Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл-Тараз газетінің 2020 жылдың 15 қаңтар күнгі санында "Культура, спорт и молодежная политика", Ауыл-Аймақ газетінің 2020 жылдың 16 қаңтар күнгі санында"Ән әлемінің ӘБИІРБЕГІ" атты мақала жарық көрді.

БҮГІН, 20 ҚАҢТАР – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ

ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АРТИСІ,

БЕЛГІЛІ САХНА МАЙТАЛМАНЫ

ӘНАПИЯ АХМЕТ АҒАМЫЗДЫҢ ТУҒАН КҮНІ!

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан ӘНАПИЯ АҒАМЫЗДЫ туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Ахмет Әнәпия Төлегенұлы 1954 жылы 20 қаңтарда Қызылорда облысы Жаңақазалы ауылында дүниеге келген.

1976 жылы Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы Академиялық драма театры жанындағы 2 жылдық театр студиясын «Актерлық өнер» мамандығы бойынша бітірген.

1979-1990 жылдары аралығында Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы драма театрында актерлық қызмет атқарды.

1990 жылдан бері Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актер.

Әнапия ағамыз өнер жолындағы ізденісі мен талабының жемісі ретінде көптеген режиссерлердің назарына ілігіп, 30-дан аса әр жанрдағы спектакльдерде басты ролдерде ойнау мәртебесіне ие болған.

Ол тек қана соңғы жылдардың өзінде театр репертуарындағы:

- М.Шахановтың «Танакөз» драмасында - Қоғамбай;

- М.Байджиевтің«Тіл табысқандар» комедиясында - Мухамбет;

- И.Содиковтің «Әпендінің бес қатыны» комедиясында Гулям;

- О.Әубәкіров пен А.Наймантаевтың «Ңөң» комедиясында - Шал;

- У.Шекспирдің«Отелло» трагедиясында - 2-ші сенатор;

- Н.Оразалиннің «Қилы заман» драмасында - дәрігер Фонов;

- А.Бекбосынның «Домалақ ене» символикалық драмасында- ауыл қариясы;

- М.Байғұттың «Асқаровтың ақ қайыңдары» драмасында –қария;

- Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында» және т.б. бірқатар қойылымдарда көпшілік сахнасы рольдерінде ойнап көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп келе жатқан танымал актер.

- Сондай-ақ, «Жаңа жыл»қойылымдары аясындағы Шырша мерекесінде – Аяз ата, балаларға арналған ертегі қойылымдарда – қария адамдар бейнесін сомдап келеді.

Ол бірқатар спектакльдерде сомдаған рольдері үшін республикалық және халықаралық театр фестивальдерінде жүлделі орындарға ие болды.

Солардың бірі – Ахмет Әпапия 1999 жылыЖамбыл облыстық қазақ драма театры Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен «Ш.Айтматов және театр» атты Халықаралық театр фестиваліне Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Сократ түні» драмасымен республика театрлары атынын қатысқанда, ол сол фестивальдің «Ең үздік этюд» үшін номинациясы жүлдесіне ие болып, Халықаралық фестивальдің лауреаты атанды.

Әнапия Ахметтің ұлттық театр өнеріне сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің, өзінің туған жері - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің, Жамбыл облыстық кәсіподақ комитетінің, областық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, ҚР Театр қайраткерлері одағының, театр басшылығының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды.

2016 жылы театрдың 80 жылдық мерейтойына орай, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» белгісінің иегері атанды. Ол ұзақ жылдардан бері Қазақстан Республиткасы Театр қайраткерлері одағының мүшесі.

ӘНАПИЯ АҒА, Сіздің өнер жолындағы ұзақ жылғы жемісті қызметіңіз – кейінгі жастарға зор үлгі-өнеге! Туған күніңізді әрдайым шығармашылық ортамызда мерекелей беріңіз!

ІЗГІ НИЕТПЕН, ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР:

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының

шығармашылық ұжымы, әріптестеріңіз!

2020 жылдың 21, 23 қаңтар күндері сағат: 12.00-де: «Ертегілер еліне саяхат» атты ертегі болады. Ертегінің авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова.

