Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА
«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ...» АТТЫ ЕРТЕГІ
ЖӘНЕ ДУМАНДЫ ҚОЙЫЛЫМ БОЛДЫ

23 желтоқсан күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында«Ертегілер еліне саяхат» атты Жаңа жылдық думанды қойылым сахналанды.

ЕРТЕГІ ОҚИҒАСЫНДА: Аяз Ата мен Ақшақар бастаған балалар 2020-шы Жаңа жылды және Жыл иесі – Тышқан-Тимонды қарсы алуға дайындық жасап жатады.

Осы кезде Түнек патшайымы Малефисента бастаған құйын, дауыл, боран шақыратын қаскүнемдер тобы Аяз Ата мен Ақшақарды ұрлап әкетеді... Олар осылайша Жаңа жылдың қызықты өтуіне кедергі жасамақ болады. Алайда, Жаңа жылдың келуін асыға күтіп жүрген Аяз Ата мен Ақшақардың достары Түнек патшалығының озбырлықтарына қарсы күреске шығып, Аяз Ата мен Ақшақарды тұтқыннан босатып алады...

Сөйтіп, Аяз Ата мен Ақшақар достарымен бірге Шырша мерекесіне келіп, Жаңа жылды ойын-сауық, думанмен қарсы алады...

Ертегі мен думанды қойылымның авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова.

23 желтоқсан күні Жамбыл облыстық қазақ драма театры көшпелі қойылыммен Гродеково атындағы орта мектепке «Ертегілер еліне саяхат» атты Жаңа жылдық думанды қойылымды көрсетті.

ЕРТЕГІ ОҚИҒАСЫНДА: Аяз Ата мен Ақшақар бастаған балалар 2020-шы Жаңа жылды және Жыл иесі – Тышқан-Тимонды қарсы алуға дайындық жасап жатады.

Осы кезде Түнек патшайымы Малефисента бастаған құйын, дауыл, боран шақыратын қаскүнемдер тобы Аяз Ата мен Ақшақарды ұрлап әкетеді... Олар осылайша Жаңа жылдың қызықты өтуіне кедергі жасамақ болады. Алайда, Жаңа жылдың келуін асыға күтіп жүрген Аяз Ата мен Ақшақардың достары Түнек патшалығының озбырлықтарына қарсы күреске шығып, Аяз Ата мен Ақшақарды тұтқыннан босатып алады...

Сөйтіп, Аяз Ата мен Ақшақар достарымен бірге Шырша мерекесіне келіп, Жаңа жылды ойын-сауық, думанмен қарсы алады...

Ертегі мен думанды қойылымның авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА!!!

24 - 29 ЖЕЛТОҚСАН АРАЛЫҒЫНДА!!!

КҮН САЙЫН:САҒАТ 9.00, 11.00, 13.00, 15.00, 17.00-ДЕ!!!

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН БАЛАЛАР ҮШІН!!!

2020-ШЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫ ҚАРСЫ АЛУҒА АРНАЛҒАН –
«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ...» АТТЫ ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕГІ
ЖӘНЕ ДУМАНДЫ ҚОЙЫЛЫМ БОЛАДЫ!!!

БИЛЕТТЕР ТЕАТР КАССАСЫНДА ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТАРАТУШЫЛАР АРҚЫЛЫ САТЫЛАДЫ!!!

БҮГІН, 19 ЖЕЛТОҚСАН – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ

ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АРТИСІ

МАМБЕТ ҚОЖАЛИЕВТІҢ ТУҒАН КҮНІ!

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Мамбет Қожалиевті туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке және зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Қожалиев Мамбет Әуезбайұлы 1979 жылы 19 желтоқсанда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Әбжапар ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

2012 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша бітірген.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2008 жылдан бері актер болып қызмет атқарып келеді.

Ол осы уақыт ішінде өз ізденісі мен талабының жемісі ретінде көптеген режиссерлердің назарына ілігіп, әр жанрдағы спектакльдерде басты ролдерде ойнау мәртебесіне ие болды. Соның нәтижесінде тек соңғы үш жыл көлемінде 20-дан аса басты, негізгі рольдердіі сомдады.

