Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

4 мамыр күні "Qazaqstan дауысы" жобасының іріктеу тобы Тараз қаласында кастинг өткізеді.

Ұйымдастырушыларды өз вокалдық қабілетіңізбен таңғалдыруға дайындалыңыз!

04.05 2

ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКА ӨНЕРІ ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЙҒЫҒА ДУШАР БОЛДЫ...

04.05 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы атынан баршаңызды 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймыз!

30.04 1

29 сәуір күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында - Г.Хугаевтың «ШЕКПЕН» әпсанасы өтті.

Қоюшы-режиссері – Кенен Ақүрпеков, «Серпер» Жастар сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі
Қоюшы суретшісі – Айгерим Амангелды

29.04 100

Бүгін 2021 жылдың 29 сәуірі, бейсенбі күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының және Жамбыл облыстық орыс драма театрының артистері мен қызметкерлері COVID-19 инфекциясына қарсы екпе (вакцина) салдыруды бастады.

28 сәуір күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында драматург Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегі» атты драмасы өтті.

28 сәуір күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жазушы-драматург Болат Бекжановтың балаларға арналған «Айболит пен қарақшы» атты ертегі-қойылымы өтті.

ТЕАТРДЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОЙЫЛЫМЫ АЛДЫНДА,
ТУЫНДЫ АВТОРЫ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛІП,
БІР МИНУТ ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛЫНДЫ

Төмендегі бейнежолдауында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері, белгілі әнші-композитор Әбиірбек Тінәлі қазіргі таңда бүкіл дүниежүзі халқы бетпе-бет келіп, күресіп жатқан қатерлі дерт коронавирус індетіне қатысты ел арасында тараған жалған ақпарат пен хабарлардың бүкіл адамзат пен барша халыққа қаншалықты зардап пен зиян әкелетінін ескертеді.
Күндей күлген жарық әлемде «Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін» тату-тәтті, бейбіт те тыныш сүрейік деп, халықты бірлікке, ынтымаққа, ауызбіршілікке шақырады.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық құрамы мен қызметкерлеріне театр директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Жұмабеков Болатбай Балтабайұлы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі тақырыбында дәріс оқыды.

26.04 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық құрамы театр актері, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жүніс Әлімбековті дүние есігін ашқан туған күнімен құттықтап, жүрекжарды ақ тілектерін жеткізе отырып, гүл шоғын табыс етті.

27 сәуір күні, сағат 16.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында қырғыз драматургы Б.Жакиевтің «Жүрейікші, жүрек ауыртпай» трагикомедиясы өтеді.

26.04.21 2

Жамбыл-Тараз газеті, №16 (1618),
21 сәуір, 2021 жыл.
Құралай Сейсенбекқызы
Суретті түсірген Сәкен Абжапаров

26.04.21 1

Арай газеті, №23-24 (814-815).
16 сәуір,  2021 жыл
Н.Серікханұлы

Askar

Биыл барша еліміз үшін қастерлі саналатын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мерекеленетін айтулы кезеңде – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының құрылғанына да 85 жыл толып отыр.

22.04 61

Ақжол газеті. Есет ДОСАЛЫ

«Қартың болса үйіңде, жазып қойған хатпен тең» деп кешегілер жасы үлкен кісілердің сөзінен тәрбие алып, бағасын білсе, қазіргі таңда қартайған әкесін жау санайтын ұрпақ көбейіп барады. Бұл – қоғамның қасіреті. Ақсақалдардың қарттар үйінің терезесінен телміруі, немересіне жете алмай зар болуы көңілімізді аяздай қариды.

22.04 50

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жазушы-драматург Елен Әлімжанның «Абылай ханның серті» драмасын сахнаға дайындау үстінде.

22.04 8

ӘРІПТЕСІМІЗ, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, белгілі сазгер, әнші ӘБИІРБЕК БЕРДЕНҰЛЫ ТІНӘЛІНІ ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Әбекеңді туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке және зор шығармашылық табыстар тілейміз!

20.04 10 20.04 10

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы атынан: Асқар Тоқпанов ағамыз бен өмірлік жары Күлән апайдан тараған алты ұл-қыздың бірі - ЛӘЗЗАТ АСҚАРҚЫЗЫ ТОҚПАНОВАНЫҢ 70 жастан асқан шағында өмірден озуына байланысты, марқұмның отбасына, балаларына және барша Тоқпановтар әулетіне қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Марқұм Ләззат Асқарқызының жаны жұмақтан табылып, жатқан жері жайлы, алды пейіш, арты кеніш болсын.

20.04 1

Знамя Труда газеті. 19.04.2021. Диана КАЛМАНБАЕВА

По мнению российского актера и режиссера Ивана Вырыпаева, зритель из театра должен выйти наполненным эмоциями и размышлениями. Весь спектр чувств смогли прочувствовать жамбылские театралы на спектакле «Жүрейікші жүрек ауыртпай». Эта пьеса обещает стать одной из самых трогательных в репертуаре Жамбылского областного казахского драматического театра имени Аскара Токпанова.