Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

12 наурыз, сағат 12:00-де Жамбыл облыстық қазақ драма театрында М. Абайділдә мен С. Пірмановтың "Балшық бала" ертегісін кішкентай бүлдіршіндер назарына ұсынды. Режиссері - Кенен Ақүрпеков.

11 наурыз Жамбыл облыстық қазақ драма театры көшпелі қойылыммен Байзақ ауданы Ровный ауылы Бурыл орта мектебінде А. Атымтаеваның "Жаңғырған жаңа күн" ертегісін сахналады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры мереке қарсаңында А. Атымтаеваның "Жаңғырған жаңа күн" ертегісін көшпелі қойылыммен сахналады.

Көрермендердің зор ықыласымен көзайымына айналған ең керемет қойылымдардың бірі Қ. Шаңғытбаевпен Қ. Байсейітовтың "Беу қыздар-ай!" комедиясы алғыс айту күні қарсаңында көрермендер назарына ұсынылып, көрермендердің үлкен алғысына ие болды.

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Жамбыл облыстық қазақ драма театры Байзақ ауданы Байзақ ауылының клубында, бүлдіршіндерге арнап А. Атымтаеваның "Жаңғырған жаңа күн " ертегісін ұсынды.

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, 50 жылдан аса уақыт бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып, еңбек етіп келе жатқан Жамбыл облыстық қазақ және орыс драма театрларының ұжымдары «Тату көршіге ризамыз!» атты тақырыпта алғыс айту іс-шарасын ұйымдастырып, екі ұжым бір дастарханнан дәм татып, ақ бата, тілектерімен, сый-сияпаттарымен алмасты және ардагер артистерге құрмет көрсетілді. Іс-шара аясында екі театр ұжымы қазақ және орыс халық әндерін орындап, би билеп, көктемнің алғашқы күнгі мерекесінде осылайша зор шаттыққа бөленді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында сахнаға дайындалған жаңа қойылым – Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясының тұсаукесер қойылымы көрсетілді.

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театры Тараз қаласының #29 орта мектебінің оқушыларына Б. Айдарбековтың "Тағдыр тәлкегі" мұңлы драмасын сахналады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында сахнаға дайындалған Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы сахналанды.

26 ақпан Жамбыл облыстық қазақ драма театры көшпелі қойылыммен Тараз қаласындағы #29 орта мектебінің оқушыларына С. Пірмановтың "Алтын жұмыртқа" ертегісін сахналады.

Жексенбі күні сағат 16.00де Жамбыл облыстық қазақ драма театры өзінің кезекті әрі ең таңдаулы мелодрамасын көрермендеріне ұсынды. Бұл мелодраманың қоюшы-режиссері М. Ахманов.

18 қаңтар Жамбыл облыстық қазақ драма театрында М. Ахмановтың "Бір түп алма ағашы" мелодрамасын көрермендер назарына ұсынды.

18 қаңтар Жамбыл облыстық қазақ драма театрында "Балшық бала" ертегісін кішкентай бүлдіршіндер назарына ұсынды.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры 11 қаңтар күні С. Пірмановтың "Ақ күшіктің туған күні ертегісін" #4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында" қайырымдылық шара ретінде көшпелі қойылыммен сахналады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2018 жылдың 14 желтоқсаны, жұма күні сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналып, жазушы-драматург А.Бекбосынұлының «Домалақ ене» атты символикалық драмасы көрсетіледі.

Тараз қаласы тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған аталған қойылымды тамашалауға шақырымыз.

Билеттер театр кассасында және арнайы таратушылар арқылы сатылады!

Драмада белгілі тарихи тұлғалар Бәйдібек баба мен Әмір Темір (Ақсақ Темір) өмір сүрген кезеңдегі солармен байланысты әлденеше оқиғалар әсерлі көрініс табады. Сондай-ақ, Домалақ ене – Нұрилә анамыздың Әулие ана болып танылуы тарихи және аңыз әңгімелер негізінде қызықты баяндалады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2018 жылдың 13 желтоқсаны, бейсенбі күні сағат 18.30-да драматург С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» атты комедия-фарсы қайырымдылық қойылым ретінде көрсетіліп, одан түскен қаржы ұзақ уақыттан бері лейкоз ауруымен ауыратын Тараз қаласындағы «77 ТВ» телеарнасының репортеры Альфия Мингазованың Израиль еліне барып емделуі үшін жинақталып жатқан қаржы қорына қайырымдылық ретінде қосылатын болады.

Тараз қаласы тұрғындары мен қонақтарын аталған қайырымдылық қойылымға келіп қатысып, жас журналист қыздың емделу шараларына үлес қосуға шақырымыз.

Билеттер арнайы таратушылар арқылы сатылады!

«Ең жақсы еркек» комедия-фарсы отбасы құндылықтарын бағалап, сақтау тақырыбына арналған қойылым.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры 29 қараша күні Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы А. Макаренко мектебіне А. Атымтаеваның "Жаңғырған жаңа күн" ертегісін көшпелі қойылымда сахналады.