Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

08 12 20 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында, 2020 ЖЫЛДЫҢ 8-ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ САҒАТ 16.00-де барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақтала отырып, белгілі тарихи тұлға, қазақ халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі жолындағы жалынды күрескер, айбынды Алаш арысы, 30-шы жылдардағы сталиндік репрессия құрбаны Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобалары аясында сахнаға дайындалған жаңа қойылым Ш.Мұртазаның «ТҰРАР. СТАЛИНГЕ ХАТ» драмасының тұсаукесер қойылымы (премьерасы) өткізілді. Қойылымның қоюшы-режиссері: Қазақстанның Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты - Тұңғышбай әл-ТАРАЗИ. Қоюшы-суретшісі: Айгерім Рамазан.

07 12 20 1

2020 жылдың 11, 23 желтоқсан күндері, сағат 11.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында – А.Сағымбекова мен С.Пірмановтың «Ертегілер еліне саяхат» атты ертегі қойылымы болады. Уақытша шектеулерге байланысты сан жағынан 50-ге жуық көрермендердің қатысуымен өтеді. Барлық келушілер мен көрерменнің арнайы медициналық маска тағып келуі міндетті.

Билет бойынша барлық сұрақтар:👇

04 12 20 8

Қазақ вальсі королінің әндері тыңдармандар жүрегіне жетті

Ақжол газеті

04 12 20 7

Жамбыл-Тараз газеті
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ. Суреттерді түсірген-
Ақәділ РЫСМАХАН

04 12 20 6

Облыс әкімдігінің қолдауымен әрі облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Шәмші ғұмыр» спектакль-концерті өтті. Шара Қазақстанның Халық әртісі, қазақ вальсінің королі, даңқты композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында ұйымдастырылған шара Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында өтті.
Кеште ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың құттықтау сөзі қалың көпшілікке жеткізілсе, шара соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та құттықтау тілегін білдірді.

04 12 20 5

Жүректі әнмен емдеп, ғашықтарды сазымен тербеген, Сыр сұлуымен сырласып, Каспий толқынының үнін әнмен жеткізген, Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шәмші Қалдаяқовтың есімі әнсүйер қауымның жүрегінде жатталып қалған. «Баласағұн» орталық концерт залында белгілі композитордың 90 жылдығына орай «Шәмші – ғұмыр» атты шығармашылық кеш өтті.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архи

04 12 20 2

В центральном концертном зале «Баласағұн» состоялся творческий вечер «Шәмші — ғұмыр» в честь 90-летия известного композитора, народного артиста Казахстана, лауреата Государственной премии РК Шамши Калдаякова.

Надо отметить, что вечер прошел с соблюдением карантинных требований, масочного режима, шахматной рассадки и социальной дистанции. Зал был заполнен лишь на 30 процентов.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артистері Гауһар Сұлтанбекова мен Мамбет Қожалиев ерлі - зайыптылар рольдерін сомдаған төмендегі бейнебаяндағы оқиға сюжеті нені білдіреді?
Біздіңше, бұл сюжет оқиғасы: "Кейде, ер азаматын сыбайлас жемқорлықтай лас жолға түсуге әйелдері итермелейді" деген ақиқат шындықты растай түседі.
Ал, Сіздер, осы орайда қандай ой-пікір айтасыздар, достар?!

АСҚАР ТОҚПАНОВ атындағы ЖАМБЫЛ облыстық қазақ драма театрының артистері: ҚР Мәдениет қайраткері Жүніс Әлімбеков @zhunisalimbekov пен талантты жас актер Нұрсұлтан Маханов @nursultanmahanov орындаған төмендегі бейнебаяндағы оқиға сюжеті нені білдіреді?
Біздіңше, бұл сюжет оқиғасы: "Сыбайлас жемқорлықтың тыйылмауына, заман емес, тойымсыз, ашқарақ адамдар кінәлі" дегенді ұқтыратын секілді!
Ал, Сіздер қалай ойлайсыздар, қадірменді достар ?!

03 12 20 4

Бүгін Қазақстан Театр қайраткерлері одағына мүше болып жаңадан қабылданған Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының бір топ артистері мен қызметкерлеріне арнайы куәліктер табысталды.
Қазақстан Театр қайраткерлері одағының су жаңа мүшелеріне Одақтан жаңа келген мүшелік куәліктерді Қазақстан Театр қайраткерлері одағы Тараз дирекциясының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Жүніс Әлімбеков табыс етті.

