Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

«Туған жер» бағдарламасында -

ҚР Халық артисі –

арт. Мәкен Рахымжанқызы.

77TV 17.02.2020 жыл

АРАЙ газетінің 2020 жылдың 20 ақпан күнгі санында «Мейірімге шақырған мелодрама» атты мақала жарық көрді.

25 ақпан күні сағат 16.00-де «БАЛАСАҒҰН» ОКЗ-да Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Желсіз түнде жарық ай» атты концерт-композиция көрсетіледі.

Инсценировка: Қуандық Қасымов

Қоюшы режиссері: Анар Сағымбекова

Көркемдік жетекшісі: Жандос Омаров

Бүгін 20 ақпан күні сағат: 16.00-де: С.Сматаев пен Т.Теменовтың «Көгілдір такси» мелодрамасының қойылымы көрсетілді.

Драма оқиғасында әкесіз өскен Нұрбақыт атты жас бозбала жігіттің науқас анасына көмектесу жолында бастан өткерген қиын тағдыры, тіпті күн көріс, ақша табу мақсатымен қылмыстық жолға баруға оқталғаны сөйтіп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің құрығына түсуі баяндалады.

Оны тұтқындаған ішкі істер органының басшысы Қайыржан Ахатович деген полковник әлгі тұтқындалған жігітті анасының құрсағында жатқан кезінде тастап кеткен әкесі болып шығады.

Тұтқындалған жігіттің науқас анасы Мәриям баласымен кездесуге милицияға келгенде, өзін жас қыз кезінде ішінде сәбиі бола тұра, алмай тастап кеткен бұрынғы жігітімен (әлгі полковникпен) бетпе-бет кездесіп, бұдан 19 жыл бұрын өзіне опасыздық жасап, тастап кеткен «жігітіне» бар шындықты айтады.

Полковник өзінің жас кезде жіберген қателігін мойындап, ана мен баладан кешірім сұрайды. Сөйтіп, тағдыр тауқыметімен жолдан тая жаздаған жас жігіт ішкі істер органында істейтін өз әкесін тауып, қатты абыржып, күйзелген әкесін кешіреді.

2020 жылдың 21 ақпаны, жұма күні кешкі сағат 19.00-де Жамбыл облыстық қазақ драма театрында сазгер, әнші ЖАННАР МОЛДАБЕКОВТІҢ «Туған жерге сағыныш» атты шығармашылық ән кеші өтеді.

Сазгер Жаннар Молдабеков еліміздің ән өнерінде «Аңсадым сені», «Ғашық сезім», «Күндер қайда?!», «Таласыма еркелеймін», «Қызыл алма», «Ұстазыма» «Ойығым!», «Туған жерге сағыныш» атты әндерімен танымал. Ол әндер республикамыздың белгілі әншілері Мұқасан Шахзадаев, Бақытқали Қонысбаев, Ләззат Байырбекова, Қарлығаш Қожағазина, Бағжан Ерғайып, Сәуле Желдібаева, Қуаныш Байжиенов, Мадина Сағымбековалардың, «Азия» тобының және басқа да эстрада жұлдыздарының орындауында өнерсүйер қауымға белгілі.

«Тас өткел» фильмінде «Қызыл әскер солдаты» рөлінде Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі – ЖАНДАР ҚЫРЫҚБАЕВ.

«Тасөткел» телехикаясының қоюшы режиссері – Мұрат Бидосов. Отандың телеөнім өмірде болған оқиғаға негізделген. Басты кейіпкер – Ауғанстанда қалып қойған қазақ баласы Хасан. Бұралаң жол басып, балалық шағы Ауғанстанға тап келген кейіпкердің басып өткен «тасөткелі» көп. Жастайынан өмір сүрудің жолын үйреніп, жеті жұрттың тілін біліп, өнер игерген қарапайым азамат ғұмырының көп бөлігін Ыстамбұлда өткізеді. Өз еңбегімен ауқаттылар қатарына қосылады. Бірақ оның бар өкініші өзінің кім екенін білмеуі еді. Ұзақ жылдардан кейін ғана қазақтың қоңыр күйін тыңдап, жадынан өшкені қайта оралып, атажұртқа табаны тиеді. «Тағдырдың жазуымен шет жайлап, қиыр қонған қазақтың бір ұрпағы өзінің тегін ұмытуға шақ қалып, құдіретті күйдің күшімен өзін танып, атажұртты аңсап, «топырағына табаным бір тисе» деген арманымен Отанына оралып көз жұмуы арқылы Отан, егемендік ұғымын көрерменге әсерлі түрде ұғындыру», – дейді шығармашылық топ мүшелері.

