Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

10.06 30

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры 10 маусым күні көшпелі қойылыммен Асыл-Қазына балабақшасында Сантөре Пірмановтың «Алтын жұмыртқа» ертегісін сахналады.

10.06 10

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры 10​ маусым күні​ көшпелі қойылыммен Тараз қаласындағы, №52 мектептің бастауыш сынып оқушыларына –​ Болат Бекжановтың «Айболит пен қарақшы» ертегісін сахналады.

10.06 1

Салықова Нұрсифат Рақымбайқызы 1938 жылы 10 маусымда Семей облысы Жарма ауданы Құдас ауылында дүниеге келген.

77 ТВ телеарнасы

Тараз-24 телеарнасы

Тараз-24 телеарнасы

Жамбыл-ТВ телеарнасы

09.06 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 9 маусым күні Сантөре Пірмановтің «Ақ күшіктің туған күні» атты ертегі-қойылымы өтті.

Қойылым режиссері: ҚР Мәдениет саласының үздігі - Анар Сағымбекова.

08.06 8

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 8​ маусым күні​ –​ Болат Бекжановтың «Айболит пен қарақшы» ертегісі сахналанды.

08.06 1

Үстіміздегі жылғы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық, Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерекелері аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры кезекті көшпелі қойылымын 7-маусым күні, Жуалы ауданындағы, Қарасаз ауылдық клубында - Б.Жакиевтің «Жүрейікші, жүрек ауыртпай» трагикомедиясын сахналаумен жалғастырды.

08.06 1

Үстіміздегі жылғы​ ҚР​ Тәуелсіздігінің​ 30 жылдық, Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерекелері аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры 3 маусым күні, кезекті көшпелі қойылымын Жуалы ауданындағы, Қосбөлтек ауылдық клубында - Қ.Байсейітов​ пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу қыздар-ай» комедиясын сахналаумен жалғастырды.

Биыл барша еліміз үшін қастерлі саналатын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мерекеленетін айтулы кезеңде – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының құрылғанына да 85 жыл толып отыр.

Осы орайда, «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясындағы мақсат-міндеттерге сай Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 85 жылдығын бір арнаға тоғыстыра отырып, облыстық «Jambyl» телеарнасынан жыл бойы эфирге шығарылып тұратын 10-15 минуттық «Театрым – тағдырым» атты телебағдарламаның кезекті хабары театрдың ардагер актрисасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері Нұрсифат Салықовамен арнайы сұхбат алумен жалғасты. Аталмыш бағдарламаны «Jambyl» телеарнасының тележурналисі, белгілі қаламгер-ақын Жұлдыз Бейсек тұрақты жүргізеді.
Осы бағдарламаға қолдау білдірген облыстық «Jambyl» телеарнаға және оның басшысы Жиенәлі Мейіржан Әлібекұлына алғысымызды білдіреміз.

07.06 6

Үстіміздегі жылғы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық, Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерекелері аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры 7 маусым күні кезекті көшпелі қойылымын Жуалы ауданындағы, Бақалы ауылының мәдениет үйінде- Б.Бекжановтың «Айболит пен қарақшы» ертегі қойылымын сахналаумен жалғастырды. Қоюшы-режиссері: ҚР Мәдениет саласының үздігі – Анар Сағымбекова. Қойылымға ауыл тұрғындары тегін қатысты.

07.06 1

5 маусым күні «Төрткүл» керуен сарайында, ашық аспан астындағы сахнада Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» саунд-драмасының қойылымы өтті.

Қоюшы-режиссері – Қуандық Қасымов, белгілі режиссер,
Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері

04.06 65

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сантөре Пірмановтың «Алтын жұмыртқа» ертегісі сахналанды.

04.06 60

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тараз қаласындағы, Әдемі-ай балабақшасында көшпелі қойылыммен Сантөре Пірмановтың «Алтын жұмыртқа» ертегісін сахналады. ​

04.06 50 04.06 50

4 маусым сағат 10.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні мерекесі аталып өтілді. Қазақ театры мен орыс театрының ұжымы театрдың үлкен залында Қазақстан Республикасының Мемлекетік Гимнін орындады.

04.06 1

Үстіміздегі жылғы​ ҚР​ Тәуелсіздігінің​ 30 жылдық, Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерекелері аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры 3 маусым күні, кезекті көшпелі қойылымын Жамбыл ауданындағы, Қаракемер ауылдық клубында - Қ.Байсейітов​ пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу қыздар-ай» комедиясын сахналаумен жалғастырды.

04.06 1

Үстіміздегі жылғы​ ҚР​ Тәуелсіздігінің​ 30 жылдық, Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерекелері аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры кезекті көшпелі қойылымын 3-маусым күні, Жамбыл аудандық мәдениет үйінде - Б.Жакиевтің «Жүрейікші, жүрек ауыртпай» трагикомедиясын сахналаумен жалғастырды.