18 ҚАҢТАР – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ 
ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АРТИСІ 
НАЗЫМ АҚЫЛОВАНЫҢ ТУҒАН КҮНІ!

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан НАЗЫМДЫ туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

АҚЫЛОВА Назым Болатқызы 1995 жылы 18 қаңтарда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. 2018 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша бітірген.

Назым Ақылова театрда қызмет істеген аз ғана уақыт аралығында бірнеше басты және негізгі кейіпкерлер бейнесін сомдап, өзін сахна өнеріне берік қалыптасқан талантты актриса ретінде танытты.

Назым Ақылованың көрермендерін мейлінше сүйсіндіре, сахна әлеміне ең алғаш жарқ етіп шыққан аса бір сәтті ролі - Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанындағы Айша сұлудың бейнесі болды. Ол, сондай-ақ, Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясындағы Ақбалтыр ролін де мейлінше тартымды етіп шығарып, театртанушылар мен көрермендер тарапынан әділ бағасын алды.

Назым Ақылованың соңғы кездері ойнаған рольдерінің бірқатарын атап өтсек, олар:

- Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясындағы Ақбалтыр ролі; 
- Елен Әлімжанның «Әйелдер бір іс бастады» комедиясындағы Аяжан ролі; 
- Байғали Есеналиевтің «Таң сыры» драма-элегиясындағы Қыз ролі; ойнады. 
- Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанындағы Айша бибі ролі; 
- Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясындағы Гүлзат ролі және тағы басқалар.

Ол, сондай-ақ, балаларға арналған ертегі қойылымдарда да берілген рольдерді үлкен жауапкершілікпен шебер сомдап келеді.

Н.Ақылова актерлік шеберлігін шыңдауда тұрақты ізденіс жасап жүретін еңбекқор, актерлік шеберлігін арттыруға ынта-қабілеті зор, өз міндетіндегі барлық тапсырмаларды орындауда біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мол өнер иесі. Аға буын өнер иелерін ұстаз тұтып, олардан актерлік техниканың әр алуан элементтерін үйренуден жалықпайды.

Театр басшылығы тарапынан бірнеше Алғыс хаттарға ие болған.

НАЗЫМ, сен сомдаған осынау тырнақалды рольдерің сенің театрдай сұлу өнерге қосқан алғашқы зор үлесің деп білеміз. 
Туған күнің құтты болсын! Біз сені жақсы көреміз!

ІЗГІ НИЕТПЕН, ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР: 
Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 
шығармашылық ұжымы, әріптестерің!

2020 жылдың 22 қаңтар күні сағат: 16.00-де: Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» мелодрамасының қойылымы көрсетіледі.

Бұл мелодрама – Дәметкен атты көп балалы ананың қартайған шақты балаларынан опа көрмей, қайғы-мұң кешкен тағдырын баяндайды. Спектакльдің негізгі идеясы: жас ұрпақты ата-ананың қадірін білуге, өмір бойы сыйлап, қадірлеп, құрметтеп өтуге, ағайындылар арасындағы татулыққа, бірлікке, ынтымаққа, жамандыққа бастайтын әдет-қылықтардан аулақ болуға үндейді.

2020 жылдың 22 қаңтар күні сағат: 16.00-де: Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» мелодрамасының қойылымы көрсетіледі.

Бұл мелодрама – Дәметкен атты көп балалы ананың қартайған шақты балаларынан опа көрмей, қайғы-мұң кешкен тағдырын баяндайды.

Спектакльдің негізгі идеясы: жас ұрпақты ата-ананың қадірін білуге, өмір бойы сыйлап, қадірлеп, құрметтеп өтуге, ағайындылар арасындағы татулыққа, бірлікке, ынтымаққа, жамандыққа бастайтын әдет-қылықтардан аулақ болуға үндейді.

Жамбыл облысының 80 жылдық мерекесі аясында Жамбыл облыстық қазақ драма театрына ұлттық кәсіби режиссураның негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер, көрнекті ұстаз, профессор, Қазақстанның халық артисі Асқар Тоқпановтың есімінің берілуі аясында - ОСЫ үлкен тұлғаға арналған ескерткіштің тұсаукесер салтанатынан үзінді.

