Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының директоры, белгілі ақын, жазушы - драматург БОЛАТ БЕКЖАНОВ "Әділдік, парасаттылық, сенім" тақырыбында облыстық "Антикор" штабында өткен дөңгелек үстел отырысында адамға тән ізгілік, рух, парасаттылық қасиеттерді Ұлы Абай даналығымен байланыстыра әңгімелеп берді.

1-9 мамыр аралығындағы онлайн іс-шаралар жоспары

ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ТАҚЫРЫПҚА САЙ ӘНДЕРГЕ, ӨЛЕҢДЕРГЕ, КӨРКЕМСӨЗДЕРГЕ, СУРЕТТЕРГЕ  БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

ҚҰРМЕТТІ ӘБИІРБЕК БЕРДЕНҰЛЫ!
Сізді, бүгін, 22 сәуір – туған күніңізбен, әрі Пайғамбар жасы – 63-ке толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

  🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН

  🖋Авторы: Н.Оразалин
  🎭Режиссері: Б.Ұзақов
  🖼Суретшісі: Р.Сапаралиева

Бүгін Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының талантты актері, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты КЕНЕН АҚҮРПЕКОВТІҢ орындауында – белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бақыт Беделханның «МАХАМБЕТТІҢ МОНОЛОГЫН» назарларыңызға ұсынамыз!


20 сәуір күні сағат 22:00-де

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының сахна шебері, білікті ардагер актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Әлімбетова белгілі театртанушы ұстаз, профессор О.М.Головинаның оқыту жүйесі негізінде театрдың шығармашылық құрамымен DUO желісі арқылы онлайн режимде сөзді анық айтуға үйрету, сахна тілі және актерлік шеберлігінің кезекті сабағын қашықтықтан өткізуде.

«Туған жер» бағдарламасында -
ҚР Мәдениет қайраткері –
арт. Жүніс Әлімбеков.

🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН

🖋Авторы: Т.Нұрмағанбетов
🎭Режиссері: А.Сәрсенбек
🖼Суретшісі: М.Нахиева

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі,  жас кинорежиссер  Елжан Жармухамедовтің  Халықаралық кинофестивалінде  Гран-При жүлдесін жеңіп алған "АҚША"  фильмін  назарларыңызға ұсынамыз.

🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН

🖋Авторы: С.Пірманов
🎭Режиссері: А.Сағымбекова
🖼Суретшісі: Ә.Рамазан

Жамбыл облыстық  Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артистері онлайн режимде "Атамекен"  әнін орындады..

«Жігітке жеті өнер де аз» демекші, Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі Мейірбек Есімбекұлы – актерлігімен бірге, өзі меңгерген басқа да өнерлерімен де, оған қоса, көрікті де сырбаз мінезімен де көрерменнің көзайымына айналып, ел-жұрттың алғысына бөленіп келе жатқан өнер иесі.

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  ӘБИІРБЕК ТІНӘЛІ  коронавирус індетіне байланысты карантинде үйде отырған халыққа арнаған АРНАУ  ЖЫРЫН оқиды...

Жамбыл облыстық  Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі,  Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері,  сазгер, әнші  ӘБИІРБЕК ТІНӘЛІ әнсүйер қауымға    "АБЗАЛ ЖАН " атты жаңа әнін өзінің орындауында жолдайды...   Ән  -  өз мамандықтарына  адалынан берілген адамзаттың  асылы,  өмірдегі ең басты байлық -  адам денсаулығының сақшысы, аса мейірбан да мейірімді ақ халатты абзал жандар  - дәрігерлер қауымына арналады...

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі  ӘСЕМ  ҚОНДЫБАЕВА   актрисалық  талантымен бірге,  табиғат берген суретшілік  шеберлігі  де  бар  -  дарын иесі...   Әсем  онлайн режим арқылы  жаңа қойылымдарға дайындық  жұмысынан  қолы босаған сәтте,  әр алуан суреттер салып,  жүрек қалауы -  жеке хоббиіне де  уақыт табады...  Бүгін  Әсем өнерсүйер қауымға өзінің соңғы қылқалам  туындыларын  ұсынып  отыр...

«КЕЛБЕТ» бағдарламасында -
ҚР Халық артисі –
арт. Мәкен Рахымжанқызы.

#БІРЛЕСЕ БІЛГЕН ЕЛ БӘРІН ЖЕҢЕДІ!!!

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының бас суретшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева карантинге байланысты үйде отырып, декоративтік қолөнер бұйымдарын жасауда. Сондай-ақ, театрдың алдағы уақытқа жоспарланған жаңа қойылымдары үшін декорация мен сахна киімдерінің эскиздерін дайындауда.