Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

01 09 2020 2

Необычный спектакль под открытым небом

В караван-сарае «Торткуль» в Таразе состоялась премьера спектакля «Козы Корпеш и Баян Сулу», представленного Жамбылским областным казахским театром драмы имени Аскара Токпанова по одноименной пьесе классика казахской литературы Габита Мусрепова.

31.08.20 2 

🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН!

29.08.20 1

Бүгін 29 тамыз – Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі ЕРСІН ҚАЛЫБАЕВАНЫҢ туған күні!
Ерсін Қалыбаева 1952 жылы 29 тамызда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Жамбыл мәдени-ағарту училищесін «Театр актері, театр ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша бітірген.

27 08 20 4

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан БЕКСҰЛТАНДЫ туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Ұлы Абай бейнесінде ақын қара сөздерін оқып, көрермен мен тыңдарманға жеткізуші - Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының актері, белгілі сахна шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі АСҚАРБЕК СЕЙІЛХАН !!!

(Театр мен телеарнаның біріккен онлайн - жобасы)

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен 10 тамыз - Абай күніне JAMBYL телеарнасында түсірілген "Адамзаттың алыбы - ақын Абай" атты арнайы хабары

 

🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН!

✍Авторы: А.Лингрен
🎭Режиссері: Б.Ізбасаров
🖼Суретшісі: Ж.Мақашева

17.08.20 15

Белгілі режиссер, Тараз Мемлекеттік Университетінің аға оқытушысы, доцент, өнер магистрі, Халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының режиссері – Қуандық Құлмамырұлы Қасымов 63 жаста.

17.08.20 4

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан АҚНҰРДЫ туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз! 

17.08.20

Абай тағылымын таразылауға, Абай мұраларын зерттеуге әркім өзінше үлестерін қосуда. Ғалымдар ғылыми ізденістерін жалғастырса, ақындар Абайды әр қырынан жырлап, драматургтер жаңа шығармаларымен ерекшеленуде. Міне, жақында жазушы — драматург Болат Бекжанов «Абай –Ақмай» драмасын жазып шықты. Осы орайда тілшіміздің «Абай –Ақмай» драмасының авторымен сұхбатты назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

11.08.20 1

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен 10 тамыз - Абай күніне JAMBYL телеарнасында түсірілген "Адамзаттың алыбы - ақын Абай" атты арнайы хабарында Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артистері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері - Нұрсифат Салықова, ҚР Еңбек сіңірген артисі - Асқарбек Сейілхан, "Махаббат қызық мол жылдар" поэтикалық-композициясында - Абай рөлін сомдаған Абзал Дәулетбақов сұхбат берді.

10.08.20 1
 
АБАЙ БОЛЫП ОЙ КЕШТІМ

Қазақтың лайланбаған тұнығындай ой мен жыр жауһарының ғұламасы Абай Құнанбаевты сомдап, оның жүрек тұңғиығындағы сезімін түйсініп, сонымен қатар оны көрерменге ұсыну сомдаушының терең пайымы мен парасатын талап етсе керек-ті. Біз Абайдың шығармашылығына ден қойып, өлеңдерін оқып, сахна төрінде образын сомдап жүрген өнер иелерімен сұхбаттасқан едік.

Үкіметтің арнайы қаулысымен Абай Құнанбайұлының туған күні - 10 тамыз - АБАЙ КҮНІ болып жарияланды. Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры атынан барша өнер сүйер қауымды осынау атаулы күнмен құттықтай отырып, назарларыңызға онлайн режимде Ұлы Абайдың биылғы 175 жылдығына арналып дайындалған бейнебаянды ұсынамыз.

08.08.20 1

Бүгін 8 тамыз – Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі, ҚР Мәдениет саласының үздігі ГАЛИНА ҚОЙШЫБАЕВАНЫҢ туған күні!
Галина Қойшыбаева 1957 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келген. 1978 жылдан бері Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актриса болып еңбек етіп келеді. Жамбыл мәдени-ағарту училищесінің театр бөлімін бітірген.
Галина Қойшыбаева сахнадағы сыршыл, іңкәр сезімдерді аялауға жаны жақын актриса. Сахнада сәнді көрініп, әдепті әрекеттерге құрылған көріністерге құштар. Ол, әсіресе, балаларға арналған спектакльдерде сүйкімді мінезді образдарды өзгеше өрнектейді.