Бүгін 19 ақпан күні сағат 18.30-да Жамбыл облыстық қазақ драма театрында «Махаббат, қызық мол жылдар» поэтикалық-композициясы көрсетілді.

Инсценировка: Қуандық Қасымов

Режиссері: Анар Сағымбекова

"Бақсы" атты қазақ фильмі қазақ даласының кішкентай кесіндісінде автострададан бірнеше метрдей тұратын бақсы Айдай туралы баяндайды. Оның бірегей қабілеті туралы барлық округ біледі. Халық емшісі: мал мен ерлердің маскүнемдігін емдейді, жоғалған адамдарды және ұрланған малды тауып, басқа да көптеген мәселелерді шеше алады. Оған ең алыс ауылдардан келген адамдар да көмекке келеді. Оған жүгінетіндердің барлығы Айдай өз көмегін көрсетеді. Қазақ фильмінің сюжеті бақсы Айдай болған ауыр жағдайды сипаттайды. Фильм түсіретін және жер учаскелерін сатып алумен айналысатын бай бизнесменге бақсы тұрған жер учаскесі ұнады. Ол өз тұрған жерінен үзілді кесілді бас тартады. Бұл оған қасиетті жер, мұнда оның ата-аналары өмір сүрді. Бірақ бай кәсіпкерді ештеңе тоқтатпайды. Айдайға көмекке батыр көршісі келеді. Өз уақытында бақсы оның әйелін бедеуліктен емдейді. Барлық бейбіт күрес тәсілдері таусылды және қанайырық пайда болады. Бұл жағдайда кім жеңіске жетеді?

«БАҚСЫ» РӨЛІНДЕ – ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, арт. НЕСІПКҮЛ ОМАРБЕКОВА

Фарида рөлінде - арт. Мәкен Райсханова;

Жарас рөлінде - арт. Мәмбет Қожалиев;

Әлия рөлінде - арт. Ризат Қылышбаева.

«Тағдыр тартысы». Сәби сүйгім келеді - Өмірде жақсылық та, жамандық та қатар жүреді. Ханталапай тағдыр сынағының нәтижесі әр адамның әрекетіне тәуелді. Сондықтан қиындық пен кедергі, қайғы мен қасірет, мұң мен өкінішке ұласқан жұмырбасты пенденің жүріп өткен жолы - өмір сабақтары. Бүтін отбасының, әрбір адамның тағдыры - тұтас қоғамның айнасы. Қоғамды өзгерту ұлт тәрбиесінен басталатыны сөзсіз. Өмірдегі шынайы оқиға негізінде кейіпкер тағдыры арқылы баяндалатын деректі телехикая жұмыс іздеп тауы шағылған жанның өмірмен күресі, қызметтік махаббат хикаясы, ерлі-зайыптылардың кикілжіңі, шайқалған шаңырақ шері арқылы көрерменді ізгілікке шақыруды көздейді. Өмірдегі бақталастық пен бәсеке, өсек-аяң, қастандық пен зұлымдықтың текетіресінде кім жеңіске жетеді? Ене мен келіннің тартысы, ағайындылар арасындағы алауыздық, бір шаңырақтың астында күн кешкен абысындардың араздығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Бүгін 18 ақпан күні сағат: 18.00-де студенттер мен оқушыларға Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» мелодрамасының қойылымы көрсетіл

Бұл мелодрама – Дәметкен атты көп балалы ананың қартайған шақты балаларынан опа көрмей, қайғы-мұң кешкен тағдырын баяндайды.

Спектакльдің негізгі идеясы: жас ұрпақты ата-ананың қадірін білуге, өмір бойы сыйлап, қадірлеп, құрметтеп өтуге, ағайындылар арасындағы татулыққа, бірлікке, ынтымаққа, жамандыққа бастайтын әдет-қылықтардан аулақ болуға үндейді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Шер-ағаң – Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» драмасын белгілі актер, көрнекті режиссер, Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов сахнаға дайындап жатыр. Өткен жылдың соңынан бері дайындалып жатқан қойылымның тұсаукесері (премьерасы) алдағы наурыз айының басында болады деп жоспарланып отыр.