2020 жылдың 24 қаңтар күні сағат: 16.00-де:

Жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасының қойылымы болады.

Көрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысады.

Өнерсүйер қауым, сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тылсым тыныс-тіршілігімен, Әулиеата жерінің сакральды географиясымен танысуға да мүмкіндік алады.

Барша халық жақсы біледі. Тараз десе, көз алдымызға – Айша бибі мен Қарахан келеді. Ал, кейінгі жас ұрпақ, өкінішке орай, Айша бибі мен Қараханның махабаттағы тағдырлары – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек, Ақан сері-Ақтоқты, Қыз Жібек пен Төлеген сияқты өмірде шын болған тарихи, әдеби тұлғалармен көп ұқсас екендігін терең біле бермейді.

Шығарма оқиғасында Қараханның және ол басқарып отырған мемлекеттің жаулары Айшаны өлтіру арқылы Қараханды мұқатпақ болған жаулық ой-пиғылдарын, ақыры орындап тынады. Айша бибі жау пиғылды сатқындар қолынан қаза табады.

2020 жылдың 21, 23 қаңтар күндері сағат: 12.00-де:

«Ертегілер еліне саяхат» атты ертегі қойылымы болады.

ЕРТЕГІ ОҚИҒАСЫНДА: Аяз Ата мен Ақшақар бастаған балалар 2020-шы Жаңа жылды және Жыл иесі – Тышқан-Тимонды қарсы алуға дайындық жасап жатады. 

Осы кезде Түнек патшайымы Малефисента бастаған құйын, дауыл, боран шақыратын қаскүнемдер тобы Аяз Ата мен Ақшақарды ұрлап әкетеді... Олар осылайша Жаңа жылдың қызықты өтуіне кедергі жасамақ болады. Алайда, Жаңа жылдың келуін асыға күтіп жүрген Аяз Ата мен Ақшақардың достары Түнек патшалығының озбырлықтарына қарсы күреске шығып, Аяз Ата мен Ақшақарды тұтқыннан босатып алады...;

Сөйтіп, Аяз Ата мен Ақшақар достарымен бірге Шырша мерекесіне келіп, Жаңа жылды ойын-сауық, думанмен қарсы алады...

Ертегі мен думанды қойылымның авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова.

2020 жылдың 21, 23 қаңтар күндері сағат: 12.00-де: 

«Ертегілер еліне саяхат»атты ертегі қойылымы болады.

2020 жылдың 22 қаңтар күні сағат: 16.00-де: 

Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» мелодрамасының қойылымы көрсетіледі.

2020 жылдың 24 қаңтар күні сағат: 16.00-де:

Жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасының қойылымы болады.

ТАЛАНТТЫ ЖАС АКТЕР, КИНОРЕЖИССЕР

ЕЛЖАН ЖАРМУХАМЕДОВ ӘРІПТЕСІМІЗДІ

ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ӘРІПТЕСІМІЗ, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі әрі жас кинорежиссер Жармухамедов Елжан Шермухамедұлы «ӘУЛИЕАТА ҮМІТІ» жастар сыйлығының «ЕҢ ҮЗДІК ТЕАТР ЖӘНЕ КИНО АКТЕРІ» номинациясын жеңіп алды!

ЖАРМУХАМЕДОВ ЕЛЖАН ШЕРМУХАМЕДҰЛЫ, Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2014 жылдан бері актерлық қызмет атқарып келеді.

Ол, осы уақыт аралығында театр репертуарындағы бірқатар қойылымдар мен балаларға арналған ертегілерде бекітілген басты рольдерді сомдап, актерлық шеберлігімен танылды.

