Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

03.06 9

Үстіміздегі жылғы​ ҚР​ Тәуелсіздігінің​ 30 жылдық, Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерекелері аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры маусым айындағы кезекті көшпелі қойылымын Байзақ ауданындағы, Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде - Б.Жакиевтің «Жүрейікші, жүрек ауыртпай» трагикомедиясын сахналаумен жалғастырды.

03.06 4

Үстіміздегі жылғы​ ҚР​ Тәуелсіздігінің​ 30 жылдық, Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерекелері аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры маусым айындағы кезекті көшпелі қойылымын Байзақ ауданындағы, Көкбастау ауылдық клубында - Қ.Байсейітов​ пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу қыздар-ай» комедиясын сахналаумен жалғастырды.

03.06 1

Үстіміздегі жылғы​ ҚР​ Тәуелсіздігінің​ 30 жылдық, Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерекелері аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры маусым айындағы көшпелі қойылымын Байзақ ауданындағы, Бурыл ауылдық мәдениет үйінде Б.Бекжановтың «Айболит пен қарақшы» ертегі қойылымын көрсетумен бастады. Қоюшы-режиссері: ҚР Мәдениет саласының үздігі – Анар Сағымбекова. ​ Қойылымға ауыл тұрғындары тегін қатысты.

Үстіміздегі жылғы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық, Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерекелері аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры Жамбыл ауданындағы Шайқорық ауылдық клубында - Б.Бекжановтың «Айболит пен қарақшы» ертегі қойылымын сахналады. Қоюшы-режиссері: ҚР Мәдениет саласының үздігі – Анар Сағымбекова. Қойылымға ауыл тұрғындары тегін қатысты.

Биылғы жыл көлемінде облыс аудандары мен ауылдарына жүйелі түрде гастрольдік сапармен шығып, ауыл мектептерінде, мәдениет үйлері мен ауыл клубтарында бүгінгі ұрпақты жоғары рухани құндылықтарға, отаншылдыққа, туған елі мен жерін сүюге, оның тарихын жетік танып-білуге, достық пен бірлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге игі ықпалын тигізетін сахналық қойылымдар қою мақсаты көзделіп отыр.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры - Акурпиков Малик Дуйсебаевич

02.06 1

2021 жылдың 5 маусымы күні, сағат 20.30-да «Төрткүл» керуен сарайында, ашық аспан астындағы сахнада Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» саунд-драмасының қойылымы болады.

КІРУ ТЕГІН!
Өтетін орны: Төрткүл керуен сарайы, Ы.Сүлейменов көшесі, 195А

01.06 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Болат Бекжановтың «Айболит пен қарақшы» ертегісі сахналанды. Балалар мерекесі жыл сайын «ашық есік» күні болғандықтан, ертегі қойылымы тегін көрсетілді.

31.05 1

СҮЙКІМДІ БӨБЕКТЕР МЕН БҮЛДІРШІНДЕР!

Біз сіздерді Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 1 маусым күні, сағат 12.00-де – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Болат Бекжановтың «Айболит пен қарақшы» ертегісіне шақырамыз!
Қызық ертегіні көруге асығыңыздар!

27.05 46

27 мамыр күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында белгілі халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «ТҰРАР. СТАЛИНГЕ ХАТ» реквиемі сахналанды.

27.05 41

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі, Мәмбет Қожалиев 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды!

27.05 33

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Ерсін Қалыбаева 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды!

27.05 26

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Галина Қойшыбаева 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Жамбыл облысы әкімі Б.Сапарбаевтың «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

СҮЙКІМДІ БӨБЕКТЕР МЕН БҮЛДІРШІНДЕР!

27.05 17

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Несіпкүл Омарбекова 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Жамбыл облысы әкімі Б.Сапарбаевтың «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

27.05 16

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Жадыра Құлтаева 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың қабылдауына қатысып, облыстың мәдениет саласына қосқан қомақты үлесі үшін өңір басшысының Алғыс хатымен марапатталды және сыйақы ретінде 200 мың теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.

27.05 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі, сазгер, әнші Әбиірбек Тінәлі 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың қабылдауына қатысып, облыстың мәдениет саласына қосқан қомақты үлесі үшін өңір басшысының Алғыс хатымен марапатталды және сыйақы ретінде 200 мың теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.

23.05 11 23.05 11

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының кадр бөлімінің бас маманы Гүлшат Сатыбалдиева 21 мамыр-Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыстың мәдени-рухани, көркемдік тұрғыда өркендеуіне және дамуына қосқан қомақты үлесі үшін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Гүлшат Сұлтанәліқызын мерекелік марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

23.05 1 23.05 1

Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері!

Ардақты әріптестер!

Сіздерді Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық құрамы атынан төл мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

23.05.21 1

Театрдың шығармашылық ұжымы атынан әріптесіміз Елжан Жармухамедовті туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық жетістіктер, отбасының береке-бірлігін тілейміз!

23.05.21

27 мамыр күні, сағат 16.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында белгілі халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «ТҰРАР. СТАЛИНГЕ ХАТ» реквиемін көруге шақырамыз!

Биыл барша еліміз үшін қастерлі саналатын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мерекеленетін айтулы кезеңде – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының құрылғанына да 85 жыл толып отыр.