Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

БҮГІН, 8 АҚПАН – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ

ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АРТИСІ,

БЕЛГІЛІ САХНА МАЙТАЛМАНЫ

НЕСІПКҮЛ ОМАРБЕКОВА АПАЙЫМЫЗДЫҢ ТУҒАН КҮНІ!

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан НЕСІПКҮЛ әпкені туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Омарбекова Несіпкүл Әлімқұлқызы1950 жылы 8 ақпанда Жамбыл облысы, Луговой ауданы, «Қызыл-шаруа» колхозында дүниеге келген.

1965-1968 жылдары Жамбыл мәдени-ағарту училищесінде оқып, актерлық өнер мамандығы бойынша арнаулы білім алған .

Несіпкүл Омарбекова Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 1971 жылдан бері актрисалық қызмет атқарып келеді. Осы елу жылға жуық уақыт аралығында киелі сахнада 100-ге жуық кейіпкерлер бейнесін сомдап, үлкен өнер мектебінен өтті.

Н.Омарбекова - пластикалық қимыл-қозғалысы ширақ, дауыс мәнері ашық, кез-келген кейіпкер образын сомдауға икем-қабілеті зор актриса.

Ол, соңғы жылдары театр репертуарындағы И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» сыған әйелі, И.Содиковтің «Әпендінің бес қатынында» Тотықұс, М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі дос» ертегісінде – Қой, Жаңа жылдық қойылымда – Мыстан, С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» комедия-фарсында - Мадина-Магдалина, Н.Оразалиннің «Қилы заманында», А.Бекбосынның «Домалақ енесінде», Ә.Әмзеұлының «Қор болған Қодар-айында» - көпшілік сахнасы рольдерінде және басқа да көптеген қойылымдарда өнер көрсетіп келеді.

Несіпкүл Омарбекова бірқатар көркемсюжетті және телефильмдерге де түсіп, киноактриса ретінде де танылған. Мәселен, «Евразия» кинокомпаниясы түсірген «Бақсы» фильмінде басты кейіпкер – Бақсы - Айдай ролін сомдап, осы ролі үшін, Ресей, Словакия, Австралия елдерінде өткен кинофестивальдардың «Ең үздік әйел образы» және «Үздік актриса» номинацияларына ие болған.

«Қара кемпір» атты қысқаметражды фильмде басты роль Қали апа ролін сомдаған.

Ол, әр жылдары Алматы, Мәскеу қалаларында актерлік шеберлігін шыңдау курстарында оқыған.

Н.Омарбекова театрдың Ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға белсенді ат салысуымен қатар, жас артистерді өнерге баулып, тәрбиелеуге де үлесін қосып келеді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында елу жылға жуық еңбек етіп келе жатқан сахна майталманы ҚР Мәдениет Қайраткері белгісімен, көптеген Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталған. Ұзақ жылдардан бері Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі.

НЕСІПКҮЛ ӘПКЕ, Сіздің өнер жолындағы ұзақ жылғы жемісті қызметіңіз – кейінгі жастарға зор үлгі-өнеге! Туған күніңізді әрдайым шығармашылық ортамызда мерекелей беріңіз!

ІЗГІ НИЕТПЕН, ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР:

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының

шығармашылық ұжымы, әріптестеріңіз!

7 ақпан күні Жамбыл облыстық қазақ драма театры Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Ғани Мұратбаев орта мектебінің оқушыларына «Ертегілер еліне саяхат» атты ертегісін көрсетті.

Ертегі оқиғасында тышқан, қабан, бостың достарын қаратүнек патшайымы Малефисента ұрлап әкеткендіктен, достары бірігіп құтқару үшін көмектеседі. Бұларға сиқырлы шамнан шыққан құлпері көмектесіп, Малефисентаның ұрланған қанаты қайтарылады. Оның тас боп қатқан жүрегі шуаққа бөленеді. Ертегі соңында барлығы достасып, болашақ ертегі әлеміне аттанады.

Ертегінің авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова.

2020 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫНЫҢ РЕПЕРТУАРЫ!!!

2020 жылдың 5, 7 ақпан күндері сағат: 12.00-де:
«Ертегілер еліне саяхат» атты ертегі болады.

2020 жылдың 5, 18 ақпан күндері сағат: 16.00-де:
Жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасының қойылымы болады.

