Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

04 11 20 1

- Аға, сізде ерекше бір қасиет бар оны білесіз бе?
- Қандай қасиет?
- Сіздің жадыңыз. Еске сақтау қабілетіңізге қызығам. Қаншама сырлас болдым, ұзақ жолдарға сапарлас болдым бір байқағаным естігеніңізді сақтап, оқығаныңызды тоқып алатыныңыз. Әсіресе ақындардың өлеңдерін қалай ұмытпайсыз? Таңғалам.

Марқұм Бөкең тірі болғанда, осы күні 62 жасқа толар еді...
Төмендегі бейнебаянда Б.Бекжановтың 2020 жылдың жазында 77-телеарнасының "WEEKEND TIME" - "Сыр-сұхбат" бағдарламасына қатысқан кезі...

03 11 20 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, талантты актриса АНАРА АЛТЫБАЕВАНЫ театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан бүгінгі туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!
Алтыбаева Анара Анатолийқызы 1975 жылы 1 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.

2020 жылдың 29 қазан күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры, жазушы-драматург БОЛАТ  ҮМБЕТӘЛІҰЛЫ  БЕКЖАНОВ  62 жасында  мезгілсіз дүние салды.

29 10 20 13

Бүгін, 29 қазан, бейсенбі күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры, жазушы-драматург БОЛАТ  ҮМБЕТӘЛІҰЛЫ  БЕКЖАНОВ  62 жасында, мезгілсіз дүние салды.
Марқұмның жаназасы 30 қазан, жұма күні сағат 10.00-де Тараз қаласы, Қосы батыр көшесі 62 үй, мекен-жайында болады.
Анықтама үшін телефондар: 8 (726-2) 45-29-68.
Ұялы телефондар: 8-705-149-40-56;  8-701-397-89-918-776-800-44-55.

29 10 20 8 

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының үлкен сахнасында қазіргі кездегі коронавирус пандемиясының қауіптері сейілмей отыруына байланысты, барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, Тараз қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен рұқсат етілген 50 адамнан аспайтын көрермен арнайы маскамен келу тәртібімен 29 қазан күні С.Пірмановтің «Ақ күшіктің туған күні» атты ертегі-қойылымы сахналанды.

29 10 20 1

28 қазан күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жазушы-драматург Баққожа МҰҚАЙ-дың «СЕРГЕЛДЕҢ БОЛҒАН СЕРІЛЕР!» атты комедиясының премьерасы өтті.
Жаңа қойылым премьерасы коронавирус індетінің әлі де толастамай отыруына байланысты, облыстың Бас санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысының талаптарына сәйкес БАҚ өкілдері мен сан жағынан шектеулі, 50-ге жуық көрермендердің арнайы медициналық маска тағып келу және театр залында бекітілген арақашықтыты сақтап отыру тәртібімен өтті.

28 10 20 1

Бүгін, 28 ҚАЗАН – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, талантты актриса ИНДИРА МУСТАФАЕВАНЫҢ туған күні!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан ИНДИРАНЫ туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!
Мустафаева Индира Абсаматқызы 1986 жылы 28 қазанда Тараз қаласында дүниеге келген. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің көпсалалы колледжін «Актер өнері» мамандығы бойынша және осы университетті «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бітірген.

Басты рөлде - арт. Байғали Мырзақұл

27 10 20 2

Бүгін, 27 ҚАЗАН – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, талантты актриса ЖАДРА  ҚҰЛТАЕВАНЫҢ туған күні!

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан ЖАДРАНЫ  туған күнімен құттықтай отырып,  зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

2020 жылдың 29-30 қазан күндері, сағат 16.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында – У.Шекспирдің «ГАМЛЕТ» трагедиясының қойылымы болады. Коронавирус індетінің әлі де толастамай отыруына байланысты сан жағынан шектеулі ғана, 50-ге жуық көрермендердің қатысуымен өтеді. Барлық келушілер мен көрерменнің арнайы медициналық маска тағып келуі міндетті.

27 10 20 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актері, белгілі әнші - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбиірбек Тінәлі мен  журналист Есет  Досалының  Жамбыл облыстық "AQ JOL"  газетінің 2020 ж. 26 қазан күнгі  санында жарияланған  Әбекеңнің   өнердегі  қиындығы мен қызығы қатар жүрген салиқалы еңбек  жолы баяндалатын сыр-сұхбатын әлеуметтік желі пайдаланушыларының назарына ұсынып отырмыз.

26.10.20 6

2020 жылдың 28 қазаны, сәрсенбі күні сағат 16.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жазушы-драматург Баққожа МҰҚАЙ-дың «СЕРГЕЛДЕҢ БОЛҒАН СЕРІЛЕР!» атты комедиясының премьерасы болады.

26.10.20 3

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры артистерімен және қызметшілерімен Мемлекет басшысы, ел Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жаңа Жолдауының негізгі бағыттары мен талаптарын түсіндіру бойынша жалпы жиналыс өткізілді.

Бүгін аяулы  асыл ағамыз  Бақытяр Әбілдаұлының  қасиетті Әулиеата - Тараз жерінің тарихына  қатысты жазған  зерттеу еңбектері мен драмалық шығармалары жөнінде сыр шерткен  белгілі журналист Зарина  Москаудың Жамбыл облыстық "AQ JOL " газетінде жуырда ғана  жарияланған  ТАРИХТЫ  ТІРІЛТКЕН ҚАЛАМГЕР" атты мақаласын  әлеуметтік желі пайдаланушыларының назарына ұсынып отырмыз.

26.10.20 1

2020 жылдың 29-30 қазан күндері, сағат 16.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында – У.Шекспирдің «ГАМЛЕТ» трагедиясының қойылымы болады. Коронавирус індетінің әлі де толастамай отыруына байланысты сан жағынан шектеулі ғана, 50-ге жуық көрермендердің қатысуымен өтеді. Барлық келушілер мен көрерменнің арнайы медициналық маска тағып келуі міндетті.

Ғ. Мүсірепов "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" трагедиясы. Қарабай рөлінде- арт. Руслан Оразалиев

21 10 20 01

2020 жылдың 29-30 қазан күндері, сағат 16.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында – У.Шекспирдің «ГАМЛЕТ» трагедиясының қойылымы болады. Коронавирус індетінің әлі де толастамай отыруына байланысты сан жағынан шектеулі ғана, 50-ге жуық көрермендердің қатысуымен өтеді. Барлық келушілер мен көрерменнің арнайы медициналық маска тағып келуі міндетті.
Қойылымның қоюшы – режиссері, белгілі актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өнертану кандидаты, профессор Тұңғышбай әл-Тарази.