Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театры қызметкерлері, бір кісідей атсалысып, ғимарат айналасындағы қарды күреуге кірісіп кетті...

Қазақ театры Талас ауданында өнер көрсетті 

 

Зағип және әлсіз көретін оқырмандар 
«Үміт қанатында» атты облыстық фестивальға қатысты

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

 

Жамбыл облыстық қазақ драма театры 20 қараша күні Қордай ауданында гастрольдік сапармен драматург Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегі» атты драмасын сахналады.

Драма оқиғасында – діни экстремистік топтың ланкестік әрекеттерін әшкерелеудегі және оларға қарсы күрес жүргізудегі Нұргүл атты қарапайым қазақ қызы мен оның достарының табанды батыл істері баяндалады.

Ақыры, тиісті органдардың араласуымен лаңкестер тобы құрықталады. Оқиғаның өн бойында дінінен адасқандар, дінді пайдаланып мемлекетке қарсы әрекет етпекші болған ланкестер ұйымының теріс пиғылдары әшкере болады.

Қордай ауылы тұрғындары шығарманы үлкен қызығушылықпен көріп, бірқатар кісілер драма туралы өз пікірлерін ортаға салды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші-композитор Әбиірбек Тінәлінің 60 жылдығына орай, облыс басшылығы, облыстық Мәдениет басқармасының тікелей ат салысуымен Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында композитордың ән кешін ұйымдастырды. 
Оның алдында Талас ауданы әкімшілігі Ә.Тінәлінің туған жері Талас ауданының ораталығы – Қаратау қаласында сазгердің шығармашылық кешін өткізді.

Ә.Тінәлі Алматы облысынан туған жеріне қоныс аударып, Жамбыл облыстық қазақ драма театрына қызметке орналасқанда, облыс басшылығы сазгерге жаңа пәтердің кілтін тапсырып, баспаналы болуына жағдай жасады.

Әбиірбек Тінәлі – қасиетті Әулиеата өңірінен шыққан халқымыздың біртуар перзенттері Сүйінбай, Жамбыл, Кенен аталарымыз секілді дүлдүлдердің бүгінгі сарқыты, қазақ ән өнерінде өзіндік өрнегі бар дарынды азамат. Оның еліміздің ән өнері қорына қосқан «Анамның тілі», «Желтоқсан желі», «Фариза» және басқа да әндері халықтың рухын асқақтатып, жас ұрпақты елін, тілін, Отанын шексіз сүюге үндейтін шығармалар.

17 қараша күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында облыстық орыс драма театрының 50 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар өтті.

Мерейтойдың құрметті қонақтары қатарында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Манжуов, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев, Қазақстанның Халық артисі, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы Т.Жаманқұлов, республикамыздың аймақтық театрлары мен көршілес Қырғыз Республикасы театрларының басшылары мен өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері, белгілі жазушы-драматургтер болды. Мерейтой шараларынан көріністер төмендегі суреттерде...

Жамбыл облыстық қазақ драма театрымен қатар жұмысжасап келе жатқан, Жамбыл облыстық орыс драма театрына 50 жыл толуына арналған мерейтойға қызу дайындық жүріп жатыр.Мерейтой қараша айының 17 күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өтеді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры Шу қаласында

Жамбыл облыстық қазақ драма театры туралы қысқаша ақпарат

Жамбыл облыстық қазақ  драма театры  1936 жылы 16 наурызда өз шымылдығын  тұңғыш рет  Бейімбет Майлиннің «Келін мен шешей» және Қасым Қырқымбаевтың «Келіншек» атты комедияларымен ашты.

Биыл театрдың құрылғанына - 81 жыл. Осы кезең ішінде театр 500-ден  аса  драматургиялық туындыларды сахнаға дайындап,   10 мыңнан  аса қойылымдар  көрсетті.

Театр көптеген республикалық, бүкілодақтық және халықаралық театр фестивальдарының лауреаты.

Әр жылдары Польша, Мысыр Араб Республикасы, Россия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Татарстан, Румыния елдерінде гастрольдік сапарларда болып, театр фестивальдарына қатысқан. 

16 қараша күні сағат 11:00, 14:00, 16:00 де Шу аудандық Мәдениет үйінде, "Тағдыр тəлкегі" атты мұңлы драмасын тамашалаңыздар. 
Қоюшы режиссері: Əскер Құлданов.

20 қараша күні сағат 11:00, 14:00, 16:00 де Қордай аудандық Мәдениет үйінде, "Тағдыр тəлкегі" атты мұңлы драмасын тамашалаңыздар. 
Қоюшы режиссері: Əскер Құлданов.

22 қараша күні сағат 12:00 де Талас ауданы Қаратау қаласы Тамды ауылы клубында, "Тағдыр тəлкегі" атты мұңлы драмасын тамашалаңыздар. Қоюшы режиссері: Əскер Құлданов.

22 қараша күні сағат 16:00 де Талас ауданы Қаратау қаласы Мәдениет үйінде, "Тағдыр тəлкегі" атты мұңлы драмасын тамашалаңыздар. 
Қоюшы режиссері: Əскер Құлданов.

24 қараша күні сағат 11:00, 15:00, 16:30 де Сарысу ауданы Байқадам ауылы Мәдениет үйінде, "Тағдыр тəлкегі" атты мұңлы драмасын тамашалаңыздар. Қоюшы режиссері: Əскер Құлданов.

2017ж 31 қазанда Жамбыл облыстық қазақ драма театрында, драматург Б. Айдарбековтің "Тағдыр тәлкегі" атты діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес тақырыбындағы драмасы сахналанды. Драманың кезекті қойылымы қараша айында болады.