Асқар Тоқпанов атындағы  Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында, 2020 ЖЫЛДЫҢ  8-9 ЖЕЛТОҚСАНЫ КҮНДЕРІ САҒАТ  16.00-де барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақтала отырып, белгілі тарихи тұлға, қазақ халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі  жолындағы жалынды күрескер, айбынды Алаш арысы, 30-шы жылдардағы сталиндік репрессия құрбаны Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобалары аясында сахнаға дайындалған жаңа қойылым Ш.Мұртазаның «ТҰРАР. СТАЛИНГЕ ХАТ» драмасының тұсаукесер қойылымы (премьерасы) өткізіледі.   

Көрермендерден міндетті түрде медициналық маскамен келуді және театр залындағы орындықтарға белгіленген арақашықтықты сақтап отыруды сұраймыз.

03 12 20 1

10 желтоқсан күні сағат 11.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Сантөре Пірмановтің «Ақ күшіктің туған күні» атты ертегі-қойылымы болады. Қойылым режиссері - Анар Сағымбекова.
Уақытша шектеулерге байланысты сан жағынан 50-ге жуық көрермендердің қатысуымен өтеді. Барлық келушілер мен көрерменнің арнайы медициналық маска тағып келуі міндетті.
Билет бойынша барлық сұрақтар:👇

 

2020 жылдың 11-желтоқсан күні, сағат 11.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында – А.Сағымбекова мен С.Пірмановтың «Ертегілер еліне саяхат» атты ертегі қойылымы болады. Уақытша шектеулерге байланысты сан жағынан 50-ге жуық көрермендердің қатысуымен өтеді. Барлық келушілер мен көрерменнің арнайы медициналық маска тағып келуі міндетті.

Билет бойынша барлық сұрақтар:👇

02 12 20 10

10-желтоқсан күні, сағат 16.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жазушы-драматург М.Байғұттың «Асқаровтың аққайыңдары» драмасының қойылымы болады.
Драманың қоюшы-режиссері – Халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты – белгілі режиссер Қуандық Қасымов. Қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.
Драмада белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың кеңестік дәуірдің соңғы жылдарындағы қиын-қыстау тағдыр жолы баяндалады.
Уақытша шектеулерге байланысты сан жағынан 50-ге жуық көрермендердің қатысуымен өтеді. Барлық келушілер мен көрерменнің арнайы медициналық маска тағып келуі міндетті.

02 12 20 2

2 желтоқсан – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, белгілі сахна шебері, талантты актер, композитор МӘЛІК АҚҮРПЕКОВТІҢ  туған күні!
Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Мәлік Ақүрпековті туған күнімен құттықтай отырып,  зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке және зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры 1-желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай, белгілі жазушы-драматург Елен Әлімжанның "Төле би" драмасын онлайн форматта өнерсүйер қауым назарына ұсынады.

01 12 20 1

2011 жылдың желтоқсан айында Сенат «ҚР заңына толықтыру енгізу: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер» заңын қабылдап, 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні деп белгіледі.

Мереке құтты болсын!

Бүгін, 28 қараша – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының айтулы сахна шебері, талантты актриса ЗАРИНА АСАННЫҢ туған күні!
ЗАРИНА! Сенің туған күніңе арналған жүректен шыққан асыл тілектеріміз шексіз! Сенің өмірге, өнерге деген адалдығың мен махаббатың шексіз! Біз саған өмірдегі адамизат үшін керекті бар игі жақсылықтарды тілек қыламыз! Біз саған зор денсаулық, адами және отбасылық бақыт, өнеріңе шабыт-шалқар, мол шығармашылық табыс, жетістіктер тілейміз!

29 11 20 1

Бүгін, 28 қараша – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, талантты актер РУСЛАН ОРАЗАЛИЕВТІҢ туған күні!
РУСЛАН!
Туған күнгі басты тілек – денсаулық,
Денсаулық болса – сол байлық!
Қалған байлықтың бәрі-бәрі, сенде – бар!