2020 жылдың 17 ақпан күні сағат: 16.00-де:
Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» мелодрамасының қойылымы көрсетіледі.

2020 жылдың 20 ақпан күні сағат: 16.00-де:
С.Сматаев пен Т.Теменовтың «Көгілдір такси» мелодрамасының қойылымы болады.

5 ақпан күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Байзақ ауданы, Құмжата ауылы, Алтынсарин орта мектебінің оқушылары жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасының қойылымын тамашалады.

Көрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысады. Өнерсүйер қауым, сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тылсым тыныс-тіршілігімен, Әулиеата жерінің сакральды географиясымен танысуға да мүмкіндік алады.

Барша халық жақсы біледі. Тараз десе, көз алдымызға – Айша бибі мен Қарахан келеді. Ал, кейінгі жас ұрпақ, өкінішке орай, Айша бибі мен Қараханның махабаттағы тағдырлары – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек, Ақан сері-Ақтоқты, Қыз Жібек пен Төлеген сияқты өмірде шын болған тарихи, әдеби тұлғалармен көп ұқсас екендігін терең біле бермейді. Шығарма оқиғасында Қараханның және ол басқарып отырған мемлекеттің жаулары Айшаны өлтіру арқылы Қараханды мұқатпақ болған жаулық ой-пиғылдарын, ақыры орындап тынады. Айша бибі жау пиғылды сатқындар қолынан қаза табады.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы ДҮЙСЕНӘЛІ БЫҚЫБАЕВ мырза Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі, белгілі өнер майталманы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі АСҚАРБЕК СЕЙІЛХАНДЫ мәртебелі мерейлі жасымен құттықтап, ақжарма ақ тілегін жеткізді және актердің иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Аталған құттықтау шарасына Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты, профессор Тұңғышбай Әл-Тарази Жаманқұлов, театр директоры, белгілі жазушы-драматург Болат Бекжанов және бірқатар өнер ардагерлері де қатысып, олар да өз кезектерінде құттықтау тілектерін жеткізді.

5 ақпан күні Жамбыл облыстық қазақ драма театры №14 «Нурила» балабақша бүлдіршіндеріне «Ертегілер еліне саяхат» атты ертегісін көрсетті. Ертегі оқиғасында тышқан, қабан, бостың достарын қаратүнек патшайымы Малефисента ұрлап әкеткендіктен, достары бірігіп құтқару үшін көмектеседі. Бұларға сиқырлы шамнан шыққан құлпері көмектесіп, Малефисентаның ұрланған қанаты қайтарылады. Оның тас боп қатқан жүрегі шуаққа бөленеді. Ертегі соңында барлығы достасып, болашақ ертегі әлеміне аттанады.

Ертегінің авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры сахналаған С.Пірмановтің «Ертегілер еліне саяхат» ертегі-қойылымындағы Тимон мен Пумбаның сөздерін театр артистері Бексұлтан Әлекешов пен Руслан Оразалиевтің орындау сәті.

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Махаббат, қызық мол жылдар» поэтикалық композициясы

Инсценировка: Қуандық Қасымов

Режиссері: Анар Сағымбекова

Асқарбек ағамыз 1973 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік өнер институтын актер мамандығы бойынша үздікбітіріп, содан бергіжарты ғасырға жуық өмір белесінде мәдениет, өнер, руханият және білім беру саласында үздіксіз қызмет атқарып келеді.

Осы уақыт аралығында қатардағы актерлықтан театр директорына, тележурналистен облыстық телерадиокорпорациясының бас редакторлығы қызметіне дейінгі баспалдақтан өтіп, жемісті еңбек етті.

Соңғы жылдардың өзінде театр репертуарындағы: Б.Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанында – Айшаның әкесі Зеңгі баба, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» - Ақанның әкесі Қорамса, М.Байғұттың «Асқаровтың ақ қайыңдары» драмасында - түрме бастығы Полковник, Н.Оразалиннің «Қилы заманында» - базаршы Мосқал шал, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» - Кеңгірбай, А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - Ауыл қариясы, Б.Ұзақовтың «Жан дауасында» - Шал, Б.Есеналиевтің «Таң сыры» драма-элегиясында – Оразқұл, С.Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясында Қоянбай Жырықбаев образдарын сомдап келеді.