Драма оқиғасында Алаш ардақтысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 1930-шы жылдары кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға бел шеше, батыл кірісіп, сол уақытта Қазақстанда бірінші басшы болған Ф.И. Голощекиннің қазақ жерінде қасақана, қолдан ұйымдастырған «кіші қазан төңкерісіне» ашық түрде қарсы шығуы, Қазақстан халқын ашаршылық апатынан құтқару жөнінде Сталинге ашық хат жазуы, соңынан өзі тікелей нақты ұсыныстармен барып, бетбе-бет кездесуі суреттеледі.

Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсан күні қазіргі Түркістан облысының Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1937 жылы 21 мамыр күні Кисловодскіде демалыста жүрген Т.Рысқұлов «ұлтшыл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынып, сол қуғын-сүргіннің құрбаны болады.

«ҚҰНАНБАЙ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІНДЕ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ АРТИСТЕРІ...

арт.НҰРСИФАТ САЛЫҚОВА - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері.

арт.АСҚАРБЕК СЕЙІЛХАН - Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.

17 ақпан күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасының қойылымы көрсетілді.

Көрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысады.

Өнерсүйер қауым, сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тылсым тыныс-тіршілігімен, Әулиеата жерінің сакральды географиясымен танысуға да мүмкіндік алады.

Барша халық жақсы біледі. Тараз десе, көз алдымызға – Айша бибі мен Қарахан келеді. Ал, кейінгі жас ұрпақ, өкінішке орай, Айша бибі мен Қараханның махабаттағы тағдырлары – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек, Ақан сері-Ақтоқты, Қыз Жібек пен Төлеген сияқты өмірде шын болған тарихи, әдеби тұлғалармен көп ұқсас екендігін терең біле бермейді.

Шығарма оқиғасында Қараханның және ол басқарып отырған мемлекеттің жаулары Айшаны өлтіру арқылы Қараханды мұқатпақ болған жаулық ой-пиғылдарын, ақыры орындап тынады. Айша бибі жау пиғылды сатқындар қолынан қаза табады.

15 ақпан күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Бурыл орта мектебінің" мұғалімдері «Махаббат, қызық мол жылдар» поэтикалық-композициясын тамашалады.

Инсценировка: Қуандық Қасымов

Режиссері: Анар Сағымбекова

2020 жылдың 18 ақпан күні сағат: 18.00-де:

Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» мелодрамасының қойылымы көрсетіледі.

Бұл мелодрама – Дәметкен атты көп балалы ананың қартайған шақты балаларынан опа көрмей, қайғы-мұң кешкен тағдырын баяндайды.

Спектакльдің негізгі идеясы: жас ұрпақты ата-ананың қадірін білуге, өмір бойы сыйлап, қадірлеп, құрметтеп өтуге, ағайындылар арасындағы татулыққа, бірлікке, ынтымаққа, жамандыққа бастайтын әдет-қылықтардан аулақ болуға үндейді.

2020 ЖЫЛДЫҢ 17 АҚПАН КҮНІ САҒАТ: 16.00-ДЕ, 22 АҚПАН КҮНІ САҒАТ 11.00-ДЕ:

Жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасының қойылымы болады.

Көрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысады.

Өнерсүйер қауым, сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тылсым тыныс-тіршілігімен, Әулиеата жерінің сакральды географиясымен танысуға да мүмкіндік алады.

Барша халық жақсы біледі. Тараз десе, көз алдымызға – Айша бибі мен Қарахан келеді. Ал, кейінгі жас ұрпақ, өкінішке орай, Айша бибі мен Қараханның махабаттағы тағдырлары – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек, Ақан сері-Ақтоқты, Қыз Жібек пен Төлеген сияқты өмірде шын болған тарихи, әдеби тұлғалармен көп ұқсас екендігін терең біле бермейді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Өнер және мәдениет» кафедрасының аға оқытушысы СЕЙІЛХАН АСҚАРБЕК АҚЫЛШАҰЛЫ ағамыз Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласына білікті жас мамандар даярлауға қосқан зор үлесі үшін «МҰХАМЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ атындағы ҮЗДІК ТАБЫСТАРЫ ҮШІН» белгісімен марапатталды.

