Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының 2020 жылдың науыз-сәуір айларында ОНЛАЙН режимде атқаратын іс-шараларының жоспары

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының майталман актері, Қазақстанның халық артисі Асқарбек Сейілхан – Ұлы Абай бейнесінде бірнеше телевизиялық хабарларға түсіп, ақын өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтудан алдына жан салмай келе жатқан өнер тарландарының бірі де бірегейі.

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі Елжан Жармухамедов қазіргі карантиндік шараларға байланысты театрдың басқа да артистерімен қатар, үйде отырып, жаңа қойылым – Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясындағы өз рольіне дайындық жасау жұмыстарын қашықтықтан, онлайн режимде ZOOM жүйесі арқылы өткізуде.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласына орай Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының актрисасы, Қазақстанның халық артисі

Мәкен Рақымжанованың

ҮНДЕУІ

🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН
🖋️Авторы: М.Абайділдә мен С.Пірманов
🎭Режиссері: К.Ақүрпеков

🖼️Суретшісі: Ә.Рамазан

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры ұжымы өзіңізді аса құрметтейді. Өйткені сіз өнерді, өнер адамдарын түсінесіз.
Сіз мәдениет басқармасынан қалалық білім бөліміне басшылыққа ауысқан кезіңізде біздің басшымыз Болат аға тост айтып тұрып былай депті:

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының  артисі,  белгілі сахна шебері  Ерсін Қалыбайқызы  өзінің суырып салма әуесқой ақындық табиғатына салып,  "Бүлдірген"  әнінің әуенімен жыр шырқап,  коронавирус індетінен ертерек құтылып,  қуанышпен  қауышайық деген тілегін тамаша әнмен жеткізді...

Бүгін 7 сәуір – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Қазақстанның халық артисі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері МАКЕН әпке РАҚЫМЖАНОВАНЫҢ туған күні!

🎭Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры бүкіл әлемде орын алған коронавирус пандемиясына байланысты оқшауланып, үйде отырған өз көрермендері үшін әлеуметтік желіде орындау шартымен «Театр таланттарды іздейді» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын жариялайды.

🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН:

✍️Авторы: Қ.Қасымов
🎭Режиссер: Қ.Қасымов
🖼️Суретшісі: М.Шарафидин

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артистері: дәрігерлер қауымының  коронавирус індетіне шалдыққан азаматтарды құтқаруда жеке бастарын қатерге тіге жүріп,  жанкештілік танытып күресіп жатқан  ерлікке  тән еңбектерін  "Рахмет,  абзал дәрігер!" атты арнау жырларына  арқау етіп, дәрігерлерге арналған аталған Алғыс жырларын интернеттік онлайн  жүйе  арқылы ерекше  ризашылық сезіммен жолдады...

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының  шығармашылық  ұжымы  үстіміздегі жылға  жоспарланған  жаңа қойылымдардың бірі  - Ғ.Мүсіреповтің  "Қозы Көрпеш -  Баян сұлу"  трагедиясын  сахнаға  дайындауды  онлайн режимде жүргізіп жатыр.

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының  артисі,  ҚР Мәдениет саласының үздігі Галина Қойшыбаева   өз шығармашылық жолында  50-ден аса басты және негізгі кейіпкерлер бейнесін сомдаған сахна өнерінің   айтулы шебері.  Бірнеше телевизиялық фильмдерге түсіп,  киноактриса ретінде де танылған. 

ӘРІПТЕСІМІЗ, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының Өртке қарсы қызмет бөлімінің жетекшісі АРИПБАЕВА САУЛЕ КАЙМУЛДИНОВНАНЫ ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры үйде отырған оқушыларға әлеуметтік желіге мәтіндерін жазып қалдыру шартымен «ЗЕРЕ ӘЖЕНІҢ ЕРТЕГІЛЕРІ» байқауына жаңа ертегілер жазып, ұсыну конкурсын жариялайды.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлар енгізу туралы Мемлекет басшысының Жарлығына, сондай-ақ, осыған байланысты қабылданған облыс басшылығының өкімі мен хаттамалық тапсырмаларына орай халыққа көрсетілетін мәдени қызмет пен шығармащылық ұжымның жұмысын толықтай онлайн режимге көшірді.

ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН:

Авторы: Е.Әбдрешов
Режиссер: Е.Әбдрешов
Суретшісі: Р.Сапаралиева

АРАЙ газетінің 2020 жылдың 26 наурызында «Жан-дүниең жұтанданса, рухани кемтарлыққа әкеледі», АҚЖОЛ газетінің 30 наурызында «Көрермендер онлайн режимге де үйренеді» атты төмендегі мақалалар жарық көрді.

Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театры бүкіл әлемде орын алған коронавирус пандемиясына байланысты оқшауланып, үйде отырған өз көрермендері үшін әлеуметтік желіде орындау шартымен «Театр таланттарды іздейді» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын жариялайды.