Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

🔹 Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 9 желтоқсан күні сағат 11.00-де «3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне» орай облыс әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен және «Мүгедек жастар қоғамы» бірлестігімен бірлесе отырып, Тараз қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар, жастар мен балаларды театрға шақырып, биылғы жаңа қойылымдардың бірі – драматург С.Пірмановтің «Ақыртас туралы аңыз» атты ертегі-қойылымын қайырымдылық шара ретінде көрсететті.

🔸Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры Сіздерді ❄ Жаңа жыл мерекесіне орай 🤹‍♂️"Көңілді Роджер" ертегісі мен 🎄Жаңа жылдық думанды бағдарламаны тамашалауға шақырады.

🔽Өтетін уақыты:
📍23-30 желтоқсан аралығында, ⏲11.00, 13.00, 15.00
📞касса: 45-79-89, 8 (776) 963-84-64, 8 (747) 913-75-70
🔖Билетті театр кассасынан ала аласыздар!
💸БАҒАСЫ: үлкендерге, білімгерлерге, оқушыларға, жасөспірімдерге - 500 тг

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық құрамы Қазақстанның Халық артисі Мәкен Рахымжанова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүніс Әлімбеков және талантты актер Жандар Қырықбаев, театр директорының көрермендер жөніндегі орынбасары Жазира Дүйсенбаева қаламыздағы №48 Т.Рысқұлов атындағы мектепте ұйымдастырылған «Әдебиет пен өнер» тақырыбындағы әдеби кешке қонақ болып барды.

🔹9-желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа күрес күніне орай Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры директорының орынбасары Жазира Дүйсенбаева ұжым алдында «Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» міндеті аясында театрда 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы» баяндама жасады және жекелеген сауалдарға жауап берді.

🔸Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық құрамы мен қызметкерлері 6 желтоқсан күні кезекті аттестаттаудан және біліктілік санаттарын көтеру сынақтарынан өтті. 

🔽Өтетін уақыты:
📍9 желтоқсан күні, ⏲12.00
📞касса: 45-79-89, 8 (776) 963-84-64, 8 (747) 913-75-70
🔖Билетті театр кассасынан ала аласыздар!
💸БАҒАСЫ: білімгерлерге, оқушыларға, жасөспірімдерге - 500 тг,
үлкендерге-1000 тг

✍Авторы: Сантөре Пірманов
🎭Режиссері: Ербол Абжалов
🖼Суретшісі: Айгерім Амангелді

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының бас есепшісі Тулебекова Динара Мусакқызы 2022 жылдың 27 қазаны күні сағат 12.00-де әлеуметтік желі – Инстаграм арқылы Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының «9 айдағы бюджеттің игерілуі» тақырыбында тікелей эфирге шықты.

🔹Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Алаш ардақтысы , ақын, ағартушы ғалым, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай , драматург Сантөре Пірмановтың «Ұлт Ұстазы» атты символикалық композициясының премьерасы сахналанды.

ҚҰРМЕТТІ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ !!!
 
🔹СІЗДЕРДІ Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры Алаш ардақтысы , ақын, ағартушы ғалым, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай , драматург Сантөре Пірмановтың «Ұлт Ұстазы» атты символикалық композициясының премьерасын тамашалауға шақырады.

🔸Театр өнерінде қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын күз айында театрдың жаңа жұмыс маусымы ашылады.

🎭87-ШІ ЖАҢА МАУСЫМНЫҢ АШЫЛУЫ!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Өнер саласындағы Umai ұлттық сыйлығының тағайындалғанын хабарлайды.

🔹Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 1-4 қазан аралығында гастрольдік сапармен Тараз қаласына келеді.

🔹Гастрольдік сапар репертуарында «Ай мен Айша», «Сүйікті менің періштем», «Қоштасқым келмейді», «Қара» драмалары бар.

#таразтеатр

🔹Театр өнерінде қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын жазғы демалыс алдында театрдың ағымдағы маусымы жабылады. Осы дәстүрге сай, 2022 жылдың 24 маусымы күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театының 86-шы маусымы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы-драматург Арғынбай Бекбосынұлының туғанына 85 жыл толуына орай автордың «ДОМАЛАҚ ЕНЕ» символикалық драмасы көрсетумен жабылды.

Қымбатты  театр көрермендері!

Ардақты өнерсүйер қауым, әріптестер!

СІЗДЕРДІ 2022 жылдың 24 маусымы, жұма күні сағат 18.30-да болатын  Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының кезекті 86-ші маусымының жабылуына және көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері,  жазушы-драматург Арғынбай Бекбосынұлының туғанына 85 жыл толуына орай көрсетілетін автордың «ДОМАЛАҚ  ЕНЕ» символикалық драмасын  тамашалауға шақырамыз.

🔰ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен “Ұлт рухы - ұрпақ мұраты” тақырыбында Қазақстанның I мәдениет форумы өтті.

🔹А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының үшінші қабатында орналасқан музейде ҚР Мәдениет қайраткері, жазушы, драматург Әлібек Әмзеұлына арналған экспозиция ашылды.

🔸Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры «2022 – Балалар жылы» аясында және балалардың жазғы каникулы кезеңінде мәдениет, спорт бағытындағы үйірмелерге қатысатын балалардың демалысын ұйымдастыру мақсатында экскурсия ұйымдастырды.

⚜️Қазақстанның халық артисі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері МӘКЕН РАХЫМЖАНОВАНЫҢ мерейлі 70 жасына арналған «Өнерім – пырағым, ақ қанат тұлпарым» атты шығармашылық өнер кеші өтті.

🔹Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының ұжымымен өткен басқосуда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбы бойынша талдау, түсіндіру жұмысы жүргізілді.