Олардың ішінде, В.Шекспирдің «Отеллосында» - Родриго, Б.Жандарбековтің «Томирисінде» - Спаргапис, А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - Шахрух сұлтан, Д.Исабековтің «Кішкентай ауыл» драмасында – Мүтән, Н.Оразалиннің «Қилы заманында» - Урядник, С.Балғабаевтың «Қыз 20-ға тоғанында» - Ғайыпберген, Б.Ұзақовтың «Жан дауасында» - нашақор ұл, Ә.Әмзеұлының «Қор болған Қодар-айында!» - инспектор, Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегінде» - режиссердің ассистенті және Ержан ролі, Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында» - көпшілік сахнасында, А.Володиннің «Қос жебесінде» - көпшілік сахнасында, Ә.Файзуллаұлының «Алтын адамында» - Азат, М.Ақүрпековтің «Жақсы шәкіртінде» - Құмырсқа, М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досында» - Теке, С.Пірмановтің «Алтын жұмыртқасында» - Әтеш, және басқа да рольдерді сомдап, өз кейіпкерлерін жанды бейнелей алатын, актерлік шеберлігі толысып келе жатқан өнер иесі екендігін танытты.

Ол 2017 жылы 27 наурызда Халықаралық театр күні мерекесіне орай, С.Пірмановтің «Алтын жұмыртқасындағы» - Әтеш бейнесін асқан шеберлікпен бейнелеп шығарғаны үшін «Ең үздік ертегі кейіпкері» номинациясының жүлдегері дипломымен марапатталды.

Елжан Жармухамедов соңғы жылдары жас кинорежиссер ретінде де танылып, көрермендер назарына бірнеше фильмдер түсіріп ұсынды.

Олардың ішінде, Елжан Жармухамедовтің 2017 жылы түсірген «Ізбасар» атты қысқаметражды фильмі өнертанушылар тарапынан лайықты бағасын алып, облыстың мәдениет және өнер саласы басшылары оған толықметражды фильмдер түсіруге сенім артты.

Е.Жармухамедов 2018 жылы түсірген «Сағым» фильмі көрермендер мен кинотанушылар тарапынан лайықты бағасын алып, жас кинорежиссер Е.Жармухамедов осы еңбегі үшін облыстық кино орталығының арнайы сыйлығына ие болды.

Үстіміздегі 2019 жылы Е.Жармухамедов көрермендер назарына өзінің «Ақша» атты тағы бір кинотуындысын ұсынды.

Елжан Жармухамедов, бұлардан бөлек, он шақты қысқаметражды фильмдер, 40-қа жуық әлеуметтік тақырыптағы роликтер түсіріп, осы салада да ерекше еңбектерімен танылды.

Ол, сондай-ақ, киноактер ретінде режиссер Д.Еркебаевтың «Үміт» атты фильмінде басты рольдердің бірін сомдады, оннан аса әлеуметтік роликтерге актер ретінде түсіп, тақырыпқа сай өнер көрсетті.

Сондай-ақ, «Таң» телеарнасы түсірген «Все нештяк» сериалында полиция инспекорының ролін ойнады.

Елжан Жармухамедов жас та болса, ерен еңбектерімен танылып, театр және кино саласының дамуына зор еңбек сіңіріп келе жатқан талантты өнер иесі.

Өнер биігінде шарықтай бер, ЕЛЖАН! Біз саған сенеміз!

ІЗГІ НИЕТПЕН: Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің...

Келе жатқан 2020 Жаңа жыл мерекелеріңізбен!!!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпы ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры 28 желтоқсанға белгіленген балаларға арналған Жаңа жылдық «Ертегілер еліне саяхат» атты думанды қойылымдарын 29 желтоқсан күнінің сол күнгі көрсетілген уақыттарына ауыстырғанын хабарлайды.

Театр әкімшілігі

26 желтоқсан күні Жамбыл облыстық қазақ драма театры Байзақ ауданындағы «Бурыл» мектебіндегі оқушыларға «Ертегілер еліне саяхат» атты жаңа жылды қарсы алуға арналған ертегі және думанды қойылымын көрсетті.

ЕРТЕГІ ОҚИҒАСЫНДА: Аяз Ата мен Ақшақар бастаған балалар 2020-шы Жаңа жылды және Жыл иесі – Тышқан-Тимонды қарсы алуға дайындық жасап жатады.

Осы кезде Түнек патшайымы Малефисента бастаған құйын, дауыл, боран шақыратын қаскүнемдер тобы Аяз Ата мен Ақшақарды ұрлап әкетеді... Олар осылайша Жаңа жылдың қызықты өтуіне кедергі жасамақ болады. Алайда, Жаңа жылдың келуін асыға күтіп жүрген Аяз Ата мен Ақшақардың достары Түнек патшалығының озбырлықтарына қарсы күреске шығып, Аяз Ата мен Ақшақарды тұтқыннан босатып алады...

Сөйтіп, Аяз Ата мен Ақшақар достарымен бірге Шырша мерекесіне келіп, Жаңа жылды ойын-сауық, думанмен қарсы алады...

Ертегі мен думанды қойылымның авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры балалар мен жасөспірімдерге арналған Жаңа жылдық қойылымдарды көрсетті.

ЕРТЕГІ ОҚИҒАСЫНДА: Аяз Ата мен Ақшақар бастаған балалар 2020-шы Жаңа жылды және Жыл иесі – Тышқан-Тимонды қарсы алуға дайындық жасап жатады.

Осы кезде Түнек патшайымы Малефисента бастаған құйын, дауыл, боран шақыратын қаскүнемдер тобы Аяз Ата мен Ақшақарды ұрлап әкетеді... Олар осылайша Жаңа жылдың қызықты өтуіне кедергі жасамақ болады. Алайда, Жаңа жылдың келуін асыға күтіп жүрген Аяз Ата мен Ақшақардың достары Түнек патшалығының озбырлықтарына қарсы күреске шығып, Аяз Ата мен Ақшақарды тұтқыннан босатып алады...

Сөйтіп, Аяз Ата мен Ақшақар достарымен бірге Шырша мерекесіне келіп, Жаңа жылды ойын-сауық, думанмен қарсы алады...

Ертегі мен думанды қойылымның авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова.

Жамбыл облысының 80 жылдық мерекесі аясында Жамбыл облыстық қазақ драма театрына ұлттық кәсіби режиссураның негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер, көрнекті ұстаз, профессор, Қазақстанның халық артисі Асқар Тоқпановтың есімінің берілуіне орай - ОСЫ үлкен тұлғаға арналған ескерткіштің тұсаукесер салтанаты өтті.

ЕСКЕРТКІШТІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА облыс басшылығы мен қала жұртшылығы, республиканың түкпір-түкпірінен арнайы шақырылған қонақтар, сондай-ақ, А.Тоқпановтың өз кіндігінен тараған ұрпақтары: ұл-қыздары, немере-шөберелері келіп қатысты.

КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстанның халық артисі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Есмұхан Обаевтар жамылғыны шешіп, ескерткішті ашты.

Жамбыл облысы жұртшылығы атынан: облыс әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлы мен облыстық мәслихаттың хатшысы Қарашолақов Бағлан Жиенәліұлы ЕСКЕРТКІШКЕ гүл шоғын қойды.

Зиялы қауымның атынан Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов және Есмұхан Обаевтар да гүл шоқтарын қойды.

Осы мереке аясында Асқар Тоқпановтың шығармашылық өмір жолы мен шәкірттерінің, замандастарының естелік-лебіздерінен тұратын шығармаларды қамти отырып, Алматы қаласындағы «Нұрлы Әлем» баспасынан жаңа шығарылған «ТОҚПАНОВ ТҰЛҒАСЫ» атты КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ өткізілді.

Мерекеге келген қонақтар театр фойесіне жаңа дайындалып қойылған Асқар Тоқпановтың шығармашылық, отбасылық өмірінен деректер беретін ФОТО-СТЕНДТЕРМЕН танысты.

Мереке қонақтарының назарына арнайы дайындалған «ТОҚПАНОВ ТАҒДЫРЫ» атты ДОКУМЕНТАЛЬДІ ФИЛЬМ ұсынылды.

Содан соң, қонақтар Тоқпановтың өзі бас режиссерлік қызмет атқарып, «Тоқпанов мектебін» қалыптастырған өнер ұжымы – Жамбыл облыстық қазақ драма театрының жаңа дайындаған қойылымы – Б.Бекжановтың «АЙША БИБІ» махаббат дастанын тамашалады.

Шара барысында қонақтар театрда жаңа дайындалып ілінген, А.Тоқпановтан бастап, театр өнеріне ерекше еңбек сіңірген көрнекті өнер қайраткерлерінің бояумен қолдан салынған ПОРТРЕТТЕРІМЕН танысты.