Бүгінде Жамбыл облыстық қазақ драма театрындағы актерлық қызметін үлкен абыроймен жалғастырумен бірге, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Өнер және мәдениет» кафедрасында аға оқытушы ретінде өнер жолына жас мамандар тәрбиелеп, ұлағаттыұстаздық жолға да еңбек сіңіріп отыр.

Сахнада сомдаған жүзге жуық басты және негізгі кейіпкерлердің образдарын қашанда бояуы қанық,сахналық сипаты анық, көркемдік-эстетикалық қуаты жоғары дәрежеде көрсете біліп, шебер сахнагер ретінде танылды. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Құнанбай» фильмінде Сарыбай бидің ролін, «Сиырдың сергелдеңі» телефильмінде Шал ролін және басқа да фильмдерде ойнап, киноактер ретінде де ерекшеленді.

Режиссура, драматургия, журналистика саласында да қолтаңбасы қалыптасқан білікті маман, бірнеше қойылымдардың қоюшы-режиссері, әлденеше драмалар мен публицистикалық туындылардың авторы. Облыс аудандарындағы халық театрларының шығармашылық жұмыстарын жақсартуға да қоюшы-режиссер ретінде көп еңбек сіңірді.

Осындай ерен еңбектері нәтижесіндеәр жылдары «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі» мәртебелі атағына, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін»белгісіне, басқа да көптеген марапаттарға ие болды.

АСҚАРБЕК АҒА

Сізге, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, құт-береке, шығармашылық жолыңызға зор табыстар тілейміз!

ІЗГІ НИЕТПЕН, ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР:

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының

шығармашылық ұжымы, әріптестеріңіз!

2020 жылдың 5, 18 ақпан күндері сағат: 16.00-де: Жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасының қойылымы болады.

<pКөрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысады. Өнерсүйер қауым, сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тылсым тыныс-тіршілігімен, Әулиеата жерінің сакральды географиясымен танысуға да мүмкіндік алады. Барша халық жақсы біледі. Тараз десе, көз алдымызға – Айша бибі мен Қарахан келеді. Ал, кейінгі жас ұрпақ, өкінішке орай, Айша бибі мен Қараханның махабаттағы тағдырлары – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек, Ақан сері-Ақтоқты, Қыз Жібек пен Төлеген сияқты өмірде шын болған тарихи, әдеби тұлғалармен көп ұқсас екендігін терең біле бермейді. Шығарма оқиғасында Қараханның және ол басқарып отырған мемлекеттің жаулары Айшаны өлтіру арқылы Қараханды мұқатпақ болған жаулық ой-пиғылдарын, ақыры орындап тынады. Айша бибі жау пиғылды сатқындар қолынан қаза табады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2020 жылдың 21 ақпан күні сағат: 18.30-да: Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» комедиясы болады.

«Беу, қыздар-ай!» - қазақ комедияларының ішіндегі классикалық шығарма деңгейіне жеткен туынды. Жастар арасындағы махаббат тақырыбы – ойнақы әзілмен өрілген шығарма. Оқиға барысында жас мамандардың өз еріктерімен ауылға жұмыс істеуге барып жатқаны да баяндалып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалуы да көрініс береді.

Комедияда сонымен қатар, қоғамымыздағы түйткілді мәселелердің бірі – жұмысбастылықпен уақтылы тұрмысқа шықпай жүрген қыздардың жайы да әдемі әзіл-әрекетпен көрініс табады.

Бірі – ақын, бірі – суретші, бірі – магистрант, ауыл үшін ауадай қажет үш мамандық иесі Көкдала ауылында тұратын айдай сұлу Айсұлу қызды іздеп сол ауылға келгенде, ұжымшар төрағасы Әбдіқадыр мен ауылдың учаскелік инспекторы, полиция майоры қатты қуанып, әлгілерге іздеген сұлуларына қол жеткізулері үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен осы ауылда қызмет істеп қалулары қажет екендігін ескертеді.

2020 жылдың 17 ақпан күні сағат: 16.00-де: Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» мелодрамасының қойылымы көрсетіледі.

Бұл мелодрама – Дәметкен атты көп балалы ананың қартайған шақты балаларынан опа көрмей, қайғы-мұң кешкен тағдырын баяндайды.

