Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театры 27 қараша күні сағат 16.00де М. Байғұттың "Асқаровтың аққайыңдары" драмасын сахналады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры 26 қараша күні сағат 16.00де Қ. Байсейітовтың "Беу қыздар-ай" комедиясын сахналады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры 26 қараша күні сағат 12:00 де М. Ахмановтың, бүлдіршіндерге арналған "Екі дос" ертегісін сахналады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры 23 қараша күні #3 мектеп лицейіне М. Ахмановтың "Екі дос" ертегісін көшпелі қойылыммен сахналады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры 22 қараша күні Н. Тілендиев атындағы мектеп интернатында, М. Ахмановтың "Екі дос" ертегісін көшпелі қойылыммен сахналады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры 16 қараша күні Ж. Омаровтың "Құлыншақ " ертегісін сахналады.

14 қараша Жамбыл облыстық қазақ драма театры көшпелі қойылыммен Талас ауданы, Талапты ауылы, Талапты орта мектебінде (Б. Айдарбековтың) «Тағдыр тәлкегі» мұңлы драмасын (сағат 11.00) көрсетті, және Талас ауданы, Бостандық ауылы Мәдениет үйінде (Б. Айдарбековтың) «Тағдыр тәлкегі» мұңлы драмасын (сағат 15.00) сахналады.

14 қараша Жамбыл облыстық қазақ драма театры көшпелі қойылыммен Талас ауданы, Талапты ауылы, Талапты орта мектебінде (А. Атымтаеваның) «Жаңғырған Жаңа күн» ертегісін (сағат 10.00) көрсетті, және Талас ауданы, Бостандық ауылы Мәдениет үйінде (А. Атымтаеваның) «Жаңғырған Жаңа күн» ертегісін (сағат 14.00) сахналады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры 13 қараша күні Байзақ ауданы Құмжота ауылында М. Ахмановтың "Екі дос" ертегісін көшпелі қойылыммен сахналады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры 13 қараша күні Байзақ ауданы Құмжота ауылында Б. Ұзақовтың "Жандауа" трагедиясын көшпелі қойылыммен сахналады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры 12 қараша күні Түрксіб ауылында М. Ахмановтың "Екі дос" ертегісін көшпелі қойылыммен сахналады.

2018 жылдың 9 қарашасы күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы-драматург, театр директоры, Болат Бекжановтың 60 жас мерейтойына арналған «Құс жолынан жыр төктім» атты поэтикалық кеш өтті.

Мерейтой кеші алдында театр фойесінде автордың баспадан жаңа шыққан «Болмайды ғой», «Редактордың қойын дәптері», «Өмір-драма», «Сахнадан сыр айтамын», «Құс жолынан жыр төктім», «Көз көргендер» атты алты томдық кітабының тұсаукесері болды.

Автор кітаптарының тұсаукесер шарасына Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Бауыржан Жақып, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор, Қазақ Ұлттық Университеті жанындағы «Абайтану» ғылыми орталығының директоры Жанғара Дәдебаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Шешенстан республикасының «Намыс» орденінің иегері, ақын Рафаэль Ниязбеков, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Айша Көпжасарова, автордың алты томдық кітабының демеушісі, Алматы «Нұрлы Әлем» баспасының директоры, композитор Жарылқасын Дәулет қатысты.

Алты томдықтың тұсаукесерінде Б.Бекжановтың әріптес ағалары мен замандастары, шәкірттері сөз сөйлеп, мерейтой иесін алпыстың биігіне шыққан мерейлі жасымен, өтіп жатқан шығармашылық кешімен және жаңа алты томдық кітаптарының тұсаукесерімен құттықтады.

Одан соң, театр сахнасында болған «Құс жолынан жыр төктім» атты поэтикалық қойылымда Болат Бекжановтың өлеңдеріне жазылған белгілі сазгерлердің әндеріне, автордың өз әндеріне кезек берілді. Сондай-ақ, театр артистері Б.Бекжановтың шығармашылық өнер жолын бейнелейтін сахналық қойылым көрсетті.

Соңынан мерейтой иесін әр тараптан құттықтау шаралары өтті.

2018 жылдың 3 қарашасы күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өмір мен өнер айдынында қатар жүзген белгілі театр және кино актерлері, ерлі-зайыпты қос өнер жүйрігі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Жұмахан Әбдіқадыровтың – 65 жасқа, жұбайы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актриса Гүлшат Қыпшақованың 60 жасқа толуларына орай, қос өнер иесінің мерейтойларына арналған «Өмір-өнер дастаны» атты шығармашылық кеш өтті.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2 қараша күні жазушы Б.Ұзақтың «Жандауа» атты трагедиясын сахналады.