі авторы – Сантөре Пірманов. Қойылым режиссері -  Анар Сағымбекова.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» комедиясын ұсынды. Драматург С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» атты комедиясында әрі әке, әрі отағасы ретіндегі міндеттерін еш мінсіз атқаратын, үйде де, түзде де, қызметінде де – сүттен ақ, судан таза, пәктігімен танылған «Жігіттің сұлтаны-Ең жақсы еркек» байқауының бас жүлдегері Алпан атты бизнесмен жігітке қатысты оқиғалар сатиралық тәсілдермен тартымды суреттеліп беріледі.

20 қараша күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында С.Пірмановтің «Ақ күшіктің туған күні» атты ертегі-қойылымы сахналанды.

Қазіргі уақытта әр кішкентай бүлдіршін өз туған күнімен бірге ата-анасынан, достарынан ерекше сыйлық күтетіні белгілі.

«Ақ күшіктің туған күні» ертегі-қойылымында да кішкентай ақ күшік өзінің туған күні ескерусіз қалып бара жатқанына іштей ренжулі болады. Алайда, оны құттықтауға достары келгенде, оның төбесі көкке жетіп, қуанышында шек болмайды...

Кішкентай бүлдіршіндер үшін де, үлкендер үшін де тәрбиелік, танымдық маңызы зор осы қойылымды балабақша балалары ғана емес бастауыш мектеп оқушылары да ерекше қызығып көреді.

Ертегі авторы – Сантөре Пірманов. Қойылым режиссері - Анар Сағымбекова.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры 19 қараша күні көрермендер назарына Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» мелодрамасын ұсынды.

Бұл мелодрама – Дәметкен атты көп балалы ананың қартайған шақты балаларынан опа көрмей, қайғы-мұң кешкен тағдырын баяндайды.

Спектакльдің негізгі идеясы: жас ұрпақты ата-ананың қадірін білуге, өмір бойы сыйлап, қадірлеп, құрметтеп өтуге, ағайындылар арасындағы татулыққа, бірлікке, ынтымаққа, жамандыққа бастайтын әдет-қылықтардан аулақ болуға үндейді.

19 қараша күні Жамбыл облыстық қазақ драма театры «Құлыншақ» ертегісін сахналады. Ж.Омаровтың балаларға арналған «Құлыншақ» атты ертегі қойылымында Құлыншақ пен Бөлтіріктің достығы қызықты оқиғалармен баяндалады. Ертегі оқиғасы балаларды өзара достық пен ынтымаққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелейді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында С.Пірмановтың «Алтын жұмыртқа» ертегісі көрсетілді.

Ертегі оқиғасында түрлі аңдар мен жануарлар кейпіндегі балаларелге ырыс, бақ, жақсылық әкелетін Бақ құсының дүниеге келуін асыға күтіп, ормандағы ұшар биік ағаш басында орналасқан Алтын Жұмыртқаны көздерінің қарашығындай сақтап, күзетіп жүреді.

Бір күні алапат дауыл болып, ағаш басындағы Алтын жұмыртқа жағадағы көлге құлап түседі. Құдай сақтағанда, жалтын жұмыртқа суға түсіп, жарылмай аман қалады.

Алтын жұмыртқаны Аңшы Төбет ит судан шығарып алып, жан-жануарлардың көмегімен Тышқанның үйшігіне апарып жасырады.

Ол жерден Алтын жұмыртқаны Сұм қарғалар ұрлап кетеді.

Оқиға осылай өрбіп, жалғасады.

Ең соңында Қарғалардың ұрлық істері әшкереленіп, Алтын жұмыртқа табылып, одан Бақ құсы дүниеге келеді.

Алтын жұмыртқа қауызын жарып, дүниеге келген Бақ құсы тіршілікке әсемдік пен көрік, қуаныш пен ырыс-береке сыйлап, мерекелі өмір басталды.

16 қараша күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық құрамы Тараз қаласының №23 мектебіне көшпелі қойылыммен барып, Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» атты комедиясын сахналады.

Комедия оқиғасы мектеп қабырғасында оқитын жас бозбала жігіттің ең алғашқы махаббат сезімін жеткізуге құрылған.

Комедияның қысқаша мазмұны былыйша басталып, өрбиді. Қанат атты жоғары сыныпта оқитын жас бозбала жігіт мектепке қызметке жаңа келген өздерінің сынып жетекшісі, жас мұғалима қызға деген өзінің алабөтен сезімін байқайды... Ол – оқушы жігіттің мұғалимаға деген алабұртқан алғашқы махаббат сезімі еді. Жігіт жас мұғалимаға деген өзінің осынау бейкүнә албырт сезімін үнемі сыршыл жырларымен жеткізеді...

Қойылымдағы мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қызықты оқиғалар көрермен жанын бірден баурап алады. Пьеса авторы – Қанат Жүнісов. Қойылым режиссері - Анар Сағымбекова.

13 қараша күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық құрамы Байзақ ауданының Бурыл ауылдық мектебіне көшпелі қойылыммен барып, Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» атты комедиясын сахналады.

Комедия оқиғасы мектеп қабырғасында оқитын жас бозбала жігіттің ең алғашқы махаббат сезімін жеткізуге құрылған.

Комедияның қысқаша мазмұны былыйша басталып, өрбиді. Қанат атты жоғары сыныпта оқитын жас бозбала жігіт мектепке қызметке жаңа келген өздерінің сынып жетекшісі, жас мұғалима қызға деген өзінің алабөтен сезімін байқайды... Ол – оқушы жігіттің мұғалимаға деген алабұртқан алғашқы махаббат сезімі еді. Жігіт жас мұғалимаға деген өзінің осынау бейкүнә албырт сезімін үнемі сыршыл жырларымен жеткізеді...

Қойылымдағы мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қызықты оқиғалар көрермен жанын бірден баурап алады. Пьеса авторы – Қанат Жүнісов. Қойылым режиссері - Анар Сағымбекова.

12 қараша күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық құрамы Тараз қаласындағы «Жұлдыз» балабақшасына көшпелі қойылыммен барып, С.Пірмановтің «Ақ күшіктің туған күні» атты ертегі-қойылымын сахналады.

Қазіргі уақытта әр кішкентай бүлдіршін өз туған күнімен бірге ата-анасынан, достарынан ерекше сыйлық күтетіні белгілі.

«Ақ күшіктің туған күні» ертегі-қойылымында да кішкентай ақ күшік өзінің туған күні ескерусіз қалып бара жатқанына іштей ренжулі болады. Алайда, оны құттықтауға достары келгенде, оның төбесі көкке жетіп, қуанышында шек болмайды...

Кішкентай бүлдіршіндер үшін де, үлкендер үшін де тәрбиелік, танымдық маңызы зор осы қойылымды балабақша балалары ғана емес бастауыш мектеп оқушылары да ерекше қызығып көреді.

Ертегі авторы – Сантөре Пірманов. Қойылым режиссері - Анар Сағымбекова.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрыжоспарлы көшпелі қойылыммен Тараз қаласындағы ЖД-158/7 түзеу мекемесіне барып, жазасын өтеп жатқан азаматтарға Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» атты комедиясын көрсетті.

«Беу, қыздар-ай!»- қазақ комедияларының ішіндегі классикалық шығарма деңгейіне жеткен туынды. Жастар арасындағы махаббат тақырыбы – ойнақы әзілмен өрілген шығарма. Оқиға барысында жас мамандардың өз еріктерімен ауылға жұмыс істеуге барып жатқаны да баяндалып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалуы да көрініс береді.

Комедияда сонымен қатар, қоғамымыздағы түйткілді мәселелердің бірі – жұмысбастылықпен уақтылы тұрмысқа шықпай жүрген қыздардың жайы да әдемі әзіл-әрекетпен көрініс табады.

Бірі ақын, бірі суретші, бірі магистрант, ауыл үшін ауадай қажет үш мамандық иесі Көкдала ауылында тұратын айдай сұлу Айсұлу қызды іздеп сол ауылға келгенде, ұжымшар төрағасы Әбдіқадыр мен ауылдың учаскелік инспекторы, полиция майоры қатты қуанып, әлгілерге іздеген сұлуларына қол жеткізулері үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен осы ауылда қызмет істеп қалулары қажет екендігін ескертеді.

Сөйтіп, Айсұлу сұлуды іздеп ауылға келген әлгі үш сері жігіт Айсұлудың әпкелері - Күнсұлу, Жансұлу, Нұрсұлу атты қыздарға ғашық болып қалады. Осы уақытта Айсұлудың Алматыға оқуға кеткен сүйген жігіті Серке де ауылға оралады...

Осылайша, бәрі де өз дегендеріне жетіп, Алматыдан келген үш бойдақ жігіт: Күнсұлу, Жансұлу, Нұрсұлу есімді бақыттарын тауып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келгендей, сол ауылда бір-бір мамандық иесі болып, қоныс теуіп қалады...

Комедияда Айсұлу ролін – театрдың жас актрисасы Ақнұр Елемесова ерекше ойнап шықты.Ал, Күнсұлуды - арт. Жадыра Құттыбаева, Жансұлуды - арт. Индира Мұстафаева, Нұрсұлуды - арт. Ризат Қылышбаевасомдады.

Спектакльде аңғал мінезді магистрант Хасеннің бейнесін – актер Абзал Дәулетбақов, қиялилау суретші Сұлтанды - артист Жандар Қырықбаев, ақын жігіт Әубәкірді - артист Мәмбет Қожалиев комедиялық жанрға сай өте сәтті шығарды.

Учаскелік инспектор, полиция майоры роліндегі артист Анар Алтыбаева да өз ойынын ойнақы әзілмен ұтқыр бере білді.

Ұжым басшысы Әбдіқадыр образын сомдаған актер Әбу Шоңбаев, ауылдағы электр маманы ролінде ойнаған Нұрсұлтан Махановтар да өз кейіпкерлерінің бейнесін барынша даралап көрсете білді

Үстіміздегі жылы - Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы...

Облыстың биылғы осы мекрекесі аясында Жамбыл облыстық қазақ драма театры 29-31 қазан күндері шырайлы Шымкент қаласында үш күндік гастрольдік сапарда болып, шымкенттіктердің назарына белгілі жазушы-драматург, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосынұлының «Домалақ ене» символикалық драмасын, жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасын, Қуандық Шаңғытбаев пен Қаныбек Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясын, Әлібек Әмзеұлының «Қор болған Қодар-ай!» фантасмогориясын және балаларға арналған «Екі дос», «Ақ күшіктің туған күні» ертегі-қойылымдарын ұсынды.

Шырайлы Шымқала жұртшылығы жамбылдық театр майталмандары сахналаған барлық қойылымдарды ерекше жылы сезіммен қабылдап, қызыға тамашалады.

Мәселен, «Домалақ ене» символикалық драмасындағыбелгілі тарихи тұлғалар Бәйдібек би мен Домалақ ененің атақты Ақсақ Темірмен кездесуі, сондай-ақ, Домалақ ене – Нұрилә ананың Әулие ана болып танылу оқиғаларын көрермен үлкен әсермен қабылдады.

Көрермен қауым, сондай-ақ, «Айша бибі» драмасының оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанын қызыға тамашалады.

Ән мен биге, әзілге құрылған «Беу, қыздар-ай!» комедиясындағы езу тарттырар сәттер көрерменге жоғары көңіл-күй, шаттық сыйлады.

Ал, «Қор болған Қодар-ай!» фантасмогориясының оқиғасындағы бұрынғы заманнан бүгінгі заманға өтіп кеткен Қодардың қазіргі дәуірдің Баян-Бомж, Баян-Валентина, Баян-Варя, Баян-Виолетта деген бірнеше Баяндарымен жолығуы фантазиялық көрініспен беріосе де, өте шынайы қабылданды.

Шымкенттік көрермендер Жамбыл театрының барлық қойылымдарына да тәнті болып, артистердің ойындарына жоғары бағаларын берді.