Спектакльдің негізгі идеясы: жас ұрпақты ата-ананың қадірін білуге, өмір бойы сыйлап, қадірлеп, құрметтеп өтуге, ағайындылар арасындағы татулыққа, бірлікке, ынтымаққа, жамандыққа бастайтын әдет-қылықтардан аулақ болуға үндейді.

Жамбыл-Тараз газетінің 2020 жылдың 22 қаңтар күнгі санында «Тоқпанов театры» атты мақала жарық көрді.

2020 жылдың 5, 7 ақпан күндері сағат: 12.00-де: «Ертегілер еліне саяхат» атты ертегі болады.

Ертегінің авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова.

2020 жылдың 24 қаңтар күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасының қойылымы болды. Көрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысады.

Өнерсүйер қауым, сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тылсым тыныс-тіршілігімен, Әулиеата жерінің сакральды географиясымен танысуға да мүмкіндік алады.

Барша халық жақсы біледі. Тараз десе, көз алдымызға – Айша бибі мен Қарахан келеді. Ал, кейінгі жас ұрпақ, өкінішке орай, Айша бибі мен Қараханның махабаттағы тағдырлары – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек, Ақан сері-Ақтоқты, Қыз Жібек пен Төлеген сияқты өмірде шын болған тарихи, әдеби тұлғалармен көп ұқсас екендігін терең біле бермейді.

Шығарма оқиғасында Қараханның және ол басқарып отырған мемлекеттің жаулары Айшаны өлтіру арқылы Қараханды мұқатпақ болған жаулық ой-пиғылдарын, ақыры орындап тынады. Айша бибі жау пиғылды сатқындар қолынан қаза табады.

Жазушы-драматург, ақын, сазгер Болат Бекжанов "Сегіз қыр" телебағдарламасында... (2020 жыл, 12 қаңтар)

23 қаңтар күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында «Ертегілер еліне саяхат» атты ертегі қойылымы болды.

Ертегі оқиғасында тышқан, қабан, бостың достарын қаратүнек патшайымы Малефисента ұрлап әкеткендіктен, достары бірігіп құтқару үшін көмектеседі. Бұларға сиқырлы шамнан шыққан құлпері көмектесіп, Малефисентаның ұрланған қанаты қайтарылады. Оның тас боп қатқан жүрегі шуаққа бөленеді. Ертегі соңында барлығы достасып, болашақ ертегі әлеміне аттанады.

Ертегінің авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 22 қаңтар күні сағат: 16.00-де Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» мелодрамасының қойылымы көрсетілді.

Бұл мелодрама – Дәметкен атты көп балалы ананың қартайған шақты балаларынан опа көрмей, қайғы-мұң кешкен тағдырын баяндайды. Спектакльдің негізгі идеясы: жас ұрпақты ата-ананың қадірін білуге, өмір бойы сыйлап, қадірлеп, құрметтеп өтуге, ағайындылар арасындағы татулыққа, бірлікке, ынтымаққа, жамандыққа бастайтын әдет-қылықтардан аулақ болуға үндейді.

22 қаңтар күні Жамбыл облыстық қазақ драма театры №30 мектепке көшпелі қойылыммен «Ертегілер еліне саяхат» атты ертегісін көрсетті. Ертегі оқиғасында тышқан, қабан, бостың достарын қаратүнек патшайымы Малефисента ұрлап әкеткендіктен, достары бірігіп құтқару үшін көмектеседі. Бұларға сиқырлы шамнан шыққан құлпері көмектесіп, Малефисентаның ұрланған қанаты қайтарылады. Оның тас боп қатқан жүрегі шуаққа бөленеді. Ертегі соңында барлығы достасып, болашақ ертегі әлеміне аттанады. Ертегінің авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова.

21 қаңтар күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында сағат: 12.00-де: «Ертегілер еліне саяхат» атты ертегі көрсетілді.

Ертегі оқиғасында тышқан, қабан, бостың достарын қаратүнек патшайымы Малефисента ұрлап әкеткендіктен, достары бірігіп құтқару үшін көмектеседі.

Бұларға сиқырлы шамнан шыққан құлпері көмектесіп, Малефисентаның ұрланған қанаты қайтарылады. Оның тас боп қатқан жүрегі шуаққа бөленеді. Ертегі соңында барлығы достасып, болашақ ертегі әлеміне аттанады.

Ертегінің авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова.