Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан МЕЙІРБЕКТІ туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Есімбекұлы Мейірбек 1994 жылы 27 шілдеде Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Сәлімбай ауылында туылған. Білімі жоғары. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ды мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген.

​​​​Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі, ҚР еңбек сіңірген артисі АСҚАРБЕК СЕЙІЛХАН ~ Жамбыл облыстық кино орталығы түсірген бейнебаянда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" тақырыбында ой толғайды...

Жамбыл облыстық кино орталығы короновирустың жұғу, таралу жолдарын көрсететін кезекті жаңа бейнеролик дайындап, ұсынды. Бейнероликтегі кейіпкерлер ролін орындаушылар: Мәмбет Қожалиев, Мейірбек Есімбекұлы, Ризат Қылышбаева, Индира Мұстафаева.

«Дара жолда» - Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, сазгер, әнші Әбиірбек Тінәлі.

(Театр мен телеарнаның біріккен онлайн - жобасы)
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры мен "JAMBYL" телеарнасы Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, ақынның ғибратты қара сөздерін оқып, әлеуметтік желілерде жариялау бойынша "ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ..." атты онлайн-жобаны жүзеге асыра бастады. Ұлы Абай бейнесінде ақын қара сөздерін оқып, көрермен мен тыңдарманға жеткізуші - Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының актері, белгілі сахна шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі АСҚАРБЕК СЕЙІЛХАН !!!

8-ші қара сөз!

Бүгін 16 шілде – Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының білікті ардагер актрисасы, сахна шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі МАЙРА АЛИМБЕТОВАНЫҢ туған күні!

Алимбетова Майра Жалмұханбетқызы, 1952 жылы 16 шілдеде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі атағының иегері.
1978 жылы Москва қаласындағы Щепкин атындағы Жоғары театр училищесін бітірген. 1978-1981 жылдары Торғай облыстық драма театрында актриса қызметін атқарған.

(Театр мен телеарнаның біріккен онлайн - жобасы)
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры мен "JAMBYL" телеарнасы Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, ақынның ғибратты қара сөздерін оқып, әлеуметтік желілерде жариялау бойынша "ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ..." атты онлайн-жобаны жүзеге асыра бастады. Ұлы Абай бейнесінде ақын қара сөздерін оқып, көрермен мен тыңдарманға жеткізуші - Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының актері, белгілі сахна шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі АСҚАРБЕК СЕЙІЛХАН !!!

7-шы қара сөз!

"Менің тағдырым" деректі драмасында - ҚР Еңбек сіңірген артисі - Асқарбек Сейілхан
 
Сандыбай рөлінде - арт. Асқарбек Сейілхан

ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН!

Инсценировкасы – белгілі режиссер, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымовтікі.

(Театр мен телеарнаның біріккен онлайн - жобасы)
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры мен "JAMBYL" телеарнасы Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, ақынның ғибратты қара сөздерін оқып, әлеуметтік желілерде жариялау бойынша "ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ..." атты онлайн-жобаны жүзеге асыра бастады. Ұлы Абай бейнесінде ақын қара сөздерін оқып, көрермен мен тыңдарманға жеткізуші - Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының актері, белгілі сахна шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі АСҚАРБЕК СЕЙІЛХАН !!!

6-шы қара сөз!

🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН!

✍Авторы: М.Шаханов
🎭Режиссері: Қ.Қасымов
🖼Суретшісі: Р.Сапаралиева

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы белгілі сахнагер, абыз актер, Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының артисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ілиясқар Мәжит Жамбылұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, ұл-қыздары мен бауырларына, туған-туыстарына, әріптестеріне қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы атынан барша Қазақстан режиссерлерін 1 шілде – РЕЖИССЕРЛЕР КҮНІ мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!  
Осы мерекеге орай, биыл құрылғанына 85 жылға аяқ басқан Жамбыл облыстық қазақ драма театры тарихында өшпес іздері қалған сахна суреткерлері – режиссерлер қауымын еске түсіруді жөн санадық.

(Театр мен телеарнаның біріккен онлайн - жобасы)
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры мен "JAMBYL" телеарнасы Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, ақынның ғибратты қара сөздерін оқып, әлеуметтік желілерде жариялау бойынша "ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ..." атты онлайн-жобаны жүзеге асыра бастады. Ұлы Абай бейнесінде ақын қара сөздерін оқып, көрермен мен тыңдарманға жеткізуші - Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының актері, белгілі сахна шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі АСҚАРБЕК СЕЙІЛХАН !!!

ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН!

✍Авторы: С.Сматаев, Т.Теменов
🎭Режиссері: С.Қарабалин
🖼Суретшісі: Р.Сапаралиева
🎥Сілтемесі төменде 👇

Бүгін 30 МАУСЫМ – ЕРДАЛИЕВ Медеу Кайратұлының туған күні!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Медеуді туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының артисі, талантты актер, асыл азамат, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері БАЗАРКЕЛДІ АЗАТ ОРАЗАЙҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның әріптестеріне, отбасына және туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Марқұмның алды – пейіш, арты – кеніш, жатқан жері жайлы болсын! Қазақтың театр өнеріне өмірінің соңына дайін үздіксіз адал қызмет еткен Азат Оразайұлының жарқын бейнесі біздің жадымызда әрдайым сақталатын болады.

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының басшылығы мен шығармашылық ұжымы Қарағанды облыстық С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, аяулы ақжүрек азамат, үлкен жүректі өнер иесі, жерлесіміз, Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы БЕКБОЛАТОВ САНСЫЗБАЙ НУРСИЯҰЛЫНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның әріптестеріне, отбасына және туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Марқұмның алды – пейіш, арты – кеніш, жатқан жері жайлы болсын! Қазақтың театр өнеріне өмірінің соңына дайін үздіксіз адал қызмет еткен Сансызбай Нұрсияұлының жарқын бейнесі біздің жадымызда әрдайым сақталатын болады.

Журналистер қауымының төл мерекесіне орай, облыстық басылымдарда Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының директоры, ақын, жазушы - драматург Болат Бекжановтың  "Журналистер" атты өлеңі және театрдың ардагер актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Асқарбек Сейілханға арналған "Әріптестерге әзіл өлең" айдарымен  арнау жыр жарық көрді.