Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жоспарланған Алматы облысының Жамбыл облысындағы күндері аясында  тараздықтарға өрелі өнерлерін тарту ету мақсатында БИКЕН  РИМОВА  АТЫНДАҒЫ ТАЛДЫҚОРҒАН ТЕАТРЫНЫҢ шығармашылық ұжымы – Тараз қаласына келді.

06.12.21 1

02.12.21 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай жазушы,  драматург А. Бекбосынұлының  "Домалақ ене"   символикалық драмасын сахналады.

25.11.21 1

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Тараз қалалық ақпараттық тобының мүшесі, қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаманбаев Малтабар Қаратайұлы Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры ұжымымен кездесіп, Елбасы Н.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар ретінде ұсынған   «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының мән-мағынасын түсіндірді.

25.11.21 1

Шығармада Ұлы Абайдың жас кезі, жігіт шағы, кемел жасқа толған кезеңі, ақын достары, алғашқы махаббаты Тоқжан қызға, екінші ғашығы Әйгерімге деген жыр болып ақтарылған сүйіспеншілік сезімі, ол жырлаған Онегин мен Татьянаның бейнесі, ұлағат пен тағлымға толы қара сөздерінің күші мен шындығы, жырларының рухы, солар арқылы көрініс табатын ақынның ішкі арпалыс пен халқының болашағы үшін күресі суреттеледі.

Биыл барша еліміз үшін қастерлі саналатын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мерекеленетін айтулы кезеңде – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының құрылғанына да 85 жыл толып отыр.

17.11.21 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы Тараз қаласында өтіп жатқан «Анаға тағзым» республикалық форумының қонақтары үшін белгілі жазушы-драматург Арғынбай Бекбосынұлының «Домалақ ене» символикалық драмасын көрсетті.
Драманың қоюшы режиссері – белгілі режиссер, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың, сондай-ақ, көптеген Халықаралық және республикалық театр фестивальдарының лауреаты, «Театр тарланы» сыйлығының   иегері  Қуандық Қасымов.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Асқарбек Сейілхан "Тараз-24" телеарнасының "Асылдар айтқан..." бағдарламасына қатысты.

Биыл барша еліміз үшін қастерлі саналатын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мерекеленетін айтулы кезеңде – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының құрылғанына да 85 жыл толып отыр.

12-13 қараша Түркістанда Жамбыл облысының күндері өтеді.
Қос тарихи өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәдени байланысын нығайтатын шара аясында «Көне шаһардан түркі әлемінің бесігіне бірге аттанайық» ұранымен жамбылдықтар қаламызда қонақ болмақ.
Қапы қалмаңыздар!

12.11.21 1

Асқар Тоқпанов  атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 11 қараша күні жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай белгілі ақын,  драматург Иран Ғайыптың (Иранбек Оразбаевтың) «Жамбылдың Қызыл жолбарысы» атты драмасы сахналанды.

11.11.21

🔹Бүгін Тараз қаласының Күнбатыс беткейіндегі бас қақпасына жақын орналасқан «Қазақ хандығы» монументі алаңынан Жамбыл облысының Түркістан қаласындағы мәдени күндеріне қатысу үшін «Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан – түркілер бесігіне» атты керуен Жамбыл облысынан Түркістан қаласына аттанып кетті.
🔸 Тараздан аттанған керуенді шығарып салушы жұртшылық, зиялы қауым және өзге ұлт өкілдері үшін Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония ән-күйден шашу шашса, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артистері театрландырылған көрініс көрсетті.

11.11.21 1

Ағымдағы жылдың 8-9 қараша күндері Алматы облысының орталығы Талдықорғанда «Жаңарған Жамбылдан –жерұйығы Жетісуға!» атты Жамбыл облысының мәдениет күндері өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесіне орай қолға алынған рухани шарада облыстық кітапханалардың «Өткені – өнеге, бүгіні – бекем, болашағы – жарқын Жамбыл өңірі» атты жылжымалы мәдени көрмесі жұрт назарына ұсынылды.

10.11.21 1

9 қараша, сағат 18:30-да А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артистері Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында "Жамбылдың қызыл жолбарысы" драмасын сахналады