Олардың бірқатарын атап өтсек, ол соңғы жылдары:

- Нұрлан Оразалиннің «Қилы заман» драмасында Рахымбай болыс; - Қалихан Ысқақ пен Шахимарден Құсайыновтың «ҚАЗАҚТАР» тарихи драмасында Мұхаммед Шайбани; - Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» сазды драмасында Алеко; - Арғынбай Бекбосынұлының «Домалақ ене» символикалық драмасында Қара Хайдар; - А. Володиннің «Қос жебе» драмасында Шешен; - Қ. Қасымовтың «Қыз жібек» саунд драмасында Бекежан батыр; - Б. Жандарбековтің «Томирис» драмасында Рустам батыр; - Әлібек Әмзеұлының «Қор болған Қодар-ай!» фантасмогориясында Инспектор Қарабай; - Мархабат Байғұттың «Асқаровтың аққайындары» драмасында Золин; - Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Әубәкір (ақын); - Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясында Бәку; - Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері – Ақтоқты» драмасында Мұрат; - Байғали Есеналиевтің «Таң сыры» драма-элегиясында Таңсықбаев, Көкетай; - Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» символикалық драмасында Қасым және Жігіт; - Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанында Өстамур (Қараханның серігі); - Софы Сматаев пен Талғат Теменовтың «Көгілдір такси» мелодрамасында Нұрбақыт; - Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясында Батыр; - Болат Ұзақовтың «Жандауа» трагедиясында Ұзын-қысқа - және тағы басқа бірқатар қойылымдар мен балаларға арналған ертегілерде басты, негізгі рольдерді сомдады.

Мамбет Қожалиев, сондай-ақ, әр жылдары Дарио Фоның «Байы бар - басы бос» шығармасында - Мамбретти, Е.Әлімжанның «Төле биінде» - Төле би, Ш.Мұртазаның «Домалақ анасында» - Сібе, К.Касеновтің «Рахмет, Сізге!» туындысында - Адам, Ш.Айтматовтың «Ақ кемесінде» - Матрос, Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірігінде» - Көкжал қасқыр, У.Шекспирдің «Отеллосында» - Яго, Д.Исабековтің «Тыныштық күзетшісінде» - Ұры және басқа да қойылымдарда басты рольдерді аса тартымды сомдап, театртанушылар мен көрермен тарапынан лайықты бағасын алып, талантты актер ретінде танылды.

М.Қожалиев бірнеше фильмдерге түсіп, киноактер ретінде де танылып жүрген өнер иесі. Ол «Тар заман» және «Кейкі мерген» кинофильмдерінде Алаш ардақтысы – Міржақып Дулатовтың ролін ерекше шеберлікпен сомдап, көрермендер мен кинотанушылар тарапынан лайықты бағасын алды.

Мәдениет пен өнер саласын дамытудағы белсенді еңбектері үшін әр жылдары облыс әкімінің, мәдениет басқармасының, театр басшылығының Алғыс хат, Грамоталарымен марапатталды.

ІЗГІ НИЕТПЕН: Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Ерсін Қалыбаева Тәуелсіздік күніне орай, Жамбыл облысы әкімі А.Мырзахметовтің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

Аса қадірменді, Ерсін – Ереке, біз әрдайым тілектеспіз, шығармашылық жолда биіктен көріне беріңіз, денсаулығыңыз зор болып, Құрекең екеуіңіз отбасы мен ұрпақтарыңыздың қызығына бөлене беріңіздер!

ІЗГІ НИЕТПЕН: Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!

ЖАМЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ БОЛАТ БЕКЖАНОВ

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ

ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ, «ОБЛЫСҚА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ ЖӘНЕ «ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» МӘРТЕБЕЛІ АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ ИЕ БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен «Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2019 жылдың 10 желтоқсаны күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнертуындыларына арналған Республикалық конкурсқа ұсынылған Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры, белгілі ақын, жазушы-драматург БОЛАТ ҮМБЕТӘЛІҰЛЫ БЕКЖАНОВТЫҢ «Айболит пен Қарақшы» атты балаларға арналған ертегі-жыры ҚР Мәдениет министрлігі өкілдері мен белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған Қазылар алқасының шешімімен «Балаларға арналған ең үздік драма» номинациясы бойынша 1-ші орынды жеңіп алып, арнайы дипломмен және белгіленген жүлдемен марапатталды.

Б.Бекжанов мырза, сондай-ақ, Тәуелсіздік күніне орай, «ОБЛЫСҚА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ ЖӘНЕ «ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» МӘРТЕБЕЛІ АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ.

Біз, әдебиет пен өнер әлемінде өзіндік биік орны бар әріптесімізді осынау үлкен жеңісімен құттықтай отырып, зор денсаулық, үлкен шығармашылық шабыт, асқақ абырой, жеңіс пен жеміс тілейміз! Өнер жолында әрдайым биік шығармашылық белестерден көрініп, туған еліңізді қуанта беріңіз, Болат Үмбетәліұлы!

ІЗГІ НИЕТПЕН:

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық құрамы мен ұжымы

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, әрі қоюшы-режиссері Анар Сағымбекова Тәуелсіздік күніне орай, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Анар, құттықтаймыз, шығармашылық жолда биіктен көріне бер!

ІЗГІ НИЕТПЕН: Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актері, әрі көркемдік жетекшісі Мәлік Ақүрпеков Тәуелсіздік күніне орай, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың «Құрмет Грамотасымен» және Жамбыл облысы әкімі А.Мырзахметовтің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

Мәке, шығармашылық жолда биіктен көріне беріңіз!

ІЗГІ НИЕТПЕН: Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМАТЕАТРЫНЫҢ АРТИСІ

АТЫМТАЕВА АЙЖАН БАЙЫРБЕКҚЫЗЫН

БҮГІНГІ ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Атымтаева Айжан Байырбекқызы 1963 жылы 18 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Көмешбұлақ ауылында дүниеге келген.

1986 Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театры жанындағы театр студиясында оқып, «Драма және кино актері» мамандығы бойынша бітірді.

1986 жылдан Жамбыл облыстық қазақ драма театрына актриса болып қабылданып,осы күнге дейін қызмет етіп келеді.

А.Атымтаеваның үлкен ізденіс пен талпыныс үстінде жасаған образдары мен актерлық шеберлігі өнертанушылар мен театр сыншылары тарапынан сан мәрте мойындалып, лайықты бағасын алған.

Ол, соңғы жылдары театр репертуарындағы М.Байжиевтің «Тіл табысқандарында» Сүйімхан, И.Содиковтің «Әпендінің бес қатынында» Зүбайра, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» сыған әйел, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер анасында» төзімді әйел, М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досында» - Қой,Ә.Файзуллаұлының «Алтын адамында» - Құс, Н.Оразалиннің «Қилы заманында» - Әйел, А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - Ана, Ә.Әмзеұлының «Қор болған Қодар-айында!» Ана және т.б. көпшілік сахнасы бейналерін шебер сомдап, көрермендер көзайымына айналып келе жатқан актриса.

А.Атымтаева өзінің драматургтік қырынан да танылған өнер иесі. Оның қаламгерлік қабілетінен туған «Қыз қасқыр» ертегі-аңызы, балаларға арналған «Кім патша» ертегісі жас көрермендерге ерекше әсер беріп, сахнада ұзақ уақыт қойылған қойылымдар.

Айжан Атымтаева көп балала ана.2010 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Алтын алқа» белгісімен марпатталған.

А.Атымтаеваның театр өнеріне сіңірген еңбегі бағаланып, әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің, Жамбыл облыстық кәсіподақ комитетінің, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, ҚР Театр қайраткерлері одағының, театр басшылығының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды. 2016 жылы «Мәдениет саласының үздігі» белгісімен марапатталды.

Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын!

Ағайын-туысқанмен ортаң толсын.

Бір көрген адам Сізге көңілі толған,

Туысқан бауырларға сыйлы болған.

Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,

Өзіңді балаларың арқаласын,

Жасыңа дәл осындай жас қосылып,

Көңілің дариядай жарқырасын.

ІЗГІ НИЕТПЕН:

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық

қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!

Бүгін, 13 ЖЕЛТОҚСАН – Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, талантты актриса әрі режиссердің көмекшісі ГАУХАР СҰЛТАНБЕКОВАНЫҢ туған күні!

ГАУХАР!

Бүгін сенің туған күнің, алтын қыз,

Сені бүгін құттықтауға, бәріміз,

Бар шабытты шақырып,

Ақын болып жатырмыз!

Бар болмысың өнер үшін жаралған,

Сен – өнерден, өнер сенен нәр алған!

Біз арнайтын жүрекжарды ақ тілек,

Ортамызға сені алып, шырқайтын,

Туған күнге арналған,

Ән-жырымыз таусылмасын, Гаухар-жан!