Сондай-ақ, мерекеге жиналған көпшілік қауым мен қонақтар ОСЫ МЕРЕКЕГЕ АРНАЙЫ ШАҚЫРЫЛҒАН ТОҚПАНОВТЫҢ ҰРПАҚТАРЫМЕН танысты.

Көпшілік қауым, сондай-ақ, Асқар Тоқпановтың ескерткішін жасап, орнатуға ДЕМЕУШІЛІК КӨРСЕТКЕН КӘСІПКЕР АЗАМАТТАРМЕН де танысты.

Мереке шаралары аясындаАсқар Тоқпановтың ұрпақтарына, шәкірттеріне, арнайы шақырылған қонақтарға, демеушілерге СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ, жекелеген тұлғаларды МАРАПАТТАУ рәсімдері де өткізілді.

Осы атқарылған іс-шаралардың бәрі де - Ұлы даланың ұлы есімдерін, халқымыздың өшпес рухани құндылықтарын, Тоқпанов еңбектерін ел есінде, жас ұрпақ жадында мәңгілікке қалдыруда үлкен танымдық үлгі, ұлағат болғаны сөзсіз.

Осы іс-шараға келген қонақтар мен жалпы жұртшылық қауым ұлттық кәсіби режиссураның негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер, көрнекті ұстаз, профессор, Қазақстанның халық артисі Асқар Тоқпановтың есімін мәңгілік есте қалдыруға бағытталған игі істердің жүзеге асырылуына тікелей ұйтқы болған Жамбыл облысының әкімі АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВКЕ және ұлы тұлға ТОҚПАНОВ ЕСКЕРТКІШІНІҢ бой көтеруіне демеушілік көмек көрсеткен кәсіпкер азамат «SUPER PHARM» ЖШС директоры Қаймолдаев Қайрат Әмірханұлына және Қаймолдаұлы Әмірхан балаларына АЛҒЫС сезімдерін жеткізді.

24 желтоқсан күні Жамбыл облыстық қазақ драма театры №44 орта мектептің оқушыларына «Ертегілер еліне саяхат» атты Жаңа жылдық думанды қойылымды сахналады.

ЕРТЕГІ ОҚИҒАСЫНДА: Аяз Ата мен Ақшақар бастаған балалар 2020-шы Жаңа жылды және Жыл иесі – Тышқан-Тимонды қарсы алуға дайындық жасап жатады.

Осы кезде Түнек патшайымы Малефисента бастаған құйын, дауыл, боран шақыратын қаскүнемдер тобы Аяз Ата мен Ақшақарды ұрлап әкетеді... Олар осылайша Жаңа жылдың қызықты өтуіне кедергі жасамақ болады. Алайда, Жаңа жылдың келуін асыға күтіп жүрген Аяз Ата мен Ақшақардың достары Түнек патшалығының озбырлықтарына қарсы күреске шығып, Аяз Ата мен Ақшақарды тұтқыннан босатып алады...

Сөйтіп, Аяз Ата мен Ақшақар достарымен бірге Шырша мерекесіне келіп, Жаңа жылды ойын-сауық, думанмен қарсы алады...

Ертегі мен думанды қойылымның авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова.

24 желтоқсан күні Жамбыл облыстық қазақ драма театры Байзақ ауданындағы «Бурыл» мектебіндегі оқушыларға «Ертегілер еліне саяхат» атты жаңа жылды қарсы алуға арналған ертегі және думанды қойылымын көрсетті.

ЕРТЕГІ ОҚИҒАСЫНДА: Аяз Ата мен Ақшақар бастаған балалар 2020-шы Жаңа жылды және Жыл иесі – Тышқан-Тимонды қарсы алуға дайындық жасап жатады.

Осы кезде Түнек патшайымы Малефисента бастаған құйын, дауыл, боран шақыратын қаскүнемдер тобы Аяз Ата мен Ақшақарды ұрлап әкетеді... Олар осылайша Жаңа жылдың қызықты өтуіне кедергі жасамақ болады. Алайда, Жаңа жылдың келуін асыға күтіп жүрген Аяз Ата мен Ақшақардың достары Түнек патшалығының озбырлықтарына қарсы күреске шығып, Аяз Ата мен Ақшақарды тұтқыннан босатып алады...

