Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

10.11.21 1

Б.Римова атындағы Талдықорған драма театр ұжымы А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрын қазаққа тән қонақжайлықпен күтіп алды!

Алматы облысында өтіп жатқан Жамбыл облысының мәдени күндері  А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының «Жамбылдың қызыл жолбарысы» драмасымен өз мәресіне жету жоспарланған.
Соған орай А.Тоқпанов атындағы Жаамбыл облыстық қазақ драма театрының ұжымы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының жаңа ғимаратына қазақы дәстүрге сай шашу шашып келді. Қос театрдың ұжымы басқосқан жиында екіжақты сыйластық пен мәдени һәм рухани жарасымдылық нығая түсті.

"Жамбылдың қызыл жолбарысы" драмасын жетісулықтарға алып келген өнер ұжымын Талдықорған жұрты жылы шыраймен күтіп алып, шығармашылық табыстар тіледі.

Жамбыл облысының Алматы облысындағы мәдениет күндері аясында Талдықорған қаласында А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артистері "Жамбылдың қызыл жолбарысы" драмасын сахналады

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артистері 5 қараша  күні Тараз қаласындағы ЖД - 158 - 4  еңбекпен түзеу мекемесіне көшпелі қойылыммен болып, драматург Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегі» драмасын көрсетті.

08.11.21 1

Жас кеткен пақырды, жас кеткен ақынды, жас кеткен досыңды, әріптесіңіді еске алу – ә дегенде, бір күрсінтіп, бір мұңайтып, жүрекке салмақ салғанмен, артынша, тұңғиық естелік-әлеміне шомып, сол марқұм досыңмен, әріптесіңмен, өзі өлсе де ізі өлмес жанмен  бірге өткен күндердің елесіне ілесіп, іштей егіліп, бір күліп, бір жылап, отырғаның...   

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артистері 4 қараша  күні Тараз қаласындағы ЖД - 158 - 7  еңбекпен түзеу мекемесіне көшпелі қойылыммен болып, драматург Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегі» драмасын көрсетті.

04.11.21 1

03.11.21 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Сантөре Пірмановтың «Алтын жұмыртқа» ертегісі сахналанды.

02.11.21 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы" КММ тарапынан жіберілген мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға қайырымдылық мақсатында Б.Бекжановтың "Айболит пен қарақшы" ертегі қойылымын көрсетті.

01.11.21 2

Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесінің өкілдері арнайы келіп, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында  ұзақ уақыттан бері бухгалтер болып еңбек етіп келе жатқан Сатыбалдиева Сәуле Жолдасбекқызын мерейлі жасқа толған туған күнімен құттықтады және облыстық Ардагерлер кеңесінің арнайы медалімен марапаттады.
Театр басшылығы мен ұжымы атынан, біз де әріптесіміз  Сәуле Жолдасбекқызын бүгінгі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

27.10.21 1

Асқар Тоқпанов  атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 25-26 қазан күндері жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай белгілі ақын,  драматург Иран Ғайыптың (Иранбек Оразбаевтың)  «Жамбылдың Қызыл жолбарысы» атты драмасы сахналанды.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры ақын – Айша Көпжасарованың 80 жас мерейтойына орай «Көңілге көктем сыйлаған» атты шығармашылық өнер кешін ұйымдастырды.

25.10.21 1