СҰЛТАНБЕКОВА Гаухар Орынқызы 1984 жылы 13 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2013 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін актер өнері мамандығы бойынша бітірді..

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2009 жылдан бастап актриса болып еңбек етеді. Қазіргі уақытта режиссердің көмекшісі қызметін де қоса атқарып келеді.

Гаухар - тек соңғы жылдардың өзінде 20-дан аса қойылымдарда басты және негізгі рольдерді сомдап, театртанушылар мен көрермен тарапынан лайықты бағасын алып жүрген талантты актриса.

Сомдаған рольдерінің бірқатарын атап өтсек:

И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» сазды драмасында - сыған әйелі; Ш.Айтматовтың «Ана – Жер - ана» символикалық драмасында - қырғыз қызы; С.Сматаев пен Т.Теменовтің«Көгілдір такси» мелодрамасында - Клара; Ә.Жұмабаевтың «Гүлмира» драмасында - Гүлмира, К.Касеновтің «Рахмет, Сізге!» мультимедиясында - Әйел; Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» мелодрамасында - Ләйла; Б.Ұзақовтың «Жан дауа» трагедиясында- Қыз; Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» комедиясында – мектеп директоры; Ш.Мұртазаның «Домалақ ана» драмасында - қыз; Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» драмасында - Гүлжамал; С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясында - Мехри; А.Атымтаеваның «Кім патша» ертегісінде - Түлкі; Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен Бөлтірік» ертегісінде - Боз бие; С.Пірмановтың «Қоңыр қозы хикаясында» - Тиін; О.Әубәкіров пен А.Наймантаевтың «Ңөң» комедиясында - Зымзия; М.Байджиевтің «Қалыңдық пен күйеу» драмасында - Қалыңдық, Мәлік Ақүрпековтың «Жақсы шәкірт» ертегісінде - Бәйшешек; Айжан Атымтаеваның «Жаңғырған Жаңа күн!»ертегісінде - Ұмай Ана; А. Володиннің «Қос жебе» драмасында - Жесір әйел; С.Пірмановтың «Алтын жұмыртқа» ертегісінде - Бақ құсы; Б.Бекжановтың «Өмір» драмасында - көрші әйел; Б.Есеналиевтің«Таң сыры» драма-элегиясында - қыз; Е.Әлімжанның «Әйелдер бір іс бастады» комедиясында - Еңлікгүл; А.Бекбосынұлының «Домалақ ене» символикалық драмасында келін; Қ.Қасымовтың «Қыз жібек» саунд драмасында Қыз ролінде ойнады.

2013 жылы театр«Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» атты халықаралық театр фестиваліне К.Касеновтің «Рахмет,сізге!» мультимедиялық спектаклімен қатысып, бас жүлдені жеңіп алғанда, Гаухар Сұлтанбекова осы қойылымдағы ойыны үшін «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы жүлдесіне ие болды.

Біз, ұжымдастары, Гаухардың сахна өнерінде үлкен биіктерден көрінетініне кәміл сенеміз.

Өнер жолында самғап, шарықтай бер, Гаухар-жан!

ІЗГІ НИЕТПЕН:

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық

қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!

12 желтоқсан – Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі, талантты актер АБЗАЛ ДӘУЛЕТБАҚОВТЫҢ туған күні!

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан АБЗАЛДЫ туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Дәулетбақов Абзал Мейрамбекұлы 1985 жылы 12 желтоқсанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Музыкалық білім» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Тараз қаласындағы № 38 орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2010-2015 жылдары Тараз қаласындағы № 4-ші «Балдырған» балабақшасында ән үйірмесі жетекшісі қызметін атқарған.

2016 жылдан бері Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актер болып еңбек етеді.

Абзал театр репертуарындағы көптеген жаңа қойылымдарда басты рольдерді сомдап, өзін аса талантты да шебер актер ретінде танытып келеді.

