Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

21 10 20 01

2020 жылдың 29-30 қазан күндері, сағат 16.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында – У.Шекспирдің «ГАМЛЕТ» трагедиясының қойылымы болады. Коронавирус індетінің әлі де толастамай отыруына байланысты сан жағынан шектеулі ғана, 50-ге жуық көрермендердің қатысуымен өтеді. Барлық келушілер мен көрерменнің арнайы медициналық маска тағып келуі міндетті.
Қойылымның қоюшы – режиссері, белгілі актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өнертану кандидаты, профессор Тұңғышбай әл-Тарази.

21 10 20 3

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 2020 жылғы жаңа қойылымдарының бірі – Уильям Шекспирдің «ГАМЛЕТ» пьесасы бойынша белгілі режиссер, ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов дайындаған спектакльдің премьерасы 16 қазан күні театрдың үлкен сахнасында көрсетіліп, ол туралы талдау мақала «Знамя Труда» газетінің 2020 ж. 20 қазан күнгі № 121 (18872) санында «ОБ ИСТИНЕ, О ЖИЗНИ, О СУДЬБЕ» атты тақырыппен жарық көрді.
Мақала авторы – журналист Лариса ГУБАШЕВА.
Фототілші – Юрий КИМ.

Впервые на жамбылской сцене — «Гамлет» на казахском языке
В Жамбылском областном казахском драматическом театре имени А. Токпанова 16 октября с успехом прошла премьера спектакля «Гамлет» по одноименной пьесе Уильяма Шекспира. Режиссером-постановщиком является Народный артист Республики Казахстан, лауреат Государственной премии, кандидат искусствоведения, профессор Тунгышбай аль-Тарази Жаманкулов.

21 10 20 2

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 2020 жылғы жаңа қойылымдарының бірі – Уильям Шекспирдің «ГАМЛЕТ» пьесасы бойынша белгілі режиссер, ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов дайындаған спектакльдің премьерасы 16 қазан күні театрдың үлкен сахнасында көрсетіліп, ол туралы талдау мақала «АҚ ЖОЛ» газетінің 2020 ж. 19 қазан күнгі № 122 (18919) санында «ТҰҢҒЫШБАЙ ӘЛ-ТАРАЗИДЫҢ ГАМЛЕТІ КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ» атты тақырыппен жарық көрді.

20 10 20 21

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының кіші сахнасында қазіргі кездегі коронавирус пандемиясының қауіптері сейілмей отыруына байланысты, барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, Тараз қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен рұқсат етілген 50 адамнан аспайтын көрермен арнайы маскамен келу тәртібімен 20 қазан күні С.Пірмановтің «Ақ күшіктің туған күні» атты ертегі-қойылымы сахналанды.

19 10 20 8

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның сахналық бейнесін сомдаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Асқарбек Сейілханмен «Абай болып ой кештім» атты онлайн кездесу өткізді.

16 қазан күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 2020 жылғы жаңа қойылымдарының бірі – У.Шекспирдің «ГАМЛЕТ» трагедиясың премьерасы коронавирус індетінің әлі де толастамай отыруына байланысты, сан жағынан шектеулі, 50-ге жуық қана көрермендердің қатысуымен және олардың  міндетті түрде медициналық маска тағып келу тәртібімен  өтті. 
Жаңа қойылымның қоюшы – режиссері, белгілі актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өнертану кандидаты, профессор  Тұңғышбай әл-Тарази.
Қоюшы суретшісі – театрдың бас суретшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.

15 10 20 1

2020 жылдың 16 қазаны, жұма күні сағат 16.00-де Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 2020 жылғы жаңа қойылымдарының бірі – У.Шекспирдің «ГАМЛЕТ» трагедиясының премьерасы коронавирус індетінің әлі де толастамай отыруына байланысты БАҚ өкілдері мен сан жағынан шектеулі ғана, 50-ге жуық көрермендердің қатысуымен өтеді. 
Жаңа қойылымның қоюшы – режиссері, белгілі актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өнертану кандидаты, профессор  Тұңғышбай әл-Тарази.

12 10 20 11

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан Кенен Ақүрпековті  туған күнімен құттықтай отырып,  зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке және зор шығармашылық табыстар тілейміз!
Белгілі театр және кино актері Ақүрпеков Кенен Сәкенұлы, 1981 жылы 12 қазанда Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылында дүниеге келген.
2003 жылы Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясын «Актер өнері» мамандығы бойынша бітірген.
К.Ақүрпеков театр және кино актері ретінде  өнерсүйер қауымға  сахнадағы және кинофильмдердегі ондаған айтулы рольдерімен танылған талантты өнер иесі. Ол  Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» белгісінің иегері.

12 10 20 1

10 қазан - Қазақстан Кәсіподақтар күніне орай белсенді өмірлік ұстанымдары мен ұйымдастырушылық қабілеттері үшін Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының қызметкерлері - Мұстафаева Индира, Сатыбалдиева Гүлшат, Сатыбалдиева Айжан, Сапаралиев Дәулет, Турманов Ғалымжан Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаевтың Құрмет грамотасы мен театр басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының ұжымы шын жүректен құттықтайды!

06 10 20 1 

Бүгін сағат 11:00-де ZOOM веб-платформасында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен «АБАЙ ТЕАТР САХНАСЫНДА» атты онлайн-конференция өтті.
Конференция М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұстаздары, студенттері мен Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артистері арасында болды.

30 қыркүйек күні, сағат 18:00-де, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 85-ші маусымының шымылдығы жазушы-драматург Б.Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны спектаклімен ашылады.

29 09 2020 1

🎥ВИДЕО ТЕАТР АРХИВІНЕН!

✍Авторы: Г.Горин
🎭Режиссері: А.Файзулина
🖼Суретшісі: Р.Сапаралиева

28 09 2020 1

Ақжол газеті.
Сұхбаттасқан Есет ДОСАЛЫ

Бүгінгі қонағымыз – А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Нұрсифат Салықова.

24 09 2020 2

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры «Ұлық Ұлыс» - Алтын Орданың даңқты мемлекеттік қайраткері «Едіге батыр» жырын жатқа айту байқауын жариялайды.