Әріптесімізді марапатымен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

ІЗГІ НИЕТПЕН:

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестеріңіз!

2020 жылдың 20 ақпан күні сағат: 11.00, 16.00-де: С.Сматаев пен Т.Теменовтың «Көгілдір такси» мелодрамасының қойылымы болады.

Драма оқиғасында әкесіз өскен Нұрбақыт атты жас бозбала жігіттің науқас анасына көмектесу жолында бастан өткерген қиын тағдыры, тіпті күн көріс, ақша табу мақсатымен қылмыстық жолға баруға оқталғаны сөйтіп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің құрығына түсуі баяндалады.

Оны тұтқындаған ішкі істер органының басшысы Қайыржан Ахатович деген полковник әлгі тұтқындалған жігітті анасының құрсағында жатқан кезінде тастап кеткен әкесі болып шығады.

Тұтқындалған жігіттің науқас анасы Мәриям баласымен кездесуге милицияға келгенде, өзін жас қыз кезінде ішінде сәбиі бола тұра, алмай тастап кеткен бұрынғы жігітімен (әлгі полковникпен) бетпе-бет кездесіп, бұдан 19 жыл бұрын өзіне опасыздық жасап, тастап кеткен «жігітіне» бар шындықты айтады. Полковник өзінің жас кезде жіберген қателігін мойындап, ана мен баладан кешірім сұрайды. Сөйтіп, тағдыр тауқыметімен жолдан тая жаздаған жас жігіт ішкі істер органында істейтін өз әкесін тауып, қатты абыржып, күйзелген әкесін кешіреді.

2020 жылдың 17 ақпан күні сағат: 16.00-де: Жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасының қойылымы болады.

Көрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысады. Өнерсүйер қауым, сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тылсым тыныс-тіршілігімен, Әулиеата жерінің сакральды географиясымен танысуға да мүмкіндік алады. Барша халық жақсы біледі. Тараз десе, көз алдымызға – Айша бибі мен Қарахан келеді.

Ал, кейінгі жас ұрпақ, өкінішке орай, Айша бибі мен Қараханның махабаттағы тағдырлары – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек, Ақан сері-Ақтоқты, Қыз Жібек пен Төлеген сияқты өмірде шын болған тарихи, әдеби тұлғалармен көп ұқсас екендігін терең біле бермейді.

Шығарма оқиғасында Қараханның және ол басқарып отырған мемлекеттің жаулары Айшаны өлтіру арқылы Қараханды мұқатпақ болған жаулық ой-пиғылдарын, ақыры орындап тынады. Айша бибі жау пиғылды сатқындар қолынан қаза табады.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АРТИСІ,
БЕЛГІЛІ САХНА МАЙТАЛМАНЫ
НЕСІПКҮЛ ОМАРБЕКОВАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ!

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым белгілі сахна майталманы, ҚР Мәдениет қайраткері НЕСІПКҮЛ ОМАРБЕКОВАНЫ мерейлі 70 жасқа толған туған күнімен құттықтады.

Театр басшылары мен әріптестері жарты ғасыр уақыт театрмен бірге жасасып келе жатқан өнер иесінің сахнаға шығарған ең алғашқы рольдері мен бүгінге дейінгі еңбектерін еске түсіріп, жалынды құттықтау тілектердің соңы әсерлі естеліктерге ұласты.

Театр директоры Болат Бекжанов бала кезінде Несіпкүл Омарбекованың жас балаша киініп, сахнада көрсеткен ойынын көріп, ерекше риза болып, қанаттанғандығын еске түсірді.

Ардагер артист Асқарбек Сейілхан Несіпкүл құрдасының «Евразия» кинокомпаниясы түсірген «Бақсы» фильмінде басты кейіпкер – Бақсыны ойнап, Ресей, Словакия, Австралия елдерінде өткен кинофестивальдарда «Үздік актриса» номинацияларына ие болғандығын мақтанышпен жеткізді.

Сондай-ақ, ардагер артистер Нұрсифат Салықова, Мәкен Райсханова, Мәкен Рахымжановалар және театрдың көркемдік жетекшісі Мәлік Ақүрпеков және басқа да әріптес інілері мен сіңлілері мерейтой иесі Несіпкүл Омарбековаға жүрекжарды тілектерін жеткізді.