Сөйтіп, Аяз Ата мен Ақшақар достарымен бірге Шырша мерекесіне келіп, Жаңа жылды ойын-сауық, думанмен қарсы алады...

Ертегі мен думанды қойылымның авторлары, театрдың белгілі өнер майталмандары - Сантөре Пірманов пен Анар Сағымбекова.

ӘРІПТЕСІМІЗ, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, талантты актер ЖҮНІС ӘЛІМБЕКОВТІ ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан ЖҮКЕҢДІ туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке және зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Әлімбеков Жүніс Нұрғазыұлы 1961 жылы 22 желтоқсанда Жамбыл облысы Луговой (қазіргі Т.Рысқұлов) ауданына қарасты «Қазақ» ауылында дүниеге келген.1985 жылы Алматы мемлекеттік көркемсурет-театр институтын «Кино және драма актері» мамандығы бойынша тамамдаған.

Ж.Әлімбеков 1985 жылдан Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актерлік қызметін үздіксіз атқарып келеді.

Ж.Әлімбеков сахнада өзін еркін сезіне білуімен, сезімталдылығымен, талғампаздылығымен, ой-қиялының жүйріктілігімен жоғары актерлық шеберлігін танытып келе жатқан кейіпкержанды актер. Ол барлық жанрлардағы бейнелерді сомдауға актерлық шеберлік әлеуеті жететін, күш-қабілеті, қимыл-әрекеті мол өнер иесі. Театрдың әр жылдардағы репертуары бойынша 70-тен аса басты рольдерді сомдап келе жатқан көшбасшы актерлардың бірі болып табылады.

Соңғы жылдары театр репертуарындағы М.Байғұттың «Асқаровтың аққайыдары» драмасында – Асанбай Асқаров, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысындағы» - Хазірет, «Қозы көрпеш-Баян сұлуындағы» - Жантық, «Қыз-Жібектегі» - Жыршы, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» - Сыбанқұл, Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтар» тарихи драмасында басты рольдердің бірі – Жәнібек хан, Д.Исабековтің «Пері мен періштесіндегі» - Құлахмет, М.Байжиевтің «Құдаларындағы» - Күрішбек, С.Сматаев пен Т.Теменовтің «Көгілдір таксиінде» - Қайыржан және басқа да, барлық тапсырылған рольдерді асқан шеберлікпен сомдап, өзінен кейінгі жас толқын актерларға ерінбей ұстаздық етіп, актерлық өнерге шыңдауда.

ЖҮНІС ӘЛІМБЕКОВ С.Сейфуллиннің 100 жылдығына орай Жезқазған қаласында өткен Республикалық театр фестивальінде Т.Дүйсенбаевтың «Желтоқсан жаңғырығы» спектаклінде желтоқсан құрбаны, «Халық қахарманы» Қайрат Рысқұлбековтың бейнесін өте шебер сомдағаны үшін фестиваль лауреаты атанды.

2005 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен ҚР мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік қорының «Мәдениет қайраткері» белгісімен және 2013 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2018 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, 2019 жылы «Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы» медалімен марапатталды.

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, арнайы сахналанған Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтар» тарихи драмасында басты рольдердің бірі – Жәнібек ханның бейнесін өте сәтті шығарып, көрермендер мен театртанушылар тарапынан лайықты бағасын алды және хандық тойын ұйымдастырушылардың Алғыс хатына ие болды.

Жүніс Әлімбеков, сондай-ақ, бірнеше фильмдерге түсіп, өзін шебер киноактер ретінде де танытқан өнер иесі.

ІЗГІ НИЕТПЕН: Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің!

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА
«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ...» АТТЫ ЕРТЕГІ
ЖӘНЕ ДУМАНДЫ ҚОЙЫЛЫМ БОЛДЫ

23 желтоқсан күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында«Ертегілер еліне саяхат» атты Жаңа жылдық думанды қойылым сахналанды.