Абзал Дәулетбақов сомдаған Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздыр-ай!» комедиясындағы - доцент Хасен, Б.Есеналиевтің «Асқаровтың аққайыңдары» драмасындағы - Ақын, Е.Әлімжанның «Әйелдер бір іс бастады» комедиясындағы – Дәрібай, Ғ.Мүсіреповтің Ақан сері-Ақтоқты» драмасындағы - Мылқау палуан, А.Бекбосынның «Домалақ ене» символикалық драмасындағы - Қарақшы, Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегі» драмасындағы - террорист, А.Атымтаеваның «Жаңғырған жаңа күніндегі» - Алпамса дию, С,Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясындағы – Тышқанбай Жырықбаев, Н.Оразалинның «Қилы заман» драмасындағы – базаршы қазақ, А.Володиннің «Қос жебе» драмасындағы – Дәу қарақшы бейнелері бүгінде көрерменнің көзайымына айналып келе жатқан аса сәтті шығарған рольдері.

Абзал, соңғы жылдары тұрақты түрде Наурыз мерекесіне арналған қойылымда Қызыр баба бейнесін аса шеберлікпен сомдап, ел арасында батагөй баба бейнесінде танылып келеді.

Біз, ұжымдастары, Абзалдың сахна өнерінде үлкен биіктерден көрінетініне кәміл сенеміз.

Өнер жолында самғап, шарықтай бер, Абзал!

ІЗГІ НИЕТПЕН:

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық

қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!

10 желтоқсан – Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі, талантты жас актер АЗАМАТ ШАКЕНБАЕВТЫҢ туған күні!

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Азаматты туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Азамат 2017 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма және кино актері мамандығы бойынша бітіріп келіп, сол уақыттан бері Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актерлік қызмет атқарып келеді.

Осы уақыт аралығында Азаматты көрермен сахна өнеріне жетік қалыптасқан шебер актер ретінде танып, білді. Азамат, әсіресе комедия жанрындағы қойылымдарда сомдаған кейіпкерлерінің бейнелерін әр қырынан құбылтып шығаруға бейім, шебер актер.

Азамат соңғы кездері:

- Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері – Ақтоқты» драмасында Сәдір ролін;

- Байғали Есеналиевтің «Таң сыры» драма-элегиясында Жігітролін;

- Софы Сматаев пен Талғат Теменовтың «Көгілдір такси» мелодрамасында көпшілік сахнадағырольде;

- Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясында Ержан ролін;

- Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясында Киікбай ролін;

- Болат Бекжановтың «Жеті лақ» ертегісіндеЛақролін және басқа да бірқатар қойылымдарда негізгі және эпизодтық рольдерді сомдап келеді.

Біз, ұжымдастары, Азаматтың өнер жолында зор биіктерден көрінетініне кәміл сенеміз.

Өнер жолында самғап, шарықтай бер, биіктей бер, Азамат!

ІЗГІ НИЕТПЕН:

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық

қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің...

2 желтоқсан – Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, белгілі сахна шебері, талантты актер, композитор МӘЛІК АҚҮРПЕКОВТІҢ туған күні!

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Мәлік Ақүрпековті туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке және зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Мәлік Ақүрпеков Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2002 жылдан беріактерлық қызмет атқарады. Осы уақыт аралығында қасиетті сахнада әр түрлі жанрлардағы көптеген драмалық қойылымдарда 50-ден аса басты рөлдерді сомдады.

Олардың ішінде көрермен мен театртанушылардың ерекше ықыласына бөленген рольдері: У.Шекспирдің «Отеллосындағы» - Отелло, Г.Гориннің «Атың өшсін, Геростратындағы» - Герострат, А.Бекбосынның «Домалақ енесіндегі» - Бәйдібек би, Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтар» тарихи драмасындағы – Қасым хан, Ә.Әмзеұлының «Кейуана» драмасындағы – Құрбан, М.Байджиевтің «Құдалар» драмасындағы – Есет, О.Бодықовтың «Жан азабында» - Мұқағали, «Қызғыш құс» моноспектаклінде – Махамбет, Баймағамбет сұлтан, Ықылас, Мұқағали, Е.Әлімжанның «Полковниктің жазбаларында» - Бауыржан Момышұлы, У.Шекспирдің «Ричард-ІІІ» трагедиясында – Ричмонд, Д.Исабековтің «Тыныштық күзетшісінде» - Өкіл, Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясында – ИКС, М.Хасеновтің «О, Махаббат!» комедиясында – Есен, Н.Оразалиннің «Қилы заман» тарихи драмасында Тұңғатар қажы, Прокурор, М.Байтуовтың «Асқаровтың аққайыңдарында» - Соломенцев, Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтар» тарихи драмасындағы – Қасым хан, Б.Бекжановтың «Айша бибі» драмасындағы – Оғұлшақ ханжәне басқа да көптеген рөлдерді айрықша шеберлікпен сомдап, театртанушылар тарапынан лайықты бағасын алды.

М.Ақүрпеков киноактер ретінде де бірнеше фильмдерде басты рольдерді сомдаған.

Ол, сондай-ақ, театр режиссурасында да өзіндік қолтаңбасымен танылыып жүрген талантты режиссер.

Балаларға арналған «Жақсы шәкірт» ертегісінің авторы ретінде танылып, драматургтік қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер.

Республикалық Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауының 1-ші орын иегері. Б.Момышұлының 100 жылдығына орай қойылған «Полковниктің жазбалары» спектакліндегі Бауыржан бейнесін сомдағаны үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің арнайы дипломымен, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Республикалық театр фестивалдарының лауреаты атанған.Мәкең сондай-ақ, бірқатар әндерімен танылған талантты композитор.«Жамбылым – жыр әнім» атты жергілікті композиторлар байқауының 1 орын иегері. Мәкеңнің «Елімді сүйем», «Туған жер» «Жамбылым», «Бір күн», «Қуаныш», «Жүрек сыры», «Аңсадым», «Әке», «Кетейін десем сен барсың», «Қорлан», «Қайдасың», «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» және басқа да әндері, Астана қаласының 10 жылдығында арнап жазылған «Астана» әні ел қошеметіне бөленген.

9 желтоқсан күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында көрермендер назарына жазушы-драматург Болат Бекжановтың  «Айша бибі» атты махаббат дастанының қойылымы ұсынылды.

Көрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысады.

Өнерсүйер қауым, сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тылсым тыныс-тіршілігімен, Әулиеата жерінің сакральды географиясымен танысуға да мүмкіндік алады.

Барша халық жақсы біледі. Тараз десе, көз алдымызға – Айша бибі мен Қарахан келеді. Ал, кейінгі жас ұрпақ, өкінішке орай, Айша бибі мен Қараханның махабаттағы тағдырлары – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек, Ақан сері-Ақтоқты, Қыз Жібек пен Төлеген сияқты өмірде шын болған тарихи, әдеби тұлғалармен көп ұқсас екендігін терең біле бермейді.

Шығарма оқиғасында Қараханның және ол басқарып отырған мемлекеттің жаулары Айшаны өлтіру арқылы Қараханды мұқатпақ болған жаулық ой-пиғылдарын, ақыры орындап тынады. Айша бибі жау пиғылды сатқындар қолынан қаза табады.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА

2019 ЖЫЛДЫҢ 9 ЖЕЛТОҚСАНЫ КҮНІ САҒАТ: 17.00-де:

ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ БОЛАТ БЕКЖАНОВТЫҢ «АЙША БИБІ» МАХАББАТ ДАСТАНЫ ДРАМАСЫНЫҢ ҚОЙЫЛЫМЫ БОЛАДЫ.

Драманы сахнаға дайындаған қоюшы-режиссері – белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Сценографиясын жасаған қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.

Көрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысады.

Өнерсүйер қауым, сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тылсым тыныс-тіршілігімен, Әулиеата жерінің сакральды географиясымен танысуға да мүмкіндік алады.

7 желтоқсан күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында көрермендер назарына жазушы-драматург Мархабат Байғұттың «Асқаровтың аққайыңдары» атты драмасының қойылымы ұсынылды.

Драманың қоюшы-режиссері – Халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты – белгілі режиссер Қуандық Қасымов. Қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.

Драмада белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың кеңестік дәуірдің соңғы жылдарындағы қиын-қыстау тағдыр жолы баяндалады.

Көрермен Асанбай Асқаровтың басынан өткен осынау ауыртпалықтар арқылы Кеңес елі дәуірінде орын алған «көлеңкелі» іс-әрекеттерден де мағлұмат алады.

Мықтылардың тағдыры ешқашан оңай болмағаны – тарихтан да белгілі жәйт. Ол, бәлкім, тарихи құбылыс та шығар. Осылай болуы, кейде, заңдылық та сияқты көрінеді. Өйткені, мықты болу оңай емес. Драма оқиғасында Асанбай Асқаров ағамыз сондай мықтылықты, қиындықты бастан кешіп, соның бәрін де жеңіп шығады.

Драмада Асанбай Асқаров образын белгілі актер, ҚР Мәдениет қайраткері Жүніс Әлімбеков сомдады.

ЖАМБЫЛ  ОБЛЫСТЫҚ  ҚАЗАҚ  ДРАМА  ТЕАТРЫНДА!!!

20 - 30 ЖЕЛТОҚСАН   АРАЛЫҒЫНДА!!!

КҮН  САЙЫН:  САҒАТ 9.00, 11.00, 13.00, 15.00,  17.00-ДЕ!!!

МЕКТЕП  ОҚУШЫЛАРЫ  МЕН БАЛАЛАР  ҮШІН!!!

2020-ШЫ   ЖАҢА  ЖЫЛДЫ  ҚАРСЫ АЛУҒА  АРНАЛҒАН –

«ЕРТЕГІЛЕР  ЕЛІНЕ  САЯХАТ...»   АТТЫ  ҚЫЗЫҚТЫ  ЕРТЕГІ 

ЖӘНЕ ДУМАНДЫ  ҚОЙЫЛЫМ  БОЛАДЫ!!!

БИЛЕТТЕР  ТЕАТР  КАССАСЫНДА  ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТАРАТУШЫЛАР  АРҚЫЛЫ  САТЫЛАДЫ!!!

Драмада: Қазақ вальсінің королі атанған атақты композитор Шәмші Қалдаяқов өмірінің сыған қызы Изольдаға және қазақ қызы Сағынышқа байланысты, көпшілік жұрт аса біле бермейтін, тылсым сәттері суреттеледі.

Арман-қиял жетегінде жүрген Шәмші Қалдаяқов жас шағында, бір күндері сыған таборына қосылып кетіп, сол табордағы Изольда деген сыған қызына ғашық болады. Сол ғашықтық сезімінен «Сыған серенадасы» атты ән өмірге келеді. Шәмші әйтсе де, арманына айналған, қиялындағы ғашығы Сағыныш атты қызды еш уақытта ұмытпайды.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры ТӨЛЕНДИЕВ ҚАСЫМХАН ЕСТЕМЕСҰЛЫ театрдың шығармашылық ұжымымен Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Қ.Төлендиев мырза ең алдымен Жолдауда айтылған «Халықпен тиімді кері байланыс орнату», «Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру», «Қоғамдық келісімді нығайту», «Білім беру сапасын жақсарту», «Еңбекақы төлеу деңгейін арттыру», «Мәдениет қызметкерлерін қолдау» және басқа да мәселелерге кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, жиналған аудиторияның мәдениет пен өнер саласы қызметкерлері екендігін ескере отырып, олармен қоғамды ізгілендіру, адамдар арасындағы мәдениеттілік пен парасаттылық деңгейін көтеру міндеттері жөнінде еркін әңгіме түрінде пікір алмасты.

Театрдың өнер қайраткерлері тарапынан туындаған бірнеше сауалдарға түсіндірме түрінде мағлұмат берді.

Театрдың өнер майталмандары Қасымхан Төлендиев мырзаға аса келелі тақырыпта өткізген кездесуі мен сындарлы әңгімесі үшін алғыстарын жеткізді.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА

2019 ЖЫЛДЫҢ 7 ЖЕЛТОҚСАНЫ КҮНІ САҒАТ: 16.00-де:

ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ М.БАЙҒҰТТЫҢ «АСҚАРОВТЫҢ АҚҚАЙЫҢДАРЫ» ДРАМАСЫНЫҢ ҚОЙЫЛЫМЫ БОЛАДЫ

Драманың қоюшы-режиссері – Халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты – белгілі режиссер Қуандық Қасымов. Қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.

Драмада белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың кеңестік дәуірдің соңғы жылдарындағы қиын-қыстау тағдыр жолы баяндалады.

Көрермен Асанбай Асқаровтың басынан өткен осынау ауыртпалықтар арқылы Кеңес елі дәуірінде орын алған «көлеңкелі» іс-әрекеттерден де мағлұмат алады.

Қойылымда Асанбай Асқаров образын театр артисі, ҚР Мәдениет қайраткері Жүніс Әлімбеков, Асқаровтың жұбайы Фатима ролін артист Индира Мұстафаева сомдайды.